АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:

«АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ»

Орындаған: Калимуллина Милана Мәлікқызы

Орал
2018
Зерттеу мақсаты: Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану
ерекшелерін, тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:
- Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру ерекшеліктері
туралы түсінік беру;
- Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың
тиімді жолдарын қарастыру;
- Биология сабақтарында АКТ қолдану арқылы оқушылардың білім, білік
дағдыларын қалыптастыру әдістері туралы түсінік беру.
Инновациялық технология нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне
деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
1. Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану маңызы
1.1 Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Биология пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптары мынандай:
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;
Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;
Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру;
Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;
Тақырыптық зерттеу жүргізу;
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;
Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;
Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қабілеттерін арттыру.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;
Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сыни тұрғыдан ойлау модулі.
1.2 Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар - білім кеңістігінде

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына арналған Жолдауында
дамудың жеті басым бағытын
айқындады, оларды жүзеге асыру
әлемдегі бәсекелестікке қабілетті
елдердің қатарына біздің еліміздің де
қосылуына жол ашатын міндеттерді
шешуге мүмкіндік береді. Осындай ең
өзекті басымдылықтардың бірі
қазіргі білім беру мен озық ғылымды
дамыту болып табылады. Білім беру
жүйесі – бұл ұлттық мәдениеттің,
ұлттық сана – сезімнің даму
көрсеткіші болып отыр.
2. Биология пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды қолдану ерекшелігі
2.1 Биология сабағында ақпараттық жаңа технологияларды пайдалану
арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру

Биология пәнін оқытуға жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы
білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны
танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының
интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән
арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде
болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз.
Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану барысы

1. Теориялық материалды меңгерту кезінде:
- Электрондық оқулықтар;
- Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар;
- MS Word редакторында жасалған сызба кестелер, үлестірмелер;
Блокнот мәтіндік кіші редакторда жазылған ережелер жиынтығы (электрондық ереже анықтамасы)
немесе электрондық сөздік қолданылады.
2. Теориялық материалды бекіту кезінде:
- Word Pad мәтіндік редакторында мәтінмен тікелей жұмыс (түзету, үзінді қосу, аяқтау, әріп қою, астын
сызу, суреттер мен сызбалар кірістіру).
- Мультимедиалық мүмкіндіктерді пайдалану (дыбыстарды жазу мен ойнату, лазерлік ойнатқыш
бағдарламасы, фонограф бағдарламасы арқылы дауысты жазу және жазылған дыбыстық файлды құжатқа
қою аудиолекцияны алдын ала жазып алып, сабақ барысында қолдануға болады).
- Интернет жүйесі, яғни электрондық кітапхана мүмкіндігін қолдануға болады. Ол арқылы жаңа
мәліметтер қорыту.
3. Теориялық материалды қорыту кезінде:
- Тест бағдарламасы арқылы білімді тексеру;
- Power Point бағдарламасымен сызбалар сызу;
- Excel бағдарламасында өз білімдерінің мониторингісін шығару.
- Сынып ішіндегі компьютерлік желі арқылы өзара білім жарыстыру неме өзара тексеру жұмыстарын
жүргізу;
- Әмбебап ойнатқыш бағдарламасына жазылған файлдар арқылы диктант алу;
- Интернет жүйесі арқылы жазылатын рефераттар, виртуальды интернет олимпиадалар.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру –
қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі
қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді
ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі
білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып
табылады.
Биология сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың тиімділігі

• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру
арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері
болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін
көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
АКТ-ны сабақ процесінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді
шешуге тура келеді

дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік
бағдарламаны талдау);
әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың
нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз
өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және
ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
АКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру үшін

сабақты түрлендіріп өткізу;
сабақта ақпарат құралдарын пайдалану;
оқушының өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету —
интернетке шығу.
Биология сабағында АКТ-ның келесі түрлерін қолдануға болады

Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану;
Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының
бірнеше фрагменттерін қолдануға;
Зертханалық жұмыстарда;
Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда.
Қорытынды

Биология – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық
технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі негізгі
мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл
пәнді оқыту мұғалімнен зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың
қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім
беретін мектептердің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.
Сонымен биология сабағын АКТ көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды:
1) Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі
материялдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді.
2) Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру
мүмкіндігін арттырады;
3) Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қаыптастыра отырып,
олардың білімге құштарлығын , табиғи сұранысын қанағаттандырады.
4) Мұғалімді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
5) Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік - психологиялық тренинг әдістері
Информатика сабағын түрлендірудегі жаңа ақпараттық технологиялар
Білім беру процесіндегі цифрлық технологиялар
Ақпараттық технология
ТЕХНОЛОГИЯ технологиясы
ОҚЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Инновациялық технологиялар түрлері
Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиялары
Пәндер