Жануарлардың филяриотоздары және оларға қарсы ветеринарлық-санитарлық шаралары



СӨЖ
Тақырыбы: «Жануарлардың филяриотоздары және оларға қарсы ветеринарлық-санитарлық шаралары»
ҚР Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Орындаған: Берікбосынов А. Б.
Топ: ВС-403
Тексерген: Ахметжанова О. Н.
Семей қ. 2018

Жоспар
Кіріспе
Филяриотозға сипаттама
Филяриотоз себептері
Негізгі бөлім
Гелминтодиагностика түрлері
«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Филяриотозға сипаттама
Филяриотоз - филяриялармен - лимфа жүйесінде және тері асты жасунықта паразитті тіршілік ететін нематодтармен туындайтын трансмиссивті гельминтті аурулар тобы. Филяриотоздардың ортақ белгілеріне безгек, лимфаденит, лифангит, тері бөртуі, қол, аяқ, ұма шораяқтуы, көздің жарақаттануы және т. б. кіреді.
Филяриотоз диагнозы қанның қалың тамшысының жұғындысында немесе тері биоптатында микрофилярийлердің табылуында, иммунологиялық диагностика (РСК, РПГА, ИФА) нәтижелерінде расталынады.
Филяриотоз кезінде паразиттерге қарсы диэтилкарбамазинді терапия; көрсеткіштер бойынша іріңді ошақтарыдың санациясы, шораяқтың хирургиялық емделуі жүргізіледі.
1-сурет
Аурудың аралық және соңғы иесі, даму жолыныңжалпы көрінісі

Филяриотоз белгілері
1-сызбанұсқа

1. 1-сызбанұсқа

2-сызбанұсқа

3-сызбанұсқа

жіктелуі
4-сызбанұсқа
2-сурет
Қоздырғыштың жалпы физиологиялық көрінісі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 17 қаңтар №89 Астана, Үкімет Үйі «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «17» қаңтардағы №89 қаулысымен бекітілген
«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді айқындайды, оларды cақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ паразиттік аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызады.
2. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
3. Паразиттік аурулардың әкелінуінің алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуіне және таралуына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2293 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) безгектің жергілікті жағдайы 11+ сол аумақ немесе ел үшін жергілікті жағдай;
2) безгектің сырттан әкеліну жағдайы 11+ жұқтыру/ауру анықталған аймақтан тыс орын алған және безгек бойынша белгілі аймақта болумен байланысты жағдай;
3) гельминтоздар 11+ жануардың және адамның организмінде гельминттердің паразиттенуінен пайда болатын аурулар;

4) дегельминтизация 11+ науқас адамда (жануарда) және сыртқы ортада гельминт жұмыртқаларын немесе дернәсілдерін жою бойынша профилактикалық іс-шаралардың жүйесі;
5) дезинсекциялау іс-шаралары 11+ буынаяқтыларды жою бойынша (профилактикалық және жою) іс-шаралар;
6) иммуноферменттік талдау 11+ науқас қанының сарысуындағы ерекше антигендерді немесе антиденелерді жоғары тиімділікпен анықтауға мүмкіндік беретін сероиммунологиялық әдіс;
7) инсектицидтер 11+ қансорғыш жәндіктерді және кенелерді жою үшін пайдаланылатын химиялық құралдар (препараттар) ;
8) контагиозды гельминтоздар 11+ қатынастық-тұрмыстық жолмен берілетін паразиттік аурулар (энтеробиоз, гименолепидоз) ;
9) копроовоскопиялық зерттеу 11+ нәжістегі гельминт жұмыртқаларын анықтауға арналған зертханалық тексерулер кешені;
10) паразиттер 11+ басқа организмдердің арқасында тұрақты немесе уақытша тіршілік ететін, оларды тіршілік орны және қорек көзі ретінде пайдаланатын организмдер;
11) паразиттік аурулар 11+ пайда болуы мен таралуы мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігінен болатын адам аурулары;
12) паразитологиялық зерттеу 11+ биологиялық материалда (нәжіс, қан, несеп және басқалары) және сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулардың қоздырғыштарын анықтау бойынша зерттеу;
13) репелленттер 11+ жәндіктерге және кенелерге әсер ететін заттар;

14) санитариялық-эпидемияға қарсы (про¬филактикалық) іс-шаралар 11+ мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;
15) санитариялық-паразитологиялық зерттеу 11+ сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулар қоздырғыштарын анықтау;

16) сероиммунологиялық зерттеу - иммунитет реакцияларымен негізделген науқастар қанының сарысуындағы белгілі антиденелерді немесе антигендерді зерттеу әдісі;
17) тасымалдаушылар 11+ әртүрлі паразиттік (инфекциялық) қоздырғыштарды тасымалдауға бейім қансорғыш жәндіктер және кенелер;
18) тасымалдаушылар мониторингі - қансорғыш жәндіктер мен кенелер санын, фенологиясын, көбею орындарын үнемі энтомологиялық бақылау жүйесі, олардың түрлік құрамын зерттеу;
19) химиялық профилактика 11+ химиялық-терапиялық құралдардың көмегімен аурудан қорғау немесе оны болдырмау;
20) шыбын-шіркей - адамның денсаулығына зиян келтіретін қан сорғыш, ұшатын жәндіктердің (масалар, шіркейлер, құмытылар, үнсіз масалар және соналар) жалпы атауы;
21) эндемиялық аумақ 11+ паразиттік сырқаттанушылық тіркелген ел, жер;
22) ретроспективті эпидемиологиялық талдау - эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалық жоспарлауды негіздеу мақсатында алдаңғы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымын және динамикасын талдау;
23) скабиозорий 11+ қышымамен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу жүргізілетін стационар, кабинеттер;
24) деларвация - күресудің әртүрлі әдістерін (химиялық, биологиялық) пайдалана отырып, су қоймаларында қансорғыш жәндіктердің дернәсілдерін жою бойынша іс-шаралар;
25) білім беру ұйымдары 11+ мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
26) дегельминтизация - науқастың организміндегі гельминттерді барлық сатыларда жоюға бағытталған емдік-профилактикалық іс-шаралар кешені;
27) инвазия - паразиттік ауру қоздырғыштарымен зақымдалу.

2. Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау 5. Қазақстан Республикасында паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары (бұдан әрі - мемсанэпидқызмет органдары) жүзеге асырады. 6. Мемсанэпидқызмет органдарының мамандары паразиттік аурулардың алдын алу бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау барысында мыналарды: 1) халықтың паразиттік сырқаттанушылығын жедел және ретроспективті эпидемиологиялық талдауды; 2) аумақты эпидемиялық қолайсыздық дәрежесі бойынша аудандастыруды, паразиттік аурулардың ошақтарының типін айқындауды; 3) паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жұқтыру қаупі бар тәуекел контингенттерін анықтауды; 4) паразиттік аурулардың факторларын және берілу жолдарын анықтауды; 5) профилактикалық іс-шаралар кешенін айқындауды, оларды іске асыру мерзімін жоспарлауды, тиімділігін бағалауды; 6) паразиттік сырқаттанушылық бойынша эпидемиялық жағдайды болжауды; 7) паразиттік аурулар қоздырғыштарының санына мониторинг жүргізуді, түр құрамын және фенологиясын зерттеуді, қансорғыш жәндіктермен және кенелермен күресуді; 8) халықты гигиеналық оқытуды жүргізеді.

3. Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар 7. Мемсанэпидқызмет органдары паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді, ол мыналарды қамтиды: 1) науқастарды анықтау және есепке алу; 2) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінде паразиттік аурулар қоздырғыштарына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу; 3) Қазақстан Республикасының аумағына паразиттік аурулардың сырттан әкелінуінің алдын алу; 4) халықты гигиеналық оқыту. 8. Науқастарды және паразит тасымалдаушыларды анықтау: 1) тұрғындардың медициналық ұйымдарға жүгінуі, медициналық көмекті үйде көрсету, байланыста болғандарды ошақта медициналық бақылау; үйлерді (пәтерлерді) аралау жүргізу; профилактикалық жоспарлы, алдын ала, мерзімдік медициналық тексеру жүргізу; меншіктің кез келген нысанындағы клиникалық-диагностикалық зертханаларда тексеру кезінде жүзеге асырылады; 2) ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жүргізеді; 3) паразиттік аурулардың (тасымалдаушылық) әр жағдайы анықталған жері бойынша ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан медициналық, білім беру, сауықтыру және басқа да ұйымдарда тіркелуге және есепке алуға жатады. 9. Контагиозды гельминтоздарға және ішек протозойлы ауруларға жоспарлы профилактикалық тексеру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Міндетті медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 10. Паразиттік ауруларға зерттеу үшін материал жинауды медицина қызметкерлері жүргізеді.

11. Декреттелген контингенттің ішінен анықталған паразиттік науқастарды жұмыстан шеттету емдеу кезеңінде, контагиозды гельминтоз, қышыма, дерматомикоздарда - емдеу кезеңінде және емдеуден кейін зертханалық тексерулер кезінде жүргізіледі немесе инвазияланған қызметкерлер эпидемиологиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырылады 12. Паразиттік ауруларды зертханалық диагностикалау медициналық ұйымдардың клиникалық-диагностикалық зертханалары және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары (бұдан әрі - санэпидқызмет ұйымдары) жүргізеді. 13. Клиникалық диагностикалау ауру анамнезі, эпидемиологиялық анамнезі, шағым, белгілер, аурудың жойылған, қалыптан тыс нысандары ескеріліп тексеру деректері негізінде жүргізіледі. 14. Эпидемиологиялық анамнез жинау кезінде науқаспен немесе тасымалдаушымен байланыстың болуы, қайнатылмаған суды, күдікті тамақ өнімдерін пайдалануы, ауру жануармен байланыста болуы немесе жануарлардан алынған шикізатты пайдалануы (орны және уақыты көрсетіле отырып) анықталады. 15. Сирек кездесетін гельминтоздар мен ішек протозойлық аурулардың диагнозын растау үшін медициналық ұйым зерттелетін материалды және зерттеу нәтижелерін аумақтық санэпидқызмет ұйымына жібереді.

16. Медициналық ұйымдар науқастарды және паразит тасымалдаушыларды анықтау нәтижелері бойынша мәліметтерді мемсанэпидқызмет органдарына жібереді. 17. Паразиттік ауру ошағында инвазия көзін, факторларын және берілу жолдарын анықтау үшін зертханалық әдістерді қолдану арқылы эпидемиологиялық зерттеу жүргізіледі. 18. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (ошақтарда) халықты гельминтоздарға тексеруді санэпидқызмет ұйымдарының мамандары жүргізеді. 19. Ошақта жүргізілген эпидемиологиялық тексеруден кейін Паразиттік ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы толтырылады. 20. Барлық анықталған науқастар мен паразиттік ауру қоздырғыштарын тасымалдаушылар медициналық ұйымдарда емделуі және диспансерлік бақылаудан өтуі қажет. 21. Гельминтоздарға және ішек протозооздарына зертханалық тексерілуге мыналар жатады: 1) білім беру ұйымдарына баратын балалар - қабылдау алдында және басқа топқа ауысу кезінде, кейіннен жылына бір рет тексеріледі; 2) білім беру ұйымдарының персоналы; 3) білім беру ұйымдарының 1-4-сыныптарының оқушылары - жыл сайын жазғы демалыстардан кейін, сыныптардың құрылуы кезінде тексеріледі; 4) диспансерлеу және медициналық тексеру кезінде халықтың декреттелген топтары; 5) білім беру ұйымдарына, сәбилер үйлеріне, балалар үйлеріне, санаторий-курорттық емделуге, сауықтыру лагеріне бару алдында балалар және жасөспірімдер; 6) емделуге келіп түсу кезінде балалар ауруханаларының стационарлық науқас балалары; 7) ересек адамдар емханаларындағы және ауруханалардағы амбулаториялық және стационарлық науқастар клиникалық айғақтар болғанда; 8) стационарлық емделіп жатқан балаларға күтім жасайтын адамдар; 9) патогенді ішек қарапайымдыларына этиологиясы анықталмаған жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастар; 10) науқаспен (паразит тасымалдаушымен) байланыста болған адамдар; 11) судағы спорт түрі бойынша спорттық топтарына баратын адамдар спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет.

22. Жұқпалы-тері (қышыма, дерматомикоздар) ауруларына тексерілуге мыналар жатады: 1) балалар үйлеріндегі және сәбилер үйлеріндегі балалар, мектеп-интернаттардың оқушылары - апта сайын; 2) білім беру ұйымдарына жаңадан келетін және әртүрлі себептермен ұзақ уақыттан кейін (бір аптадан аса) оларға қайта келетін балалар; 3) сауықтыру ұйымдарына баратын балалар; 4) білім беру ұйымдарының оқушылары - тоқсан сайын; 5) диспансерлеу және профилактикалық тексеру кезінде декреттелген контингенттің адамдары; 6) стационарлық науқастар; 7) судағы спорт түрі бойынша спорттық топтарына баратын адамдар спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет. 23. Амбулаториялық және стационарлық емделуге келіп түсетін пациенттерді жұқпалы-тері ауруларына тексеру нәтижелерін пациенттің амбулаториялық карталарында тіркейді. Ұзақ уақыт бойы стационарлық емделу жағдайында пациенттерді тексеруді медицина персоналы 10 күнде 1 реттен сиретпей жүргізеді. 24. Халықтың декреттелген тобынан паразиттік аурулармен ауыратын науқастар емдеуден өту кезеңінде және емделуден кейінгі қорытынды тексерудің нәтижелері теріс болғанда жұмыстан шеттетіледі немесе басқа жұмысқа ауыстырылады.

4. Безгектің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
25. Безгек - безгек масаларының шағуы арқылы табиғи жағдайларда берілетін Plasmodium тектес қарапайым қан-паразиттерінен болатын инфекциялық аурулардың тобы.
26. Клиникалық-эпидемиологиялық айғақтар бойынша безгекке тексерілуге мыналар жатады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz