Саясат субьектілері
Презентация қосу
Саясат
субьектілері
ОРЫНДАГАН: АРЫСТАНБЕК СЕРІК
АБ-17,2
ТЕКСЕРГЕН: МАХАМБЕТЖАНОВА А.T
Саясат кұрылымы
"Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен,
құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща
аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде
бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең
ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін
түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын
қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы
функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат
береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің
негізгі сфераларындағы қоғамның барлық
құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға
және бағыт беруге міндетті.
Саясат субъектілері болып
мыналар табылады:
1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну
үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты
тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер
индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді.
Индивид әлеуметтік белсенділігінің арқасында өз
мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды,
яғни саяси белсенді субъектіге айналады, ал бостандығы
оның әрекетіне дербестік береді.
2. Әлеуметтік топтар — адамдардың ассоциативті
қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші
субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай (кіші, орташа,
үлкен), ассоциациялардың тұрақтылығы мен ұзақтылығы, ТОП
элементтері арасындағы байланыстың қарқындылығы мен
әлсіздігі, ұйымдық құрылымы және т.б ерекшеліктері бойынша
ажыратылады. Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға
болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас ерекшеліктік,
этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде бірлігіне
байланысты пайда болатын тұрақты және уақытша
ассоциациялар. Бірақ әлеуметтік топтар — біршама аморфты
құрылым. Ұйым оның әрекетіне бірізділік пен тиімділік береді
және осының арқасында әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне
айналады.
3. Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған
басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл субъектісі.
Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын,
әлеуметтік басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп,
әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы
негізде ол адамзаттың қоғамдық өмірінің нормаларын
жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және оның
орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр
ету функциясына иелік етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін
қамтамасыз ету үшін саяси қатынастардың субъектілеріне
мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызметіне ықпал
тигізу өте маңызды. Саясат субъектілерінің мемлекеттік
билікке өз ықпалын тигізуге талаптануы — саясаттың мәнді
аспектісі.
4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған
саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған
және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін
жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес,
оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері
кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және
саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма,
әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану арқылы саяси
мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп
тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы
жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес
объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу,
әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету — міне бұның бәрі саяси
элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.
Саясат субъектісі ретінде
мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік
өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын
шешуде және іске асыруда); өздерінің жеке және аймақтық
мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері;
мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын өзгерту
мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші
кезекке қандай да болмасын өзекті, өмірлік маңызды
мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды
ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді.
Соңдықтан да саясат — көп түрлі субъектілер әлемі.
Саясаттың өзіне тән басты ерекшелігі — оның субъектілігі
және оның субъектіге тәуелділігі мен онымен анықталынуы.
Субъектілік — саясаттың шынайы факторы. Ол саяси
процестер мен жағдайларға көпварианттылық, субъективті
өзіндік сипат береді, олардың субъектінің жасампаздық
әлеуетіне, оған тән ерік-жігерлік қасиетке, әлеуметтік
белсенділігіне және әлеуметтік жауапкершілік дәрежесіне
тәуелділігін сипаттайды. Сондықтан, субъектілік әлеуметтік
оқиғалардың, әлеуметтік уақыттың тарихи аралығының,
жеке әрекеттердің, өмірлік мағынаға ие шешімдердің,
олардың қорытындыларын, нәтижелерін және т.б белгілеуде
қолданылады.
Саясаттың маңызды екінші компоненті адамзаттың саяси
тәжірибесі болып табылады. Өркениеттің дамуымен саяси
сахна едәуір кеңейіп, саяси тенденциялар көп бейнелі
болып, рөлдер күрделене бастады. Осының нәтижесінде
адамзат аса мол саяси тәжірибе жинақтады. Осы тәжірибе
өзінің барлық құрылымдық элементтерімен бірге адамзаттың
саяси мәдениетінде, ұрпақтан-ұрпақка мұраға беріліп
отыратын, бір елден екінші елге таралатын саяси
институттарда, идеяларда, акцияларда, әрекеттерде
жинақталып қорытылған және көрініс тапқан. Саяси
тәжірибенің кристаллизациялануы саясаттың барлық негізгі
компоненттерінің пайда болуына және дамуына алып келді.
Біз жоғарыда саясаттың басты, әрекетшіл компоненті оны жасаушы
субъектінің мәнін қарастырдық. Дегенмен, субъект оған
интериоризациялау (лат. interior — ішкі), яғни адамзаттың тарихи
қалыптасқан саяси тәжірибесі, оны игеру, оның элементтерін қазіргі
ұрпақтардың, казіргі әлеуметтік топтардың саяси тәжірибелерінің
мәселелеріне сәйкес жаңашаландыру, тәжірибені олардың саяси іс-
әрекетіне қажетті психикалық қабылдау, саяси приоритет, дағды
элементіне айналдыру негізінде ғана айналады. Саяси тәжірибені
игеру мен пайдаланудың негізгі мәселесі — оның уақыт пен
кеңістіктегі субъектіден субъектіге берілуі. Саяси идеяларды,
теорияларды, көзқарастарды, принциптерді құратын, тәжірибені
сөздер, ұғымдар мен терминдер көмегімен адамзат санасына
сіңіретін саяси ой саяси тәжірибенің трансляциялық формасы. Саяси
идеялар саяси ойдың орталық элементтері болып табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz