ЛЕКСИКОЛОГИЯ, ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ


Slide 1

Лексикология, зерттеу нысаны

Лексикология - грек lexis «сөз», logos «ілім» мағынасын береді.

Slide 2

I Кіріспе

«Лексикалогия туралы түсінік»

II Негізгі бөлім «Лексикалогияның зерттеу нысаны»

Slide 3

Лексикология- сөзді және сөздердің жиынтығын, тілдің сөздік құрамын зерттейді. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамынан құралады. Сөздік құрам дегеніміз - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Ол лексика деп те аталады. Сөздік құрамға байланысты лексикалогияның қарастыратыны: тілдің негізгі бірлігі ретінде көрінетін сөз мәселесі, лексикалық бірліктердің типтерін, сөздердің құрамдық, құрылымдық сипатын және тілдің басқада салаларына сөздік құрамына қарым-қатынасы.

Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар бар. Олардың қатарына тілдің лексика-семантикалық жүйесі туралы мәселе, тілдік единицалардың, ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басты белгілер, сөз бен ұғымының ара қатысы, сөздің лексикалық мағыналарының түрлері, сөздің лексикалық және грамматикалық мағына-ларының ара қатысы мен байланысы және т. б. мәселелер өнеді. Бұлар лексикология теориясының жалпы проблемалары ретінде лексикологияда (общая лексикология) қарастырылады. Ал нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады.

Slide 4

Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бір-бірімен байланыста болады. Бұлай болатындығы мынадан: коғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтар жеке, нақтылы тілге де тән болады. Мысалы қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы - тіл атаулыға тән жалпы заңдылық. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардын. пайда болуы - осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар. Қатынас құралы, қоғамдық кұбылыс ретіндегі тіл атаулыға тән жалпы кұбылыстар мен заңдылықтар дүние жүзіндегі тілдердің арқайсысында (нақты, жеке тілдерде) түрліше (өзіндік ерекшелігімен) көрінуі мүмкін. Мысалы, дүние жүзіндегі тілдердін бәрі де туынды сөздер сөз тудырудың белгілі бір тәсілдері бойынша жасалады.

Slide 5

Жалпы лексиканы жете түсіну үшін, оның нысаны болып табылатын сөздік құрам тұтас жүйе ретінде қарамауы тиіс. Осыған орай лексикалогия сөз мағынасы мен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразиологизмдіде нысан етіп қарастырады. Фразиологизм грекше « phrasis» сөйлемше «logos» ілім деген мағына береді. Тілдің байлығы сөздерінің көптігінен емес, тілдің мағыналық байлығымен көрінеді. Бұл жағын зерттейтін сала семасиология грек «semasiа» мән, мағына «logos» ілім мағынасын береді.

Нақтырақ айтқанда, семасиологияда шындық өмірдергі заттар мен құбылыстарды атап білдіретін атауыш сөздер мен сөз тіркестерін мән мағынасын қарастырады.

Slide 6

Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан «немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихы (диахрониялық) лексикология және сипаттама (синхрониялык) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, мысалы «Қазіргі орыс тілі», «Қазіргі ағылшын тілі», «Қазіргі қазак тілі» атты пәндердің лексикология білімдерінде, аталған тілдердің (орыс, ағылшын, қазақ тілдерінің) лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық кұрылымы, лексиканы құрастырушы арналар мен қаткабаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердің қолданылу аясы, мағыналардың қарым- қатынасына қарай сөздердің топтасуы (синонимдер, чомонимдер, антонимдер) және т. б. мәселелер қарастырылады.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗЖАСАМЫНЫҢ ІРГЕТАСЫНЫҢ ҚАЛАНУЫ ЖӘНЕ БАСҚА САЛАЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының зерттеу нысаны
Грамматикалық мағына
Лексикология туралы түсінік
Фразеологиялық тіркестер
Тіл білімі және оның салалары
Тіл мәдениетінің міндеті
Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың зеріттелуі
ЛЕКСИКОЛОГИЯ
Табыс концептісінің лингвомәдени ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz