Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдаудың автокөлік, теміржол, су және айдау тәсілдері


Slide 1

ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ: АВТОКӨЛІКПЕН, ТЕМІРЖОЛ, Су ҚАТЫНАСЫ АРҚЫЛЫ, АЙДАП ЖЕТКІЗУ

ОРЫНДАҒАН: ТҰРСЫНҒАЛИ С. А.

Slide 2

Tасымалдау - кез-келген тасымалдау құралдарын (авто, темiр жол, айдау, су) пайдалану арқылы бiр пункттен екiншiсiне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң орнын ауыстырумен байланысты рәсiмдер кешенi.

Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары (мал айдау трассалары) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсiм бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарымен анықтайды.

Slide 3

Жануарларды (құстарды, терісі бағалы аңдарды, хайуанаттар паркінің жануарларын, балықтар мен араларды қоса алғанда) тасымалдау мамандандырылған автокөлік құралдарымен, ал олар болмаған немесе жетіспеген кезде арнайы жабдықталған ернеулі автокөлік құралдармен жүзеге асырылады.

Жануарлар мен құстарды өзі аударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Автокөлік құралдарын жабдықтауға ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін ернеулерді шанақтың еденінен - 2 м дейін және қойларды, ешкілерді және шошқаларды тасымалдау үшін 1, 5 м дейін биіктікті өсіру және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштарды орнатуды қамтиды.

Slide 4

Жануарларды автокөлікпен тасымалдау

Жануарларды тасымалдау үшін қажетті жабдық пен құрал-жабдықтарды жүк жөнелтуші береді және автокөлік құралына орнатады.

Автокөлік құралының шанағында алып жүрушінің болуы қажет кезде, жүк жөнелтуші жануарлардан қоршалған арнайы орын (ірі жануарларды тасымалдау кезінде - шанақтың алдыңғы жағында) жабдықтайды.

Жануарларды қолайсыз ауа-райы жағдайларында (қатты ыстық, күзгі және қысқы мезгіл) тасымалдау кезінде, оларды қорғау үшін жүк жөнелтушінің талап етуі бойынша автокөлік құралының шанағы жабық болуы тиіс жағдайларда, кенепті - тасымалдаушы, ал басқа қажетті материалдарды жүк жөнелтуші береді.

Slide 5

Малды автокөлікпен тасымалдау өте тиімді және экономикалық жағынанда арзандау тәсіл болып табылады, әсіресе жол қашықтығы 300 шақырым болатын шамаларда. Малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады. Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200 кг-14-22 бас ірі қара мал және жылқыдан 4-5 бас сыйады. Бұдан басқа, әдейі шығарылған мал таситын автокөлік бар, олар ірі қара малдың 10-15 басын жайғастыруға есептелген. Шанағында әдейі жасалған табиғаттық сорғыш желдеткіші, екі есік, сатыланған мал жүргізгішпен, жарық шамы және қи жинағыш, биіктігі 1 м көлденең бөлгіш бар.

Slide 6

Шошқаларды машинаға артқанда, олар жата алатындай жағдайды еске алынады. Мегежін мен кестірілген қабанды және ересек шошқа мен жақсы дамыған жас шошқаны бірге қосып тасуға болады. Бекондық бағыттағы шошқа тұқымын тасығанда өте сақтық жөн, өйткені терісіне жара салмау керек. Осы себептен Данияда арту-түсіру тиегіпіі бар әдейі автокөлік жасалған және олар үшін жүген істелген, ондағы мақсат бірін-біріне тістетпеу, жараландырмау.

Slide 7

Малды теміржолмен тасымалдау

Малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т. б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жылқы) екі және үш ярусты (ұсақ мал және құстар) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды және ыстық (60-70 градус) сумен жуады. Стансаға әкелінген малдарды темір жол қызметкерлерінің малдәрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдәрігерлік куәлікте көрсетілген мал басын әкелінген малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса және ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді.

Slide 8

Малды азықтандыру үшін жолсеріктер азықты мына есеппен алады: ірі қараның 1 ц тірілей салмағына 4, 5 кг пішен, қой және ешкіге 5, 5 кг пішен, шошқаға 2, 5 кг құрама жем.

Орташа алғанда бір рет суару үшін, бір басқа шаққанда ірі қараға 10-15 л, жас малға 8-12 л шошқа, қой және ешкіге 1, 5-2 л су керек.

Slide 9

Малды су қатынасы арқылы тасымалдау

Малдарды алдын ала жолға дайындау керек. Ал ендігі бұл жерде аса мұқият болу керек. Әрбір нәрсеге назар аударып кемшіліктерді жою керек. Себебі бұл тасымалдау жолы құрлықта тасымалдау жолынан өзгеше боылп табылады. Жылқыларды мұндай тасымалдау жолында тасымалдау нормативке сәйкес болуы керек.

Ұзақ жолға кеме жолмен тасымалдау қауіпті. Оның себептері: Азық пен судың таусылуы; Ауа райының бұзылып штурмдыққа жолығуы. Тасымалдау үшін арнайы малдарды тасымалдауға арналған кеме алынады. Оны іші кең, ешбір ақаусыз болуы шарт. Бір күндік жолға жеткілікті азық пен су, құрал жабдықтарын, кемеде арнайы жылқыларды орналастыратын борттар болуы керек. Және де тасымалдау кезінде бірнеше жұмысшылар, басқарушы кісі және мал дәрігері қоса жолға шығуы керек.

Slide 10

Малды айдау арқылы жеткізу


Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің тәртібі, нөмірлеу жүйесі мен техникалық талаптары
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру: әдістері, жеке нөмірлеу және ветеринариялық паспорт тәртібі
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары мен жүргізу тәртібі (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығы)
Ұлыбританияның ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринарлық кәсіпкерлігі
Мал шаруашылығы өнімдері мен малды тасымалдаудың санитариялық-гигиеналық талаптары
Бүлінген ауыл шаруашылығы жерлерін рекультивациялау әдістері
Мұнай өндіру мен тасымалдаудың су мен мұхит экожүйелеріне әсері: ластану және шешу жолдары
Азеотроптық қоспалар: физикалық сәйкессіздіктері және бөлшектеп әрі үздіксіз айдау тәсілдері
Ара шаруашылығы мен балық шаруашылығы: Қазақстандағы даму, өнімдер және өңдеу тәсілдері
Көлік түрлері: теміржол, әуе, су және автомобиль тасымалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz