Йозеф Гайдн




Презентация қосу
Йозеф Гайдн
1732 жылы 1 сәуірде Төменгі
Австрияның Рорау ауылында дүниеге Әкесі кәсіби каретник,
келді. шешесі- аспазшы болатын.

Ата- анасы
Барлық
музыканы жақсы
шығармаларында
көретін және көп
австрияның
қабілеттерге ие
ұлттық
болатын.
шығармашылығыме
н байланыс
сақталады.
Матиас
Гайднның үйінде
импровизациялы
Гайднның өз балалық шағы қ кештер болып
өткен ауылдағы жағдай отыратын; әкесі
келешекте композитордың арфада ойнап, ән
шығармашылығына негіз айтатын.
болады.
Гайднның музыкалық дарындылығына мектептік
оқытушы және шіркеулік регент Франк көңіл
аударады. Ол баланы өзімен бірге Дунайдың
жағасындағы Гайнбург қалашығына әкетеді. Онда
Гайдн шіркеулік хорда ән айтатын, музыкалық білім
алып, скрипка мен клавесинде ойнауды үйренеді. Бұл
сабақтар үш жылға созылады.

Франк Гайнбург
Георг Ройтер

Бір уақытта Гайнбургтағы шіркеуге вендік
композитор және капельмейстер Георг Ройтер
келеді. Ройтер Гайднның әдемі сопраносына және
ерекше музыкалық қабілеттілігіне назар аударып,
өзімен бірге Венаға әкетеді. Венада ол қ. Стефан
соборындағы хорда ән айтады.
Собордағы қызметі ауыр
болатын: күнде ол ұзақ
шоқынуларға
қатысатын, оларға
дайындалатын, көптеген
сарайлық мерекелерге
қатысатын. Оқуға аз
уақыт қалатын.
Ройтер Гайднның
алғашқы композиторлық
тәжірибелеріне көп
бөлмей, композиция
теориясынан 9 жылда 2-
ақ сабақ берді.
Гайднның шығармашылығына едәуір әсер
еткен Венаның музыкалық өмірі: өзіндік
ерекше фольклор, итальяндық опера және
аспаптық музыка.

Гайдннің “Ай әлемі”
операсы
Михаэль Гайдн Вебер

Соборда соңғы жыл жұмыс істегенде (1745
жыл), сол мектепке інісі- Михаэль Гайдн келеді.
Ол келешекте дарынды композитор, оқытушы
және Вебердің мұғалімі болады. Йозеф өздігінен
оқыған композиторлық теорияны інісіне
үйретеді. Екеуі де әдемі және күшті дауыстарға
ие болып, собордың хорында жеке
орындаушылар болатын.
Ұл балалардың дауыстары сына бастаған
кезде, оларды аяусыз қуып жіберетін. Гайдн
да осы ауыртпалылыққа тап болды.

Бірнеше түн бойы Гайдн далада түнеп жүрді.
Жолдасын кездестіріп, шатырдың ең астында
орналасқан бөлме тауып алады.

Бөлмеде ескі, сынған клавикорд болады. Ақша
табу үшін ол шіреулерге барып органшы болып
орналасуына үміттенеді.

Бірақ бұның барлығы босқа болады. Табыс
үшін ол тиын- тебенге жеке сабақтар
беретін.
Ф. Э. Бахтың шығармаларымен танысу
Суық және ылғалды бөлмеде
тұрып, ол клавикорд пен
скрипкада ойнайды, музыка
теориясы туралы еңбектерді
оқып, әртүрлі клавикорд
композиторлардың
шығармаларын зерттеп, өз
шығармаларын жазады.

Филипп Эммануил Бахтың клавирлық
сонаталары оған үлкен әсер етеді. Сөйтіп,
ол Гайднның сүйікті композиторына
айналады. Ф. Э. Бахтың әсері Гайднның
ерте шығармашылығында байқалады.
1751 жылы Гайдн түнгі серенадаға қатысып жатқанда, оны
комедиялық әртіс Курц естиді. Ол Гайднға «Асмодей, или Новый
хромой бес» атты музыкалық комедияны жазуға ұсыныс
береді. Бұл 19 жасар Гайднның алғашқы сахналық шығармасы.
Оның музыкасы сақталған жоқ.
Өзінің шығармаларында
композиторлық техника
жетіспейтінін сезген Гайднның
оқығысы келеді. Оқуға қаражаты
болмағандықтан, Венада өмір
сүрген итальяндық композитор,
әнші және мұғалім Никколо
Порпораның класына сүйемелдеуші
болып орналасады. Ол белгілі
композитордан композиторлық
шығармашылық облысында ақыл
сұрайтын. Порпорамен
қатынасудан Гайдн пайда шығарып
алады: ол контрапункт пен
генерал- бас өнеріндегі білімін
ретке келтіреді.
1755 жылы Гайдн помещик
Фюрнбергтің имениясында
музыкалық үйірмеге қатыса
бастады. Фюрнберг білімді адам
болатын, музыканы сүйетін және
үйінде квартеттік кештерді жиі
ұйымдастыратын. Ол Гайднды
квартеттегі скрипка партиясын
орындауға шақырды. Бұл үйірмеге
қатысатын кәсіби музыканттарға
жалақы төленетін және Гайднның
шығармашылық өсуіне мүмкіндік
туғызды. Үйірме үшін ол камералық-
аспаптық музыка жанрында
алғашқы шығармалары- 20 квартет
жазды.
Фюрнбергтің кеңесімен 1759 жылы Гайдн
Максимилиан Морцианның сарайына
капельмейстер ретінде алынды. Морцианның
Лукавец имениясында он екі музыканттан тұратын
капелла бар болатын. Бұл капелла үшін ол көңіл
көтеретін дивертисменттер жазды. 1759 жылы осы
жерде ол алғашқы симфонияларын жазды.
Өзінің көптеген әкімшілік міндеттеріне қарамастан, ол көп
шығарма жазды. 1761 жылы жазылған үш симфония:
«Утро», «Полдень», «Вечер» ерекше орын алады.

Гайдн өте көп жұмыс істейтін: симфониялар,
мессалар, квартеттер, опералар,
ойыншықтар театрына арналған музыка,
баритонға арналған шығармалар жазып,
өзінің жетекшілігімен орындайтын.
«Прощальная симфония». 1772
жылы жазылған «Прощальная
симфония» Гайднның ерте шақта
жазылған шығармалардан
ерекшеленеді. Бұл шығарма
Гайднның симфониялық
шығармашылығында ерекше орын
алады. Дәстүрлі 4 бөлімнің орнына,
бұл симфонияда 5 бөлім. Ертеректе
жазылған симфониялардан бөлек,
мұнда көтеріңкі, драмалық
кейіптер басым.
«Париждік» симфониялары

«Балалар симфониясы»

Ұқсас жұмыстар
ГАЙДН ЕСКЕРТКІШІ
ДЕМОКРАТИЯ ТЕОРИЯЛАРЫ
Футбол ойынының тарихы
Ежелгі Рим демократиясы теориялары
КӘСІПКЕРЛІК – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСІ
ДЕМОКРАТИЯ САЯСИ МӘДЕНИЕТТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Неміс классикалық философиясы туралы
Құрылыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер
Пәндер