Мемлекет және құқық теориясы: пайда болу теориялары, зерттеу әдістері және ішкі функциялары


Slide 1

Мемлекет және құқық теориясының түсінігі

Slide 2

Мемлекет-қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған және нақты қоғамдағы саяси жүйедегі биліктің орталық институты болып табылатын саяси құрылым. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылды. Себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері мыналар болып табылады:

-теологиялық (діни) теория;

-шарттық теория;

-күштеу теория;

-органикалық теория;

-психологиялық теория;

-материалистік теория.

Slide 3

Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен, қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Мемлекет және құқық теориясының өдістері бірнеше түрлерге жіктеледі.

Жалпығылымдык әдістер:

а) диалектикалық әдіс (диалектика-даму) ;

б) абстрактілік ойлаудан нақты (конкретті) ойлауға өрлеу әдісі. Мысалы: мемлекет нысаны (формасы) деген ұғымды алып мемлекеттің әр түрлерін талдай бастасақ, онда "мемлекет нысаны (формасы) ұғымы өзінің құрамдас бөліктерінің "басқару тұрпаты" деген ұғыммен толықтана бастайды. Сонда мұндағы алғашқы ұғым "мемлекет нысаны (формасы) " талдау барысында кейін жаңа нақты белгімен, яғни ерекшелікпен толықтырылғанын байқаймыз.

Slide 4

Ал енді керісінше құқық бұзушылық ұғымының бірнеше, яғни қылмыстық, әкімшілік, азаматтық түрлерін зерттеу барысында нақтылықтан (конкреттіден) абстрактілікке қарай өрлесек, онда кұкық бұзушылық туралы жалпы ұғымды тұжырымдауға қол жеткіземіз;

в) тарихи әдіс. Бұл әдіс - мемлекет пен құқыкгың тарихилығына, оның өзгермелілігіне және әрқашан да дамуда болатын кұбылыс екендігіне негізделеді.

Бұл әдісті қолдану барысында зерттлініп отырған мемлекет пен құұыктың өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада, қандай дәстүрлер мен қандай аумақтық ерекшеліктер мен халықтар болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз;

г) жүйелілік әдісі. Мемлекет және құқық - құрылымы күрделі болып келетін жүйелілікті білдіретін ұғым. Мысалы, мемлекет мемлекеттік органдар жүйесінен, ал құқық - құқық салаларынан тұратынын осы әдісті қолданып пайымдаймыз.

Slide 5

Мемлекеттің ішкі функциялары - оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады:

-адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

-құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы;

-экономикалық функция;

-салық салу функциясы;

-әлеуметтік қорғау функциясы;

-экологиялық функция;

-мәдени функция;

-ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы.

Slide 6

Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері мыналар болып табылады:

-теологиялық (діни) теория;

-шарттық теория;

-күштеу теория;

-органикалық теория;

-психологиялық теория;

-материалистік теория.

Slide 7

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқық теориясының қызметтері, әдістері және пайда болу теориялары
Мемлекет: түсінігі, пайда болу теориялары, типтері және функциялары
Мемлекет пен құқық: ұғымы, дамуы және пайда болу теориялары
Мемлекет және азаматтық қоғам: анықтамасы, пайда болу теориялары, функциялары мен түрлері
Мемлекет ұғымы, пайда болу теориялары, функциялары мен түрлері және саяси режимдері
Мемлекет: түсінігі, пайда болу теориялары, белгілері, нысандары және қызметтері
Мемлекет пен құқықтың пайда болу тарихы мен теориялары
Құқықтың түсінігі, мәні, қағидалары мен функциялары және мемлекеттің пайда болу теориялары
Мемлекет: анықтамасы, пайда болу теориялары, басқару формалары мен азаматтық қоғам
Мемлекет және құқық: шығу теориялары, нысандары және құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz