Әлеуметтік норма жүйесіндегі құқықтың рөлі мен қоғамдық өмірдегі құқықтық саланың орны


Slide 1

«Әлеуметтік норма жүйесіндегі құқықтың орны, қоғам өміріндегі құқықтық саланың орны»

Орындаған:0201000- “Құқықтану” мамандығының

220 топ білім алушысы:Умбетқалиев Т.

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі

Ақтөбе, 2016 ж

Slide 2

Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.

Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор.

Моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі.

Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арқа

сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.

Slide 3

Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар.

Slide 4

Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар:

1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-арман, рухани құндылық т. б. ) ;

2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;

3) қоғамдық ұйғарымның (санкцияның) негізі болуы керек.

Slide 5

Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып нығаюына сан қырлы құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады.

Оларды үш топқа бөлуге болады:

- табиғи құбылыс, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т. б. ;

- нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;

- адамдардың өзара қатынастарын сапалы орындауы. Қоғамдағы қатынастарды реттеп-басқаратын нормаларды төрт топқа бөледі:

- табиғи нормалар - ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми нормалар деп те атайды;

- ғылыми-зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи ережелер, инструкциялар;

- әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;

- құқықтық нормалар.

Slide 6

Әлеуметтік нормалардың белгі нышандарына мыналар жатады:

1. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі. Жеке адамдар ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар осы ережеге сәйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.

2. Әлеуметтік нормалар - қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды дұрыс, жақсы орындау бар азаматтардың, барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке тартылады.

3. Әлеуметтік нормалар - жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса еріксіз орындалуға тиіс ереже.

Slide 7

Құқықтық норма түсінігі

Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.

Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді.

Slide 8

Құқықтық норманың кұндылығы:

- құқықтық нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;

- құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;

- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсызданын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;

- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандық т. б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады;

- құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.


Ұқсас жұмыстар
Құқықтың түсінігі, құқықтық қатынастардың субъектілері және құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлі: әлеуметтік нормалар жүйесі
Қоғамдағы құқықтың орны және әлеуметтік нормалардың жүйесі
Баланың өмірдегі орны және отбасыдағы рөлі
Саясаттану ғылымының әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың рөлі мен жіктелуі
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні, әдіснамасы және гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Математиканың өмірдегі қолданылуы мен ғылымдағы рөлі
Құқықтың мазмұны мен құрылымы: ұғымы, дамуы және құқықтық нормалардың жіктелуі
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат: ерекшеліктері, элементтері және функциялары
Әдебиет сыны: әдебиеттану саласындағы орны, қоғамдық рөлі және Қазақстандағы дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz