Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы, құқық нормаларын түсіндіру және нормативтік құқықтық актілердің түрлері


Slide 1

Құқықтық сана: оның түсінігі, құрылымы, түрлері

Slide 2

Құқық нормаларын түсіндіру - бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған əлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесінде нормативтік ереженің мəні, оның негізгі мақсаты мен əлеуметтік

бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық

реттеу жүйесіндегі орны жəне т. б. анықталады.

Құқықтық норманы түсіндірудің мақсаты - заңшығарушының не айтқысы келгенін емес, оның қалыптастырған ережесінің мəнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді жəне енгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге жəне нақтылауға бағытталған. Құқықтық норманы түсіндіру екі жақтан құралады

Slide 3

Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:

1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, оларды, өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды - институттарды, салаларды құрайды;

2) оның элементтері бір - біріне қайшы келмейді, іштей үлескен, тығыз байланыстылыққа ие ; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;

3) ол әлеуметтік - экономкалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;

4) ол обьективтік сипатқа ие, себебі, обьективтік сипаттағы қатынастарға тәуелді және адамдардың субьективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.

Slide 4

Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

3) қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт. Қазақстан Республикасының заңда рын да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.

Slide 5

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Құқық нысандары: түсінігі, түрлері және нормативтік-құқықтық актілердің жіктелуі
Құқықтың қайнар көздері: ұғымы, түрлері және Қазақстандағы нормативтік құқықтық актілердің деңгейлері
Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет: құрылымы, функциялары, құқықтық тәрбие және құқықтық нигилизм
Әлеуметтік нормалар мен құқық нормаларын қолдану: маңызы, түрлері және құрылымы
Қазақстан Республикасындағы заң шығару жүйесі және құқықтық актілердің құрылымы
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет: түсінігі, белгілері, факторлары мен функциялары
Құқық нормаларын түсіндірудің негіздері, ерекшеліктері және тәсілдері
Мемлекет пен құқық негіздері: құқықтық сана, азаматтық тәрбие және конституциялық нормалар
Құқық бұзушылықтар: түрлері, себептері және құқықтық жауапкершілік
Кәсіпорынның түсінігі, құрылымы және ұйымдық-құқықтық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz