Робототехника




Презентация қосу
Роботтардың ең басты таптары
Әр робот механикалық негізі - құрылғы, рамадан
тұрады.

Әр робот электр бөлшектерден тұрады.

Барлық роботтар кішкене болса да компьютер кодын
керек етеді.
Робототехника тарихы
1942 жылы ғылыми-
фантастикалық мәнерде жазатын
жазушы Айзек Азимов
робототехниканың үш заңын ойлап
табады. 1948 жылы Норберт Винер
тәжірибелік робототехниканың
негізін құрайтын кибернетиканың
қағидаларын тұжырымдаған.
Толығымен автономды роботтар
XX ғасырдың екінші жартысында
ғана пайда болды. Ең бірінші
сандық басқаруы бар
бағдарламанатын робот Unimate
болған. Ол робот ыстық темір
бөлшектерді балқыту машинасынан
көтеріп, жинауға арналған. Қазіргі
таңда коммерциялық және
индустриалдық роботтар кеңінен
тараған.
Этимологиясы
«Робототехника» (немесе «роботика», «robotics») сөзі ең бірінші
рет Айзек Азимовтың 1941 жылы жарық көрген ғылыми-
фантастикалық «Жалғаншы» («Лжец») атты әңгімесінде
қолданылған.
«Робототехника» сөзінің негізін қалайтын «робот» сөзін 1920
жылы Карел Чапек деген чехиялық жазушы алғаш болып ойлап
тауып, өзінің 1921 жылы қойылып, көрермендердің ілтипатына ие
болған ғылыми-фантастикалық «Р. У. Р.» («Россумские
универсальные роботы») атты пьесында қолданған. Сол пьесада
зауыт бастығы адамдарға ұқсас роботтарды ойлап табады да,
тоқтатпай жұмыс істетеді. Басында андроидтар адамды мінсіз
тыңдап, жұмыс істейді, алайда кейіннен қарсы шығып, өз
жаратушыларын жояды.
Роботтардың жылжу түрлері
Теңгеру роботтары әдетте гироскоп
қолданады. Гироскоп арқылы робот
қаншалықты тез және қай жағына қарай
құлап жатқанын анықтап, дөңгелегін
құлап жатқан жаққа қарай айдайды.
Сонда робот ішіндегі төңкерілген
маятниктің динамикасына байланысты
секундына жүздеген рет жиілігімен
теңгеруге тырысады. Робот деп
автоматтандырылған құрылғы ретінде
қарастырсақ, Segway робот емес,
қарапайым роботтың мобилді
платформасы RMP (Robotic Mobility
Platform) ретінде қабылдауға болады.
Мысал ретінде NASA-ның Robonaut
роботын қарастырсақ, робот Segway
платформасына құрастырылғанын
байқаймыз.
Роботтардың жылжу түрлері
Тура жүру үдерісі қиын және
динамикалық мәселе. Бірнеше роботтар
адам сынды екі аяқтап жүре алады, алайда
олардың біреуі де адам сияқты аяғын нық
баса алмайды. Адамның жүру қабілеті
туралы көптеген зерттеулер жүргізілді,
солардың бірі 2008 жылы Texas A&M
Университетінде ашылған AMBER
лабораториясында. Басқа роботтар екі
аяқтан көбірек болып құрастырылды. Екі
аяқты роботқа қарағанда аяқтары көбірек
болғанымен ол роботтардың құрастыруы
жеңілрек болатын. Сол себептен екі аяқтан
көбірек, бірақ тура жүре алатын роботтарды
құрастыра бастады.
Роботтардың жылжу түрлері
Ал шынжыр табанды роботтар
одан сайын жақсы тартым береді.
Шынжырлы жылжу механизмі өзін
жүрген кезде жүздеген дөңгелектен
жасалған сынды ұстайды. Сол
себептен сыртқы жерлерде өз
қолданысын тапты. Көбінесе
қолданылатын салалырдың бірі –
әскери сала. Әскери операциялар
көбінесе сыртта өтеді, қарапайым
дөңгелекпен жетуге қиын жерлерде
шынжыр табанды робот оңай жете
алады. Алайда, үйдің ішіндегі палас,
немесе тегіс жерлерде роботтың бұл
түрін қолдану қиындау болмақ. Осы
түріне жататын роботтардың бірі –
NASA-ның Urbie атты қалалық роботы.
[
Жылжудың басқа түрлері
Ұшу
Жалпы айтқанды қазіргі
жолаушылар ұшағы екі адамға
бағынатын ұшатын робот.
Ұшақтардың автопилоттары
қосылу тұрса, компьютер
ұшақты саяхат бойы толығымен
(жерден ұшу, ауада ұшу мен
қону) басқара алады. Ұша
алатын роботтардың басқа түрі
ұшақышсыз ұшақтар, басқа аты
unmanned aerial vehicles (UAVs).
Ол ұшықта адамдар болмайды,
сол себептен кәдімгі ұшақтарға
қарағанда кішірек, жеңілірек
болады.
Жылжудың басқа түрлері
Иірілген қимылдар
Бірнеше жылан сынды роботтар істеп шығарылған. Сол роботтар
жылан қимылын еліктеп, шектелген жерлерге жете алады. Сол себептен,
бір күні жылан сияқты роботтар бұзылған ғимараттардың астарынан адам
іздеуге көмектеседі. Жапондық ACM-R5 жылан роботы жермен ғана
қоймай суда да жүзе алады.
Қорытынды
Қазіргі кездегі роботтардың көбісі адамның бұйрақтарымен жұмыс
істейді, немесе бір орында қозғалыссыз істейді. Оған қарамастан адамзат
динамикалық ортада автономды түрде жұмыс істей алатын роботтарға
қызығушылықтарын арттырып жатыр. Сол роботтарға қоршаған ортада
кедергісіз жүру үшін навигация керек. Егер күтпеген жағдайлар (мысалы
адамдар мен басқа заттар бір орында тұрмай, жылжитын болса) туындаса
робот соғысып мәселе туғызуы мүмкін. ASIMO және Meinü robot сынды
жоғары дамыған роботтардың навигация жүйелері де мықты. Өзін - өзі
бақылай алатын, немесе Ernst Dickmanns-ның жүргізушісіз автокөліктері
қоршаған ортаны сезіп, навигация бойынша шешімдерді көліктің өзі
қабылдай алады. Сондай роботтардың көбісі жол нүктелердің арасында
шарлау үшін GPS-ті radar, кейбір кездерде lidar сынды сенсорлармен, video
cameras және инерциялық бағдар жүйелерімен қоса қолданады.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Робототехника тарихы және перспективалары
Робототехника тарихы
Әлемдік нарықтағы роботты техника
Робототехника мен сервистер
Жобаның зерттеу міндеттерін кезең - кезеңмен орындау
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТ
Өнеркәсіптік роботтар
Болашақтың роботы
Робот сұлбасын жасау технологиясы
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Пәндер