Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы мен түрлері: мүліктік және мүліктік емес құқықтардың негізгі сипаттамалары


Slide 1

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Орындаған: И. Б. Кеңес

Slide 2

Мемлекеттік бағалы қағаздардың

мынадай түрлері бар:

- ұлттық жинақ облигациялары;

- мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме;

- мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме.

Slide 3

Мүліктік емес өзіндік құқықтардың негізгі

сипатты белгілері мыналар:

- олар абсолютті, яғни белгілі бір уәкілетті тұлғаға оның мүліктік емес өзіндік құқықтарын қандай да болсын құқық бұзушылықтан қалыс қалуға міндетті тұлғалардың белгісіз тобы қарсы тұрады;

- бұл игіліктер қандай да болсын азаматтық-құқықтық мәмілелердің нысанасы бола алмайды, өйткені өркениетті адамзат қоғамының өмір сүруі және дамуы жағдайларында жеке адамның өмірі, денсаулығы, есімі, ар-намысы, қадір-қасиеті тауар бола алмайды.

- олар осы игіліктердің иелерінен ажырағысыз, яғни нақты жеке немесе заңды тұлғаға нақты мүліктік емес өзіндік құқықтар тиесілі (өз есіміне, өзінің ар-намысына және қадір-қасиетіне, өз атауына және т. с. с. құқық) ;

Slide 4

- олар азаматтың немесе заңды тұлғаның жеке басымен тығыз байланысты. Бұл игіліктердің кейбіреуі азамат туылған кезден бастап пайда болып, ол өлген соң тоқтатылады;

- олар бөлінбейді, яғни заң бойынша қарастырылатын құқықтардың азаматтық құқыктық қатынастардың бір субъектілерінен екіншісіне ауысуына жол берілмейді. үшіншіден, олар мүліктік мазмұнынан айрылған, яғни өзіндік, мүліктік емес сипатта болады. Олардың экономикалық немесе құндық мазмұны жоқ;

Slide 5

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер - бұлар адамның мақсатты іс-әрекетінің элементтері, олар өзінше материалдық игіліктер болып табылады.

Олардың арасындағы айырмашылықтар мынада: жұмыстар, жұмыс процесінің өзінен бөлінетін материалдық нәтиже береді (мысалы, мердігерлік шарт негізінде жұмыс жүргізу нәтижесінде құрылыс жүргізіледі) . Бұл жағдайда құрылыс жұмыстарының өзі құқық объектісі болады, бірақ бұдан әрі зат ретінде құрылыстың өзі құқық объектісі болады. Құқықтың дербес объектісі - қызмет көрсетудіңқызмет көрсету жөніндегі іс-қимылдан басқа пайдалы нәтижесі болмайды (бұған нотариустың қызмет көрсетуі мысал бола алады) .


Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтық объектілері: мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері, айналым қабілеттілігі және құқықтық қорғау
Кәсіпорынды сату шарты: мүліктік кешеннің берілуі, құқықтардың ауысуы және кредиторлардың құқықтары
Азаматтық құқық: ұғымы, қағидалары және жүйесі
Азаматтық құқық: тұжырымдамасы, жүйесі және негізгі қағидалар
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі институттары: меншік, міндеттемелік, авторлық және мұрагерлік құқық
Азаматтық құқық: қайнар көздері, қағидаттары және негізгі институттары
Мүліктік сақтандыруды ұйымдастыру және қайта сақтандыру операцияларының есебі
Заңды тұлға - шаруашылық серіктестік: жарғылық капитал, қатысушылардың мүліктік құқықтары және басқару органдары
Рим отбасы құқығы: агнаттық пен когнаттық туыстық, неке түрлері және жұбайлардың мүліктік қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz