Құқық нормаларының негіздері мен белгілері


Slide 1

Құқық нормаларының негіздері мен белгілері

Slide 2

Құқық нормаларының ұғымы

Қоғамның даму жолына түсуімен қатар мемлекеттік құбылыстар да тез өзгеріске ұшырап, толығып, түрленіп, жаңалану үстінде. Осы тұрғыдан алғанда, заңгер мамандығының негізін қалаушы мемлекет және құқық теориясы пәнінен жазылатын оқулықтар мен оқу құралдары да жаңа заман талабына сай, мемлекет пен құқықтағы соңғы өзгерістерді қамтитын сипатта болуы - уақыт талабы. Аз ғана уақыттың ішінде нақты мемлекет пен құқықтың түрлі өзгеріске ұшырауы мемлекет пен құқық теориясын зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер туғызып, зерттеу аясын кеңітуге жағдай жасауда. Сондықтан да болар, соңғы жылдары мемлекет пен құқық теориясы бойынша бірқатар іргелі ғылыми еңбектермен қатар оқулықтар, оқу құралдарын оқырман назарына ұсынып үлгерді. Аса қуантарлық жайттардың бірі мемлекет пен құқық теориясы бойынша әртүрлі авторлардың мемлекеттік тілде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуы болып отыр.

Құқық нормаларының негіздері мен белгілері құқықтанудағы белгілі ғылым саласы болғандықтан, мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеп, баға беруді мемлекеттің тарихи типінің өзгеріске ұшырауы да өз әсерін тигізіп отырды. Социалистік мемлекет кезінде барлық мемлекеттік құқықтық құбылыстарға марксистік ұстаным бойынша баға беріліп, материалистік диалектика заңдылықтары бойынша зерттуелер жүргізілді. Қазіргі кезде зерттеу жүргізуде еркіндік болуы, цензураның тыйылуы мемлекет пен құқыққа қатысты тың ойлардың, көзқарастар мен теориялардың қалыптасуына жол ашты.

Жалпы заң ғылымындағы мемлекет және құқық теориясының дербес ғылым саласы ретінде дамуы кеңестік дәуірден бастау алатындығын ескерсек, еліміздегі мемлекет және құқық теориясы ғылымы кеңестік кезеңде үлкен даму жолын бастан өткерді. Ал тәуелсіздік алған жылдары мемлекет пен құқыққа қатысты тың идеялар қазақстандық ғылымдар тарапынан көптеп ұсынылғанын мақтанышпен айта аламыз. Қазіргі кезде еліміздің мемлекет пен құқық теориясы ғылымы дербес толыққанды ғылым саласы ретінде жаңа даму кезеңін бастан кешуде. Елімізде мемлекеттік басқару мен құқықтық реттеуге байланысты жүзеге асырылып жатқан реформалар көптеген фундаментальды зерттеулердің жүзеге асырылуына ықпалын тигізуде.

Slide 3

Құқықтың анықтамасы

«Құқық» терминінің көптеген мағынасы бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда құқық түсінігі субъективтік(тұлғалық) мағынада қолданылады.

Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқі бағдарламасын орындауға міндетті.

Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі, олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес.

Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, азаматтық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық.

Төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты құқық жүйесі деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.

Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.

Мемлекетке дейінгі кезеңде қоғамдық өмірді әлеуметтік нормалар реттеп отырды. Ол адамдардың өмірлік қажеттіліктерінен пайда болып, дамыды.

Slide 4

Құқық нормаларын талқылау әдістері

Талқылау әдісі - құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған амал, құрал, тәсілдердің жиынтығы.

Құқық нормаларын талқылау әдістері келесі әдістерді бөліп көрсетеді:

1. Кез келген құқықтық акт заң шығарушының ойын сөзбен өрнектейді. Грамматикалық әдісі (тілдік) - тіл заңдылықтары, грамматика ережелері, орфография көмегімен талқылау;

2. Логикалық - логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен талқылау;

3. Жүйелік-құқық нормасының өзге нормаларымен жүйелік байланысын анықтай отырып, оның нақты орнын ескере отырып шешу;

4. Тарихи-саяси нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және нақты тарихи астарын анықтай отырып түсіндіру;

5. Арнаулы заңдық- заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің мазмұнын ашу арқылы талқылау.

Slide 5

Құқықтық норманың құндылығы

Құқықтық нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады.

Құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып экономикалық, әлеуметтік жағдайлардың дамуына мүмкіншілік жасап отырады.

Құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты, т. б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады.

Құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың негізгі құралы.

Slide 6

Құқық нормаларын көлемі бойынша талқылау

1. Сөзбе-сөз - құқық нормасының мағынасымен оның мәтіндік көрінісінің мағынасы дәлме дәл сәйкес келуі; мысалы, Парламент-Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы;

2. Шектеулі - құқық нормасының нақты мағынасы оның мәтіндік көрінісі болып табылған кезде қолданылады; мысалы, «Балаларына қамқорлық жасау - ата-анасының парызы» деген конститутциялық нормада кәмелетке толмаған балалар туралы айтылуы;

3. Таралушы - құқық нормасының нақты мағынасы оның мәтіндік көрінісінен кең мағынаға ие болған жағдайда; мысалы, сот тәуелсіз және заңға ғана бағынады- деген жерде «заң» терминіне тек заңды ғана емес басқа да сот жетекшілік ететін құқықтық-нормативтік актілерді (Констиутциялық кеңес пен Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын ) түсіну керек.

Slide 7

Құқықтық нормалардың белгілері мен түрлері

міндеттейтін

анықтайтын

ерік бекітетін

норма-принциптер бекітетін

норма-анықтамалар

Slide 8

Құқықтық нормаларды талқылау түрлері

Құқық нормаларын талқылаудың бірнеше түрлері бар.

Субъектілері бойынша құқық нормаларын талқылау ресми және ресми емес болып екі түрге бөлінеді.

1. Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдармен субъектілермен іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы кұқықтык келісім аркылы бекітіледі. Екіншіден, ресми талкылаудың нәтижесі түсінік берілген құқық норманы колдануда барлық субъектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден, құқық қолданатын субъектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағынада үғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда қателіктерге баруға тосқауыл қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді.

2. Нормативтік талқылауда құқықтық норманы талқылаған түсініктің өзі бәріне міндетті нормаға айналады, көп рет қолдануға мүмкіндіктер туады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер туралы заңында» заңға сәйкес қабылданған кесімдер ресми түрде өзі қабылдаған органмен талқыланады деп атап көрсетілген. Сонымен қатар нормативтік талқылаудын субъектісі болып әділсот органдары, атап айтқанда Қазақстан Республикасыиың Жоғарғы Соты бола алады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының қаулылары соттардың тәжірибелерінде қолданылатын заңдар мен заңға сәйкес кабылданған нормативтік-құқықтық кесімдерге түсініктеме береді және оларды тек сот органдары ғана пайдаланады.

3. Казуальдық талқылау нақтылы қаралған іс бойынша қолданылатын құқық нормаға түсінік беру. Мұндай талқылау негізінде құқық колдану барысында арнайы құзырға ие органдардың шешімдері мен соттардың үкімдерінен, шешімдерінен өздерінің көріністерін табады, соттық және әкімшілік болып екі түрге бөлінеді.

Slide 9

Құқықтық нормалардың логикалық құрылымы

Гипотеза

(жорамал)

Құрылысына байланысты

Анық

Салыстырмалы анық

Баламалы

Диспозиция

(мінез-құлық ережесі)

Жай

Бейнелеу

Сілтеме

Санкция (жаза, шара)

Салыстырмалы анық

Абсолютті анық

Баламалы

Жазаның тек жоғары шама мерзімін анықтайтыны

Жазаның төменнен жоғары шама мерзіміне дейінгі анықтайтыны

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері
Құқықтық қатынастар ұғымы, олардың белгілері
Қасақана қылмыс сатылары
Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу
Фармацевтикалық қызметінде тәртіптік жауапкершілік
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары ұғымы бойынша азаматтық процестік құқық саласының ғалымдарының пікірлері
Әкімшілік құқық пәнінің қатынастары
Әкімшілік құқыққа сипаттама
Құқықтық норма
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz