Жақпа майлар. Дәрілік жабындар


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Химия факультеті

Жақпа майлар. Дәрілік жабындар.

Орындаған: Тұрсынбек А. С.

Тобы: ТФП-33

Қабылдаған: Төлепбек И. С.

Қарағанды 2018

Slide 2

Жақпа майлар классификациясы.

Жақпа майлардың негізі, оларға қойлатын талаптар және олардың жіктелуі.

Жақпа майлардың технологиясы.

Жақпа майларды қаптау және сақтау.

Дәрілік жабындар.

Фитожабындар, классификациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

Slide 3

Жақпа майлар

Ежелгі дәрілік формалардың бірі, дерматологияда, көз, хирургия, косметика тәжірибелерінде кеңінен қолданылады.

Теріге, жараға немесе шырышты қабыққа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түр.

Сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер, олар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат түзуге қабілетті тұтқырлығы жоғары болғандықтан, түрін сақтайды, ал жоғары температурада оны жоғалтып, қою сұйықтыққа айналады.

Slide 4

Қолдану мақсатына және орны бойынша жіктелуі:

дерматологиялық

Шырышты қабықшаға жағылатын

Хирургиялық жараларды және күйіктерді емдеуге арналған

емдік

қорғаныш

косметикалық

мұрын, көз, тоқ ішек, ауыз қуысы

Slide 5

Әсер ету сипаттамасына қарай:

Тері немесе шырышты қабықша астына терең өтіп, қан арнасына дейін жетеді де организмге жалпы әсер етеді

Терінің үстіңгі қабаты және шырышты қабықшаның бетінде әсер етеді

Резорбтивті әсер ететін

Орынды әсер ететін

Slide 6

Дисперстік жүйенің типіне қарай:

Біртекті, негіз және дәрілік заттар арасында беттік бөлік болмайды(мазь-ерітінділер, мазь-балқымалар, экстракциялық мазьдар) .

Екі немесе көпфазалы жүйелер болып табылады (суспензиялық, эмульсиялық, комбинирлік мазьдар) .

Гомогенді

Гетерогенді

Slide 7

Майдың консистенциясы бойынша:

Пасталар

Кремдер

Гельдер

Линименттер

Мазьдар

Slide 8

Жақпа майларға қойылатын талаптар:

Жұмсақ консистенциялы болуы керек. Теріге және шырышты қабықшаларға жаққанда ыңғайлы және тегіс жағылуы керек;

Жақпа майлардағы дәрілік заттар максималды түрде диспергирлі және қажетті терапевттік эффект беретін болуы керек;

Тұрақты болуы керек, механикалық қоспалар болмауы керек;

Сақтағанда және қолданғанда құрамы өзгермеуі керек;

Дәрілік заттың концентрациясы және массасы рецепте жазылғанға сәйкес болуы керек.

Slide 9

Негізге қойылатын талаптар:

Негіз терінің рН-ын өзгертпеуі тиіс (тері рН=3- 4) ;

Терілік демге кедергі келтірмеуі керек;

Әртүрлі агрегатты күйдегі дәрілік заттарды жақсы қабылдауы керек;

Химиялық индиффрентті және сақтау кезінде тұрақты болуы қажет;

Микроорганизмдердің әрекетіне тұрақты болу керек;

Теріден және киімнен оңай жойылуы керек.

Slide 10

Жақпа майларға арналған негіздер алуан түрлі болып келеді. Мазьдарды экстемпоральді дайындау кезінде, егер де рецептте нұсқаулар болмаса, онда компоненттердің физико-химиялық үйлесімділігін ескереді және тағайындалу мақсаттарына сәйкес негіздерді таңдайды.

Жақпа майдағы дәрілік заттардың терапевтикалық эффективтілігіне негіздің табиғаты және қасиеті күшті әсер етеді. Негіз талап етілген дәрілік заттардың концентрациясын, қажетті қасиеттердің консистенциясын қамтамасыз етеді және мазьдан дәрілік заттардың босатылуына әсер етеді. Негізді таңдау жақпа май әрекетінің мақсатына, орнына және сипатына, сонымен қатар дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болады.

Slide 11

Жақпа майлар негіздерінің классификациясы

Негіздің сумен әрекеттесу қабілеттілігі бойынша:

Гидрофобты/липофильді (майлар, май тәріздес заттар, балауыздар, көмірсутекті және силиконды негіздер)

Гидрофильді (ақуыздардың, полисахаридтердің, полусинтетикалық және синтетикалық ЖМҚ гельдері, ПЭО)

Гидрофильді-липофильді / дифильді/ (абсорбциялық және эмульсиялық негіздер)

Slide 12

Жақпа майдың технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:

Дәрілік заттарды және негіздерді дайындау;

Негізге дәрілік заттарды енгізу;

Жақпа майдың гомогенизациясы;

стандарттау;

Бөлшектеп өлшеу және сақтау.

Slide 13

Жақпа майларға негіз дайындау. Негізді бөшкеде немесе бакта (шар ішінде) балқытып, қайнайтын қазанға ауыстырады.

Негізге дәрілік затты енгізу. Дәрілік заттарды негізге қосу булы жейдесі немесе электрлік қыздырғышы бар реакторларда, біртіндеп араластыру арқылы жүргізіледі. Реакторлар араластырғыштармен жабдықталған: якорлы, планетарлы, рамалы, олар жақсы араластыруды қамтамасыз етеді.

Жақпа майдың гомогенизациясы - дәрілік заттарды араластыру кезінде қажетті дисперстілік дәрежесін алу.

Стандарттау - жақпа майды дәрілік заттар құрамы бойынша, рН және дисперстілік дәрежесі бойынша стандарттайды.

Бөлшектеп өлшеу және сақтау - шыны құтыдан, полиэтилен немесе алюминийлі тубаларда. Тубаларға орау - туботолтырғыш автомат көмегімен. Жақпа майды салқын, жарықтан қорғалған жерде сақтайды. Дәріханада жасалған жақпа майды 10 тәулік сақтайды.

Slide 14

Дәрілік жабындар

Дәрілік жабындар - офтальмологияда медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын полимерлік ерекше дәрілік форма.

Дәрілік жабындар - ерекше дәрілік форма; препаратта дозалық мөлшері бар, еритін полимерден жасалынатын, ұзындығы 9х4х0, 3 мм-ге дейінгі, салмағы 14-16 мг жұқа сопақша пішінді пластинкалар. Басқа дәрілік формалардан айырмашылығы, жабындар препараттың әсерін ұзартуға, дәл дозалауға, улы әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Slide 15

Фитожабындар - жабын түзушілерге енгізілген, дәрілік өсімдік материалынан жасалған әртүрлі мөлшердегі жіңішке жабысқақ пластинкалар. Жабындардың қалыңдығы 5 мм-ден аспайды.

Slide 16

Жабын түзуші тасымалдағыштардың шығу тегіне байланысты:

Жануарлы (коллаген, желатин, эластин, хитозан) ;

өсімдікті (альгинаттар) ;

Микробты (агар - агар, декстран) ;

Жартылай синтетикалық (метилцеллюлоза, ) ;

Синтетикалық (ПВП, ПВС, ПЭО, полиакриламидтер) ;

Slide 17

Қолданылған ББЗ бойынша:

Құрамында дәрілік шикізаттағы минималды тазартылған комплекстері бар ФЖ (тұндырма, экстрактар, шырындар, өсімдік майлары) ;


Ұқсас жұмыстар
Жағар майлар
Жұмсақ және сұйық дәрілік түрлер
ДӘРІЛІК ҮЛГІЛЕРДІҢ МЕДИЦИНАДА
Нәрестенің дене салмағы
Дәрілік полимерлер
Көзге арналған дәрілік түрлер
Суппозиториилерге арналған негіздер
Гомеопатиялық дәрілік
Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы
Көз майларының ыдыстарына қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz