ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Презентация қосу
ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР
КӨЗДЕРІ
Құқықтың қайнар көздерi деп мемлекеттің қоғамдық
қатынастарды реттеу, қорғау үшін қабылдаған және
бекіткен нормативтік кесімдердің біртұтастықтағы
жиынтығын айтады. Құқықтың қайнар көздерiне ресми
сипат көрiнiсi тән, олар мемлекетпен танылады және
құрамындағы нормаларға мемлекеттен қолдау көрсетiледi.
Құқықтың қайнар көздеріне тек қана мемлекеттік
органдардың жоққа шығарылғанға дейін қолданылатын,
құқық нормасы бар, бәріне бірдей міндетті мінез – құқық
ережелері, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер
жатады. Ал, құқық негізінде қабылданатын дара кесімдер
бір ғана оқиға, сәттерге пайдаланылады.
Құқықтың қайнар көздері – мемлекеттен туындайтын
немесе онымен танылатын, құқық нормаларын
айқындайтын және бекітетін, оларға заңдық,
жалпыға міндеттілік мән беретін ресми құжаттық
нысандар
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері
-Нормативтік құқықтық актілер:
-Санкцияланған әдет-ғұрыптар;
-Заңды прецедент;
-Құқықтың жалпы қағидалары;
-Діни мәтіндер.
Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету,
қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту,
толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату
немесе тоқтата тәру, оларды жариялау
ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес,
нормативтiк құқықтық актiлер
қабылдайтын мемлекеттiк органдардың
қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы
органдардың құқықтық мәртебесiн
айқындайтын актiлермен, соның iшiнде
олар туралы ережелермен және олардың
регламенттерiмен, басқа да нормативтiк
құқықтық актiлермен айқындалады.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы наурыздың 24-інде
қабылданған «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заң
меммлекетте қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді
екі түрге бөліп қарайды:
Негізгі Туынды
Нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң
арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге
сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар;
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;
Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк Жарлықтары;
5) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
7) Министрлердiң нормативтiк бұйрықтары; мемлекеттiк комитеттердiң
нормативтiк қаулылары; өзге де орталық мемлекеттiк органдардың
нормативтiк бұйрықтары, қаулылары;
8) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімияттардың
нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық
шешімдері.
Сонымен, құқықтың қайнар көздері деп мемлекеттің
қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау үшін
қабылдаған, бекіткен нормативтік актілердің біртұтас
жиынтығын айтамыз. Құқықтың қайнар көздерінiң
түрлерi: нормативтік актілер, үлгі істер (прецедент),
құқықтық әдеттер. Өз кезінде қазақ мемлекеттілігінің
құқығы осы үш жолмен қалыптасқан. Оған дәлел
"Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның
ескі жолы" (XV ғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы"
(XVIII ғ.).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz