Мемлекет пен құқық теориясының қызметтері, әдістері және пайда болу теориялары


Slide 1 Slide 2

Мемлекет пен құқық теориясы - нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.

Slide 3

Мемлекет және құқық теориясы жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.

Slide 4

Мемлекет және құқык теориясы барлық заң ғылымдарына негіз болады, зерттеу жолын көрсетеді.

Мемлекет және құқық теориясының қызметтері әртүрлі:

1. Онтологиялық қызметі.

2. Гносеологиялық қызметі

3. Методологиялық қызметі

4. Идеалогиялық қызметі

5. Болжамдык, (прогностикалық) қызметі

6. Дағдылы ұйымдастырушылық қызметі

7. Тәрбиелеу қызметі

Slide 5

Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен, қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Мемлекет және құқық теориясының өдістері бірнеше түрлерге жіктеледі.

Жалпығылымдык әдістер:

а) диалектикалық әдіс (диалектика-даму) ;

б) абстрактілік ойлаудан нақты (конкретті) ойлауға өрлеу әдісі.

Slide 6

Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді.

Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым - мемлекет пайда болады.

Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан кандай да мемлекет болсын тек қанауды максат тұтып, бай, яғни үстем таптың игілігін көздеп, соның мүддесін қорғайды. Ф. Энгельс "Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы" деген ғылыми еңбегінде мемлекет пен құқықты үстем таптың құралы деп таниды.


Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқық: ұғымы, дамуы және пайда болу теориялары
Мемлекет және құқық теориясы: пайда болу теориялары, зерттеу әдістері және ішкі функциялары
Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері және қызметтері
Мемлекет пен құқықтың пайда болу тарихы мен теориялары
Мемлекет: түсінігі, пайда болу теориялары, белгілері, нысандары және қызметтері
Мемлекет пен құқық теориясының пайда болуы: себептері, нысандары және қалыптасу заңдылықтары
Мемлекет: түсінігі, пайда болу теориялары, типтері және функциялары
Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Мемлекет: анықтамасы, пайда болу теориялары, басқару формалары мен азаматтық қоғам
Мемлекет пен құқық: пайда болуы, дамуы және құқық нормалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz