Құқық нормаларын түсіндірудің негіздері, ерекшеліктері және тәсілдері


Slide 1

Құқық нормаларын талқылау ұғымы

Slide 2

Құқық нормаларын түсіндіру - бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған əлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесінде нормативтік ереженің мəні, оның негізгі мақсаты мен əлеуметтік бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны жəне т. б. анықталады.

Құқықтық норманы түсіндірудің мақсаты - заңшығарушының не айтқысы келгенін емес, оның қалыптастырған ережесінің мəнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді жəне енгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге жəне нақтылауға бағытталған.

Slide 3

Құқықты түсіндіру актілерінің ерекшеліктері:

-заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған;

-нормативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған;

-дербес сипатқа ие емес жəне өзі түсінідіріп отырған нормалармен бірге

əрекет етеді;

-құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.

Slide 4

Құқықтық норманы түсіндіру екі жақтан құралады:

-норманың мəні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін) ;

-норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін) .

Құқықтық нормалар түсіндіру тəсілдері - бұл құқықтық нормалардың

мазмұнын анықтауға бағытталған тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы.

Түсіндіру тəсілдерінің мынадай түрлері бар:

1) грамматикалық - тіл құралдарының, грамматика ержелерінің, орфографияның жəне т. б. көмегімен түсіндіру;

2) логикалық - логика заңдарының жəне ережелерінің көмегімен түсіндіру;

3) жүйелік - заң нормасының басқа нормалармен жүйелік байланысын, нақты жүріс-тұрыстың құқық жүйесіндегі орны мен рөлін талдау арқылы түсіндіру;

Slide 5

Түсіндіру тəсілдерінің мынадай түрлері бар:

1) грамматикалық - тіл құралдарының, грамматика ержелерінің, орфографияның жəне т. б. көмегімен түсіндіру;

2) логикалық - логика заңдарының жəне ережелерінің көмегімен түсіндіру;

3) жүйелік - заң нормасының басқа нормалармен жүйелік байланысын, нақты жүріс-тұрыстың құқық жүйесіндегі орны мен рөлін талдау арқылы түсіндіру;

4) тарихи-саяси - құқықтық норманы қабылдаудың нақты-тарихи жəне саяси жағдайларының көмегімен түсіндіру;

5) теологиялық (мақсатты) - нормативтік актіні қабылдау мақсаттарын анықтаудың көмегімен талқылау;

6) арнайы-заңды - заңнамада қолданылатын заң терминдерінің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру.

Slide 6

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы, құқық нормаларын түсіндіру және нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Әлеуметтік нормалар мен құқық нормаларын қолдану: маңызы, түрлері және құрылымы
Құқық негіздері және медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Құқық нормаларының құрамы, элементтері және құрылу тәсілдері
Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Құқық қорғау қызметінің этикалық негіздері
Құқық негіздері: мемлекет пен құқық теориясы, құқықтық қатынастар және заңдық жауапкершілік
Құқық нормаларының негіздері, белгілері, түрлері және талдау әдістері
Азаматтық құқық негіздері: меншік құқығы
Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері және қолданылу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz