Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қарым - қатынас
Презентация қосу
Кәсіптік шеберлік
құрылымындағы
педагогикалық қарым-
қатынас
Жоспары:
Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың
1 кәсіби іс-әрекетіндегі компонент ретінде
2 Педагогикалық қарым –қатынас қызметі мен түрлері
Мақсаты :
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық қарым-қатынас
түрлерімен ,ерекшеліктерімен таныстыру,
коммуникативтік іскерліктерін дамытуға жағдай
жасау.
Педагогикалық қарым-қатынас
туралы түсінік
• Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат алмасады,
тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға
тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болады.
Сондықтан қарым-қатынасты адамның әлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі
факторларының бірі деуге де болады. Олай болса қарым-қатынас - айнала қоршаған
дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы.
• Жалпы ойланып қарасақ қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде
де көп жетктіктерге жете алады, жұмысында да беделі, абыройы жоғары болып
қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленеді.
• Шығыстың эл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары қарым-қатынас
ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара әрекетке аса зор мән берген.
Жүсіп Баласағұнның тәлім-тәрбиелік ойларға толы «Қүтадғу білік (Құтты білік)» атты
дастанында адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі
туралы өте әсерлі баяндалады. Мысалы, осы дастанында жазылған: «Сөзіңді ізгі сөй.ле,
өлсең де өлгісіз», «Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз», «Қадірлісі — тіліне ұят сіңгендер,
жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің тәрбиелік мәні кандай адамның
болмасын жүрегіне жағымды, санасына сіңімді екені анық.
• Соңғы жылдары қарым-қатынас мәселесі көп ғылымдардың зерттеу пәніне айналды.
Онымен философтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, экономистер,
саясаттанушылар, заңгерлер, психологтар мен педагогтар, менеджерлер тығыз
айналысуда. Әр ғылым бұл феноменді өз мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан
зерттеу үстінде.
Педагогикалық қарым-қатынас
туралы түсінік
• Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдар қарым-қатынастьң түрлі аспектілерін
жан-жақты қарастыруда. Бұл феноменнің философиялық негіздері ретінде
B.C. Библердің, М.М. Бахтиннің, М.С. Коганның, Ж.М. Абдильдиннің, Қ.А.
Абишевтің, Ш. Қасабековтың және тағы басқа ғалымдардың құнды
еңбектерін атауға болады. Жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас
мүмкіндіктері Б.Г. Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгілі
ғалымдармен зерттелген.
• Ал педагогикалық ғылымдар саласында қарым-қатынас мәселелері А. А.
Леонтьсвтің, А. А. Бодалевтің, А.В. Мудриктің, В. А. Кан-Каликтің, Н.Е.
Щуркованың, А.И. Щербакованың, В.А. Сухомлинскийдің, Ш.А. Амонашвилидің,
С.Л. Соловейчиктің, А.Б. Добровичтің, И.А. Зимняяның, Я.Л. Коломинскийдің,
А.А. Реанның т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
• Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны өте жоғары,
себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып
табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру дамыту
қалыптастыру процестерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін
емес.
Педагогикалық қарым-қатынас
туралы түсінік
• Педагог мамандығына байланысты кәсіби-педагогикалъқ қарым-қатынас ұғымы қолданылады.
Жәй қарапайым күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас пен кәсіби-педагогикалық қарым-
қатынастың айырмашылығы өте көп. Мысалы, адам өзінің жақын танысымен кездесіп қалып
бір мәселе жайлы сөйлесіп тұрса ол жәй тұрмыстьтқ қарым-қатынас болады. Егер мұғалім
балалар алдында сабақ беріп тұрса - бұ_л мүлде басқа қарым-қатынас. Екінші жағдайда мұғалім
қарым-қатынасты оқушылар ұжымымен арнайы күнтізбелік жоспардағы бір тақырыпқа
байланысты сабақ жоспары бойынша ойластырып ұйымдастырады.
• Тағы бір ескеретін жағдай адамдардың өздеріне жақын адамдармен әңгімелесулері қызықтырақ
болып, ал бейтаныс адаммен тез әңгімелесіп кетудің оңай еместігі. Ал жас мұғалім үшін өзіне
таныс емес балалар сыныбына келгенде олармен қарым-қатынасты дұрыс орнату тіпті
қиынырақ болуы мүмкін. Сондықтан балалар аудиториясын жақсы біліп, жақсы танып, жақсы
көру арқылы ғана педагогикалық қарым-қатынастың табысты нәтижесіне қол жеткізуге
болады. Осыған орай белгілі педагогВ.А.Сухомлинскийдің:«Гәрбмегй/ өнері ең алдымен сөйлеу
өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді» деген сөздерін есте сақтаған жөн. Әрине,
бұндай өнерді меңгеру үшін тартынбай талаптану, ерінбей еңбектену керек.
• В.А.Сластенин педагогикальқ қарым-қатынас деп педагог пен оқушылардың арасындағы өзара
әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатып дамытуды,
өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі процесін атайды.
Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөль атқарады, себебі ол баламен болатын
қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ада көптеген педагогикалық міндеттерді
анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарьн іздестіреді. Қарым-қатынасқа
байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.
Педагогикалық қарым-қатынас
туралы түсінік
• В.А.Кан-Каликтың зерттеуінше педагогикалық қарым-қатынастың
өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатылар бойынша іске
асырылады.
• 1. Сабақты не іс-шараны өткізуге Дайындалу процесінде болатын
қарым-қатынасты жобалау сатысы {жоспаp құру, қарым-қатынастың
моделін құру);
• 2. Қарым-қатынасты тікелей ұштастыру сатысы (қарым-
қатынастың алғашқы кезеңі, «коммуникативтік шабуыл» жасау).
• 3. Қарым-қатынасты басқару сатысы (оқушылардың танымдық
іс-әрекеттерін басқару, ойларын жвтектеу, іс-әрекет түрлерін
• ауыстырып отыру қарым-қатынасқа бөгет болып тұргған
психологиялық кедергілерді азайту).
• 4. Педагогикалық қарым-қатынастың барысын
және нәтижелерін талдаусатысы (қорытынды сатысы, кері байланыс
арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың
тигімділік деңгейін анықтау).
Педагогикалық қарым-қатыныс
түрлері.
• Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан-алуан
түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастар
мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады:
• 1. Вербальды қарым-қатынас.
• 2.Вербальсыз қарым-катынас.
• 3. Интерактивті қарым-қатынас.
• 4. Перцептивті қарым-қатынас.
Вербальды қарым-
қатынас.
• Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар
арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса
маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы. Сөздің қадірін
халық даналығында сақталған мынандай мақалдармен атап көрсетуге болады:
«Өнер алды қызыл тіл»,
«Жақсы сөз -жай азыгы»,
«Жақсы сөз - жарым ырыс»,
«Жанды жаралайтында сөз, емдейтін де сөз»,
«Айтыған сөз, атылган оц»,
«Білетініңді айта берме, бірақ не айтатыныңды біл» т.б.
• Адамның сөйлеу шеберлігі арқылы оның дүниетанымының кеңдігін, ақылдылығын,
мәдениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінезін де байқауға болады. Сондықтан көптеген
адамдардың сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігі олардың осал жерлері болып табылады.
• Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты.
Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мазмұны бар. Қарым-қатынасқа
қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде (қазақ,,
агылшын, орыс т.с.с.) сөйлесулері керек. Сонымен қатар әрбір айтылған сөз ұғынықты,
анық, әсерлі болуы маңызды. Сөздің қысқа да нұсқа болғаны дұрыс себебі әр адамның үлкен
көлемді ақпаратты кабылдауънда, оны меңгеріп санасына сіңіруінде өзіндік ерекшеліктері
болады.
Вербальды қарым-қатынас түрлері.
• Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан
екінші бір адамға жеткізу процессі (мұғалім және жеке
бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).
• Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір
топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып
оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
Вербальсыз қарым-катынас.
• Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-
қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге
қарағанда адам көру арқылы көбірек ақпарат алады екен.
• Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да
қатысып тұратыны белгілі. Қарым-катынас барысында
адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі
арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге болады.
Халықта «Көз - адам жанының айнасы»- деп тегін
айтылмаған. Қоршаған дүние туралы ақпараттың 80% адам
көру арқылы ала алады. Сөйлесу барысында адамның көзін
көріп тұрмасақ бізге әңгімемізді жалғастыру қиынырақ.
Мысалы сіздің әңгімелесушіңіз көзіне қап-қара көзілдірік киіп
отырса сіз оның көзін көрмегендіктен бір ыңғайсыздықты
сезінесіз.
Интерактивті қарым-қатынас
• Интерактивті қарым-қатынас адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз
байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады.
Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды,
оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға
тиімді, қолайлы жағдай жасалуы көзделеді.
• Өзара әрекеттесу барысында тұлға аралық қатынастардың бекуі, өзара түсінісуі,
көпшілік арасында адамның жеке қабілеттерін таныта алуы маңызды. Барлық
ұжымдарда аса беделді мүшелері болады, бірақ оған қарамастан оқушылардың
барлығының белсенділігін арттыруға мұғалім колайлы жағдай жасауды көздейді. Өзара
қарым-қатынастары бекіген, ауызбіршіліктері бар ұжым өте ұйымшыл больтп келеді,
және әрқашан да бірі бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге бейімделеді.
• ¥жым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының
қалыптасуы симпатия деген ұғыммен анықталады. Ал антипатия - бір адамньң басқа
адамға теріс көзқараста болуы, жақтырмауы.
• Әр адамға топ ішінде, ұжым ішінде жұмыс істегендіктен басқаларға үнемі жақсылық
жасау, бір-біріне деген сенімділік, түсінушілік, сыйластық орнатуға үйрену керек.
• Осындай қарым-қатынасқа балаларды мектеп жасынан бейімдеу үшін мұғалім
сыныптағы оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін
жете зерттеп оны ұйымдастыра алуы керек, Әрқашанда балалардың жақсы жақтарына,
оң қылықтарына көп көңіл бөлініп, көпшілік алдында оқушының жағымды қасиеттері
бағаланып отырса, ондай бала басқаларға үлгі көрсете отырып одан әрі жақсы
жетістіктерге жетуге ынталанады.
• Интерактивті қарым-қатынастың негізгі ерекшелігінің бірі ретінде оның бір
топтағы адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін
қарастыруға болады. Яғни, бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі
маңызды болып көрінеді. Интерактивті қарым-қатынастың екі түрі болады:
• 1) Кооперация - топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ
мақсатқа жетуді көздейді.
• 2) Конкуренция - топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі біріней
озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске
бармайтындай қылып ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.
• Интерактивті қарым-қатьнасты ұйымдастырудың мақсаты -адамдар
арасындағы қарым-қатынас құлықтарын жақсарту. Ал қарым-қатынастар
тек жақсылық жасау арқылы жаксарады, сондыктан топ_ ішінде өзара
көмек, өзара сыйластық, өзара қолдау, өзара түсіністік
• сияқты ізгі әрекеттердің көп орындалуы табысты нәтижеге жетудің кепілі.
• Бұл қатынастарды дұрыс басқара алу үшін мұғалім оқушылар ұжымының
құрылымын, даму сатылары мен ерекшеліктерін терең зерттеп, олардың
темперамент типтерін (меланхолик, сангвинник, холерик, флегматик)
жетік білгені абзал.
Перцептивті қарым-қатынас.
• Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау,
сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция - сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды
өңдеу мен танудьң, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан
дүниесін түсіну күрделі процесс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда
байқалады. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуі эмпатия деп
аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-катынаста эмпатия арқылы балалардың
тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия -
мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесн сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан
байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылармен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің,
шиеленіс жағдайлардан тиімді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді.
• Ал адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайлы өзін талдап
бағалауы рефлексия деп аталады. Адамның «Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай
қабылдайды екен?» деген сұрақтарға жауап іздеуі рефлексиялық процесс болып табылады.
• Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін окушылардың психофизиологиялық, жас және
дербес ерекшеліктерін меңгеру қажет. Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын
оқушылар да мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық процестің
екіжақтылық сипаты байқалады.
• Өкінішке орай, өз әрекеттеріне рефлексиялық талдау жасай алмайтын мұғалімдер де кездеседі.
• Ондай адамдар педагогикалык процестегі кез келген сәтсіздікте тек оқушыларға кінә тағады
және үнемі өзінің іс-әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Олар бала жанын түсінуге тырыспай, оның
пікірлерімен санаспай, керісінше оның айтқандарьн елеп-ескермей, сөздерін аяғына дейін
тыңдамай, өз еріктері бойынша шешім қабылдай береді. Бұл жағдайда бала педагогикалық іс-
әрекеттің субъектісі емес, тек объектісі ретінде қала береді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz