МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ


Slide 1

Мемлекет ұғымы

Slide 2

Кіріспе

Мемлекетті Конституция, заңдардың шегінде шектеу бағдарламасы ретінде құқықтық мемлекет ұғымы ХVIII-ХIХ ғғ. аралығында пайда болды. Ал идеясы мен институттары құқықтың германдық және европалық дамуына жатады және құқықтың көмегімен мемлекетпен кепілдендірілген ейбіт тәртіпке жетуге бағытталады. Құқықтық мемлекеттің алғашқы идеяларын Сократ, Платон, Аристотель, Цицерон көзқарастарынан табуға болады. Бұндай мемлекеттің тұжырымдамасын М. Падуанский, Д. Локк, Ш. Л. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, Т. Джефферсон, И. Кант, Г. В. Гегель және т. б. дамытқан. Құқықтық мемлекет туралы буржуазиялық ілімнің бастаушысы және классигі Имануил Кант еңбегінде орын алған құқықтық мемлекет-барлық органдарының, лауазымды тұлғаларының ұйымдастырылуы және қызметі құқыққа негізделген және онымен байланысты демократиялық мемлекет.

Slide 3

Мемлекет - басқару-қамтамасыз ету, қорғау қызметін жүзеге асыру мақсатындағы арнайы аппараты бар, өз әмірін елдің барлық халқы үшін міндетті ете алатын жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы.

Мемлекет - белгілі бір аумақтың шегінде нақты бір мүдделердің (таптық, жалпыадамзаттық, діни, ұлттық және т. б. ) жүзеге асырылуына септігін тигізетін саяси биліктің ұйымы.

Мемлекет оны рулық құрылыстың әлеуметтік билігінен айыруға мүмкіндік беретін келесі белгілермен сипатталады:

1) қоғамнан бөлініп алынған және елдің халқымен сәйкес келмейтін (яғни саяси билікті орындау мемлекеттік қызметкерлердің ерекше аппаратымен жүзеге асырылады) жария биліктің болуы;

2) мемлекет міндетті түрде мәжбүрлеу және күштеу аппаратына ие болады (саяси билікті шешуді қамтамасыз ету үшін - армия, полиция, сондай-ақ түрмелер мен басқа да мекемелер) ;

Slide 4

3) салық жүйесі, төлемдер, алымдар (мемлекеттік аппаратты, материалдық құндылықтарды өндірмейтін және тек билік ету қызметімен ғана айналысатын адамдарды қамтамасыз етуге қажет) ;

4) тұрғылықты халықты аумақтық белгісі бойынша бөлу (мемлекет өзінің билігімен және қорғауымен оның территориясын жайлаған барлық халықтарды олардың қандай да бір руға немесе тайпаға жататындығына қарамастан біріктіреді) ;

5) егемендік (өзінің аумағында мемлекетке тән үстемділігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі) ;

6) құқық (мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі соңғысы мемлекеттік билікті заңды түрде жабдықтайды және сол арқылы оны легитимді қылады, мемлекет функцияларының жүзеге асырылуының заңды шектері мен нысандарын белгілейді, т. б. ) .

Slide 5

Құқықтық мемлекеттің екі негізгі қағидасын бөліп көрсетуге болады:

1) Халықаралық талаптар деңгейінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдендірілуі, жеке тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін (әлеуметтік мазмұнды жағы) туғызу;

2) Құқықтың көмегімен мемлекеттік билікті барынша жүйелі байланыстыру, мемлекеттік құрылымдар үшін шектеудің құқықтық режимін қалыптастыру (формальді- заңды тұлға) .

Slide 6

Мемлекеттік биліктің үстемділігі:

оның барлық тұрғылықты халыққа және қоғамның барлық әлеуметтік құрылымына еш күмәнсіз таралуын;

саясаттың басқа субъектілерінің қолында жоқ әсер ету құралдарын қолданудың монополистік мүмкіндігін (мәжбүрлеу, күштеу тәсілдері, тіпті өлім жазасына дейін) ;

билік өкілеттіктерін өзіне тән нысандарда, ең алдымен заңдық нысанда жүзеге асыруын (құқық шығармашылық, құқық қолдану және құқық қорғау) ;

егер де мемлекеттің нұсқауларына сәйкес келмесе, мемлекеттің бастамасын жоққа шығарып, саясаттың басқа субъектілерінің түкке тұрғысыз актілерін тануын білдіреді.

Slide 7

Мемлекеттің типологиясының формациялық және өркениеттік көзқарастары

Осы уақытқа дейін жалғыз мүмкін және ғылыми көзқарас ретінде формациялық танылды. Басты критерийлері әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) болады. Осы көзқарасты қолдаушы өкілдерінің пікірі бойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис (өндірістік қатынастардың типі) және мемлекет пен құқықтың сай типтері болады. Экономикалық базистердің типтеріне байланысты мемлекеттің келесі типтерін анықтайды: құлиеленуші, феодалдық, буржуаздық, социалистік.

Бұл типологияның жағымды жақтары:

1) мемлекетті әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлу идеясының өзі өнімді, олар шын мәнінде қоғамға әсер етеді;

2) мемлекеттің дамуының этаптылығын, табиғи-тарихи сипатын көрсетеді.

Әлсіз жақтары:

1) ол көбінде біржақты, артық бағдарламалануымен сипатталады, ал тарих саннұсқалы және әр қашан да оған сызылған сызбаларға сәйкес келе бермейді;

2) рухани факторлар дұрыс бағаланбайды (діни, ұлттық, мәдени және т. б. ) .

Slide 8

Өркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілері мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Осы көзқарасты демеуші өкілдерінің бірі ағылшын тарихшысы А. Тойнбидің пікірі бойынша, өркениетті, діни, ұлттық, георграфиялық және өзге де белгілердің жинақталуымен ерекшеленетін қоғамның тұйық және локальді күйі. А. Тойнбидің пікірінше, 21 өркениеттен тек еңбекті бөлу негізінде өмірді игере білген, әлеуметтік ұқсау базасында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыра білген, статистикалық жағдайдан динамикалық жағдайға көше білген және сол арқылы адамдардың қызмет түрлерінің барлығында рухани бастауды дамыта білгендері (мысырлық, қытайлық, ирандық, сириялық, мексикандық, батыстық, қиыр шығыстық, проваславиелік, арабтық және т. б. ) ғана сақтала алды.

Slide 9

Мемлекеттің мәнін айқындауға келесі көзқарастарды атауға болады:

Таптық, осы тұрғыда мемлекетті экономикалық үстемдік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады. Бұл жерде мемлекет билік етуші таптың мүдделерін қамтамасыз ететін құрал ретінде қолданылады. Бұл жағдайда қандай да бір таптардың мүдделерін алдымен қанағаттандыру басқа таптардың қарсылығын тудырмауы мүмкін емес. Осыдан келіп үнемі осындай қарсылықтарды күштеу, диктатура арқылы «басу» проблемасы туындайды. Жалпы адамзаттық мүдделер де бар бұл жерде, бірақ та олар екінші орынға қалдырылады.

Жалпы әлеуметтік, оның шегінде мемлекетті әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделеріне компромисс(келісім) жасауға жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтама беруге болады. Бұл жерде мемлекет, көбіне, компромисс(келісім) секілді тәсілді қолдана отырып, әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтардың, мемлекеттің халқының басым көпшілігінің мүдделерін жинақтайтын қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ететін құрал ретінде кеңірек мақсаттарға қолданылады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік және байланыс құралдары, қылмыстылықпен күрес және т. б.

Slide 10

Монархияның белгілері :

Билік мұрагерлік жолмен беріледі;

Шексіз мерзімде жүзеге асырылады;

Тұрғындар санына байланысты емес.

Slide 11

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың негізгі сипаты
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Мемлекет белгілері
Қазақстанда мемлекеттердің пайда болуы және дамуы
МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
Қазақстан азаматтарының мәртебесі
Құқық негіздері курсының жүйесі, пәні. Мемлекеттің құқықтық категориялары мен негізгі ұғымдары
Өркениет және мәдениет ұғымдары
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Қазақстандағы салық саясаты: қалыптастыру және қызметі атқару механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz