Фонтанды ұңғымалардың жабдықтары



Фонтанды ұңғымалардың жабдықтары

Өнімді қабаттың геологиялық сипаттамасы мен ерекшеліктеріне байланысты ұңғыманың құрылысы әртүрлі болады. Ұңғыма құрылысының негізгі элементтеріне жататындар:
қысқа бағыттаушы құбыр (5-15 метр)
кондуктор (100-500 метр)
техникалық құбыр (аралық құбыр)
пайдалану құбыры (өнімді қабатқа дейін)
Мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың, сонымен қатар жер қойнауын қорғау және техника қауіпсіздігінің шарттарына: құбыр аралық кеңістіктің саңылаусыздығын, ұңғымаға СКҚ түсіруді, ұңғымалардың жұмысын бақылау және жөндеу жұмыстары кезінде қысқа мерзімге ұңғыманы жабуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жұмыстар фонтанды ұңғыманың сағасындағы жабдықтардан (тізбек басы, фонтанды арматура және манифольд) тұратын қондырғының көмегімен жүзеге асады

1- тізбек басының корпусы; 2 - муфта; 3 - екі сақиналы арнайы мұнайға төзімді резина; 4 - фланцты байланыс; 5 - жарты сақина; 6 - фонтанды арматураға бекітуге арналған фланц; 7 - арнайы муфта; 8 - манометр; 9 - жоғары қысымды кран; 10 - шегендеуші құбыр.

Тізбек басы • бір; • екі ; • үш; • төрт ; • бес тізбекті болады”.
Тізбек басы: • төрт жақты құбырдан; • үш жақты құбырдан тұрады.
Тізбек басының конструкциясына қойылатын талаптар:
құбыр аралық кеңістікті сенімді саңылаусыздандыру;
барлық құбыр аралық кеңістіктегі қысымды бақылауға мүмкіндіктің болуы;
шегендеу құбырының тез және сенімді бекітілуі;
бір тізбек басына әртүрлі шегендеу құбырының бекітілу мүмкіндігі, яғни әмбебап болуы;
құрастырудың тез және ыңғайлы болуы;
мүмкін биіктіктің ең аз болуы.
Тізбек басы 14, 0; 21, 0; 35, 0; 50, 0 және 70, 0 МПа жұмыс қысымына есептелініп шығарылады. Кейбір жағдайларда (газ ұңғымаларында) 150 МПа жұмыс қысымына дейін есептелген тізбек басы қолданылады.
Фонтанды арматура:
Қысымы бойынша фонтанды ұңғымаларда келесі стандарттар қабылданған: арматуралар: 7, 14, 21, 35, 70 және 105 МПа жұмыс қысымына есептелген, оның ішінде 7, 14, 21 және 35 МПа қысымға арналған арматуралар екі есе жұмыс қысымына сыналады, ал 70 және 105 МПа қысымдық арматуралар жарты қысымға сыналады.
Фонтанды арматуралар екі элементтен тұрады: құбыр басынан және фонтанды шыршадан.
Фонтанды арматуралар:
- фонтанды құбырдың бір немесе екі тізбегін жалғау үшін;
- фонтанды құбыр мен шегендеуші құбыр аралығын бақылау және саңылаусыздандыру үшін;
- ұңғыманы меңгеру, пайдалану және жөндеудің технологиялық операцияларын жүргізу үшін;
- ұңғыма өнімін лақтыру құбырларымен өлшегіш құбырларға жіберу үшін;
- ұңғыма жұмысының режимін және тереңге зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арналған.

1 - вентиль, 2 - ысырма, 3 - төрт жақты құбыр (крестовина), 4 - сорапты компрессорлы құбырды (СКҚ) ұстауға арналған катушка, 5 - штуцер, 6 - шыршаның төрт жақты құбыры, 7 - буфер, 8 - сорапты компрессорлы құбырды (СКҚ) ілуге арналған құбыр, 9 - катушка.
Фонтанды арматуралардың типтік схемасы:
1 - фонтанды шырша;
2 - құбырлардың байланысы
Фонтанды арматуралардың шифрлары келесі түрде болады:
- АФТ-65Кр-140, үш жақты фонтанды арматура, өткізгіш қимасы 65мм, бұрандалы, 14 МПа жұмыс қысымына арналған;
- АФК-50Кр-210 - төрт жақты фонтанды арматура, өткізгіш қимасы 50 мм, бұрандалы, 21 МПа жұмыс қысымына арналған.
Фонтанды арматураның салмағы 3 тонна, биіктігі 4 м, ені 3, 3 м.

Манифольд -фонтанды арматураны ұңғыма өнімін есептегіш қондырғыға беретін құбыр желісімен жалғау үшін арналған. Төрт жақты фонтанды арматураның манифольдының қарапайым жүйесі құбыраралық кеңістіктің шығу желісін жалғауды қарастырмайды және тек бір ғана есептегіш қондырғыны ұңғымамен жалғайтын шығу желісінен тұрады. Кейбір жағдайда парафиннің қатуы кезінде ұңғыманың жұмыс істеуін тоқтатпау үшін, екі шығу желісі және манифольд қарастырылады.
Штуцер -фонтанды шыршаның элементі, және ол фонтанды ұңғымалардың жұмыс режимі мен өнімін реттеп тұру үшін арналған. Штуцерлер арматураның шығыс желісінің екі бөлігінде де орналасады және олар реттелетін немесе реттелмейтін болып бөлінеді. Ең қарапайым және сенімді түрі реттелмейтін штуцер. Олар қысқа конусты тығын түрінде шыңдалған болаттан немесе берілген диаметрлі өткізу каналы бар металл-керамикалық материалдан дайындалады
Төртжақты фонтанды арматураның байланысу жүйесі

Газлифтілі әдіс
Қабаттан келетін немесе жер үстінен нығыздалып айдалынатын газ газлифтілі әдіспен пайдалану мерзімінде ұңғыма бөлігінің ағымына қосылып беріледі. Бұл кезде газ сұйық қоспаның тығыздығы кішірейіп, ұңғы түбіндегі қысым берілген өнім шығымын алуды және жинау пунктіне тасымалдауға жететіндей болады.
компрессорлы
компрессорсыз
Бірінші жағдайда агент компрессорлы станцияларда сығылып (нығыздалып) дайындалады
Ал екінші жағдайда компрессорсыз агент ретінде кен орнының газы табиғи қысыммен беріледі. Компрессорсыз газлифтілі әдіске ұңғыма ішіндегі газлифті әдісі жатады. Бұл әдісте мұнайды көтеру үшін ұңғының тесіп ашқан газды қабаттың газ энергиясы қолданылады.
а - газ жіберудегі ұңғымадағы сұйықтың деңгейі
б - құбырлар алаңындағы мұнайдың НКТ-ң ең төменгі шетіне жетуі
в - газ-мұнай қоспасының шығуы
1 - НКТ
2 - пайдалану коллонасы
3 - тұрақты деңгей
4 - газ-мұнай қоспасы
5 - тұрақсыз (динамический) деңгей

штангалы винтті сорапты қондырғылар
Терең мұнай ұңғымаларынан мұнай өндіруге арналған ВШСҚ мұнай кәсіпшілік нарығында 80-жылдардың басында АҚШ және Францияда пайда болды. Қазіргі кезде берілісі 0, 5-тен 1000 м3/тәу және қысымы 6 ÷ 30МПа аралығында болатын ВСШҚ көптеген түрлері жасалған.
Мұнай өндіруге арналған штангалы винтті сорапты қондырғының ұңғыма сағасында орналасуының жалпы көрінісі
ВСШҚ жеткілікті кеңінен таралуының себебі мұнай өндірудің басқа механикалық әдістерімен салыстырғанда, олардың техника-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуы.
ШҰСҚ-мен салыстырғанда:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz