Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны, тарихи түрлері, ұғымы белгілері
Презентация қосу
Қоғамның саяси жүйесіндегі
мемлекеттің орны, тарихи
түрлері, ұғымы белгілері.
Орындаған: Аманбекқызы Айдана
Қоғамның саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі- бұл белгілі бір саяси
функцияларды атқарушы мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың
жүйесі. Мұндай институттардың қатарына
қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына
қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар
және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады.
Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге
асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың
мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және
қорғайды
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі-
мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең
орталық буыны- мемлекет. Біріншіден, ол саяси
жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын
ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси
жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси
функция арқылы қоғамның игілікті
құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып
отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру
дегеніміз- қоғамдағы қарым- қатынастарды,
олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты,
жақсы дамуын қамтамасыз ету.
Саяси жүйелердің жіктелуі
Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің
жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ
пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу
зерттеушілер таңдаған өлшемге
байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең
тараған түрі, оның саяси тәртібіне
қарай тоталитарлық, авторитарлық және де
мократиялық деп бөлінуі.
Тоталитаризм
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің
бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің
барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы
мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен
өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.
Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-
да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун,Солтүстік Кореяда Ким Ир
Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады.
1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық
— бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-
саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі —
фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті
атқарушы бағыт.
Авторитарлы
Авторитарлы (лат. autoritas)- билікке сөзсіз
бағынуға негізделген
(мысалы, фашистік Германиядағы авторитар
лы саяси тәртіп). Мемлекеттік
құрылыстағы өктемшілік бір адамның
(монарх, диктатор) әміршіл билігіне
байланысты.
Демократия
Демократия – сөзі
(гр. demos – халық және гр. kratos –
билік) деген сөздерінен шыққан,
яғни “халық билігі” деген мағынаны
білдіреді.
Қоғамның саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі .Елдің саяси қызметіне
қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын
саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген
адамдардың жиынтығы. Бұл барлық органдары
бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты
бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі
болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете
алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.)
қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу
мен білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын
барлық мекемелер. Кейбір саясаттанушылар қоғамның
саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар,
принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси
мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады
Қоғамның саяси жүйесін саяси
функциялар атқаратын мемлекеттік
және мемлекеттік емес әлеуметтік
институттар құрайды. Мұндай
институттарға мемлекет, партиялар,
кәсіби одақтар және тағы басқа
ұйымдар мен қоғамдар жатады.
Олардың бәрінің ортақ мақсаты –
мемлекеттік билікке қол жеткізу.
Қазақстанның саяси жүйесі
Саяси жүйе 2-ге бөлінеді:
1) Ішкі
2) Сыртқы
Ішкі саясат
Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі
таптардың, әлеуметтік топтар
мен қабаттардың, ұлттардың қарым-
қатынасын білдіретін саясат,
мемлекеттін іс-әрекетінің және
билеуші партиялардың
негізгі бағыттарын қамтиды
Сыртқы саясат
Сыртқы саясат - халықаралық
аренадағы мемлекеттер мен халықтар
арасындағы өзара қарым-қатынасты
реттеуші саясат. Сыртқы саяси
мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді.
Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет
сыртқы саяси қызметті атқарады
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің
алатын орны өте зор, өте жауапты.
Мемлекет саяси партиялармен бірігіп
қоғамның барлық саласының дұрыс,
жағымды дамуына жауапты және сол
жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын
мемлекет өз мойынына алады. Әрине, бұл
тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес,
демократиялық мемлекеттің сипаттамасы,
мазмұны.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz