МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Презентация қосу
МЕМЛЕКЕТТІҢ
ПАЙДА БОЛУ
ТАРИХЫ
Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб
т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің
қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті
қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам
ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі
құрылыстар болды:
1) Ірі су каналдарын жасау;
2) Суармалы ирригациялық жүйелер
құру;
3) Құрғақшылықпен күресу.
Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу
себептері:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдарды,
жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру,
біріктіру;
-барлық жұмысшыларды бір
орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты
бұрынғы ру, тайпаны басқарған
аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа
аппарат қалың бұқарадан алыстай
түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты
күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте
бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін
көп өзгермей, сақталып келді.
Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің
шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа
бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афины мен Римде алғашқы қоғамның
ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар
мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына
алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын
мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл
мемлекеттер, көбінесе, демократиялық
жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.
Мемлекет пен құқықтың
пайда болуы туралы
теориялары
Теологиялық теория
Реалистік теория
Әлеуметтік теория
Нормативтік теория
Материалистік теория
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық
Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп
түсіндіреді.
Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің
эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп,
жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы
жағдайлардың әсері мол болады – деп
уағыздаған.Бұл теорияны құқықтың бірлігін,
дамуын, оның мемлекетпен байланысын
субъектілердің құқығының міндеттері болатын және
мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметтік теория – ХХ ғасырда қалыптасқан
теория. Бұл теория құқықтық қатынасты
адамдардың құқықтық тәртібін жан – жақты
ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.Өкілдері
Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич,
Р.Паунд. Құқықтық әлеуметтік мазмұнын зертеуге
көңіл бөленді, құқықтық мемлекетті жақтайды.
Нормативтік теория – құқық әлеуметтік
өмірдің сыртқы қарым – қатынасын реттеп ,
басқарып, адамдардың мүдде – мақсатын
орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың
жеке өзін саясат идеологияға қоспай зерттеуді
жақтайды.Құқықтың белгі - нышандарын
жақсы зерттеуді , құқықтық мемлекетті
жақтады.Нормативтік актілерді жоғарыдан
төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды
ұсынады. Бұл теорияның, өкілеттері:
Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.
Материалистік теория – құқық саяси – экономикалық
үстемдік жүргізетін таптың мүдде – мақсатын қорғайтын
нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны
екі элементтен тұрады – деп түсіндіреді: экономикалық
базис пен үстем таптың мүддесі. Бұл теорияның тарихи
даму процесін 3 кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезең–
құқықтың мазмұнын түсіну және оның қоғам
дамуындағы мазмұны; екінші кезең – құқықтың
болашағына көз – қарасы; үшінші кезең – марксистік көз
– қарасты бұрмалау. Бірінші кезеңде ғылымның
құқықтың мазмұнын түмінуі дұрыс еді – құқықтың
экономикалық және таптың күреспен тығыз байланыста
болуы. Екінші кезеңде – буржуазиялық мемлекетпен
құқық теориясының мазмұнын біржақты зерттеп, оның
процестік рөлін, маңызын дұрыс түсіндіреді. Қоғамның
болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады.
Үшінші кезеңде кейбір елдердің басшылары марксизмнің
мазмұнын бұрмалап, өздерінің әкімшілік – әміршілік,
тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.
Табиғи теория – бұл теорияны
жақтаушылардың пайымдауынша,
мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ,
олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау
алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік
ұғымдар деп атайды. Бұл теорияның мазмұны
көне дәуірде қалыптасқан.
Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар
мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып,
тарихпен бірге жетілді дейді. Бұл теорияның
өкілдері құқық адамдардың рухани сана –
сезімнің даму процесінен өмірге келіп,
қалыптасады деп түсіндіреді.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың
отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың
саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.
Психологиялық теория – адамдардың
психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті,
мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде
басқарады деген тұжырымды қолдайды және
тағы басқалар. XX ғасырдың басында жақсы
дамыған теория.
Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің
сыртқы қарым – қатынасын реттеп, басқарып,
адамдардың мүдде – мақсатын орындау деп
түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат
пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz