Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары туралы




Презентация қосу
Құқықтың пайда
болуы және
қалыптасу жолдары
Кіріспе
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланысты, олардың бостандығын
қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты
әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуын қолайлы жағдай, қамқорлық жасап
қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын
реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі –
адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні,
маңызды. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша
көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс, бірақ жеткіліксіз. Заң ғылымында «құқық»
термині бірнеше мағынада қолданылады.
«Құқық» деген – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға
сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету
бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.
Заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да
құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл көрсетілген жағдайларда «құқық» түсінігі
субъективтік мағынада қолданылады.
«Құқық» – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл
объективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы
диалектикалық процесс арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда
мемлекеттік құқық туралы Конституциясының 4-бабында былай делінген:
«Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған
сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері» болып табылады.
Құқықтың пайда болуы мен
дамуы
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі
обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол әлеуметтік нормалардың қалыптасып,
қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-
дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық
нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың
жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар
соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу
моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман
елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік
органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер
мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау- дамай осы күні де жалғасуда. Құқық
мемлекетпен бірге қоғамның обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді.
Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль, діни
өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте – бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық
әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Әдет – ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы
барысында олардың шаруашлық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық
ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына
байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет – ғұрып жазылмаған
нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз.
Құқықтың түсінігі және ұғымы
Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға
бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың)
жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп
басқару.
«Құқық» терминінің көптеген мәні бар.Ол заң ғылымында , күнделікті
өмірде , қызмет бабында қолданылады.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.
«Құқық»-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың , заңға сүйене
отырып әрекет етуі.Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу,
меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Заңды тұлғалардың да
құқықтық мүмкіндіктері болады.
Субъективтік құқық дегеніміз тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру
мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық
мүмкіндіктері.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың
обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес
жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың
субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды
реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында
қабылдап бекіту.
Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық
қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол
адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап,
олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп,
басқарып отырады.
Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті,
мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды
реттейтін нормалардың жиынтығы.
Құқық туралы теориялар
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық
меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда
Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы.
Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік
органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.Адам қоғамы
мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы
болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-
әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап
келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды,
қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер
жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың
мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік. Теологиялық теория – мемлекет
пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері
арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы
жағдайлардың әсері мол болады – деп уағыздаған. Бұл теорияны құқықтың
бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын субъектілердің
құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметтік теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл
теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан
– жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.Өкілдері Эрлих,
Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд. Құқықтық
әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл бөленді, құқықтық
мемлекетті жақтайды.
Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы
қарым – қатынасын реттеп , басқарып, адамдардың мүдде –
мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін
саясат идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды.Құқықтың белгі -
нышандарын жақсы зерттеуді , құқықтық мемлекетті
жақтады.Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай
сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теория өкілеттері: Р.
Штаммлер, Г. Кельзен, П. И. Новгородцев.
Материалистік теория құқық саяси экономикалық үстемдік
жүргізетін таптың мүдде–мақсатын қорғайтын нормативтік
актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады
– деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстем таптың мүддесі.
Құқықтың қоғамдағы ерекше мәні
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып,мемлекетпен
бірге өмірге келіп,қоғамды реттеп-басқарып отырады.Олар
қоғамның,объективтік даму процесінің талабына сәйкес
қалыптасты.Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ,оның
сан қырлы түсінігі,санқырлы мазмұны бар деуге болады.
Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан
оның мазмұны санқырлы бағытта дамып,байып отырады.Ғалымдар
құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі
қорытынды тұжырым жасап отырды.
Мысалы: Аристотель құқықты саяси шындық,әділеттік деді,орта
ғасырдың ғалымдары құқық діни норма,Ж.Ж.Руссо құқық қоғамдық
билік деп түсіндірді.Осы пікірлердің бәрі дұрыс.
Құқық адамадардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды:олардың
бостандығын қалыптастырады,мінез- құлқына, іс- әрекетіне,тәртібіне,сана
сезіміне жан- жақты әсер етеді,мүдде -мақсаттарының іске асуына
қолайлы жағдай,қамқорлық жасап қорғайды.
Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын
реттеп, басқарып отырады.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал;құқық қоғамдағы
бостандықты,әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі
құрал;құқық мемлекеттік билікті,қоғамның саяси-экономикалық,мәдени-
әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі
құрал;құқық қоғамдағы заңдылықты,тәртіпті бақылап отыратын негізгі
құрал;құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін
негізгі құрал.
Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма.Оның
қоғамдағы мәні,мазмұны,маңызы мен нысаны,сайып келгенде қоғамның
экономикалық ,мәдени-рухани сипатына байланысты.
Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандар-мен қоса,
демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі
оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің
құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және
олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді
қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және
психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің
материалдық және идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның
жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған
қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мәселе.Соңғы кездері
«құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына
айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.
Мазмұнына қарай нормалар үшке
бөлінеді:

Міндеттеуші Тыйым
салушы

Өкілеттік беруші
нормалар.
1)Реттеуші нормалар—құқықтық қатынасқа түсушілерге
құқық беру және міндеттер жүктеу арқылы мемлекет пен
қоғамға пайдалы мінез-құлықты белгілейді. Мұндай
нормалар Конституцияның II тарауында адам және
азаматтарға құқықтар мен еркіндіктер беру, міндеттер
белгілеу арқылы көрінеді.
2)Құқық қорғаушылық нормалары — мұндай нормалардың
талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу
шараларын белгілеу қарастырылған. Парламент депутаттары
Республика Президентіне Қазақстан Республикасы заңдарын
орындамағаны үшін Үкімет мүшесін кызметтен босату туралы
өтініш жасай (ұсыныс беру) алады. Сонымен қатар
конституциялық-құқықтық нормалар өкілеттік беруші, тыйым
салушы, міндеттеуші нормаларға бөлінеді.
3)Өкілеттік беруші нормалар мемлекеттік органдарға, қоғамдық
бірлестіктерге, азаматтарға қандай да бір іс-әрекет жасауға құқық
береді. Тыйым салушы нормалар кандай да бір әрекетті жасауға тыйым
салады. Міндеттеуші нормалар азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге,
мемлекеттік органдарға белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді.
Конституция Қазақстан Республикасынын азаматтарына мемлекеттік
органдарға сайлауға, сайлануға құқық береді. Конституция Республика
Президентіне депутат болуға тыйым салады. Парламент депутаты бір
мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Біздің елімізде цензураға
тыйым салынған. Қазақстан Республикасын қорғау оның барлық
азаматтарының қасиетті борышы мен міндеті болып табылады.
Парламент депутаты оның жұмысына қатысуға міндетті. Сонымен,
конституциялық құқық, құқық жүйесінің жетекші саласы болып
табылады. Конституциялық құқық арқылы реттелетін қоғамдық
қатынастар қоғам мен мемлекеттің негізгі құрылымын, адам және
азамат құқықтары мен міндеттері жүйесін, мемлекеттік билікті жүзеге
асыру тәртібін айқындайды. Конституция — ең жоғары заң, мемлекеттің
ең басты нормативті құқықтық актісі, конституциялық құқықтың негізгі
қайнар көзі. Конституциялық-құқықтық нормалардың жоғары заңдық
күші бар. Конституцияға кайшы келетін құқықтық актілердің зандық
күші болмайды және оның күші сөзсіз жойылады.
Қорытынды
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі
обьективтікзаңдылықтарының бірі. Ол әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-
қатынастар-ды реттеп, басқаруы және әлеуметтікнормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль,
діни нормалары) қоғамныңдаму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы.
Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі
обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен
таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды
басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді. Құқықтың дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек
бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа
бөлінуінің туындысы.
Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын,
қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті
жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.
«Құқық» деген – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік
мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы диалектикалық процесс арқылы
жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқық туралы Конституциясының 4-бабында
былай делінген:«Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай
келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері» болып табылады.
«Құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы,
конституциялық құқық , әкімшілк құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық,
отбасы құқығы т.б.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп
басқару.
«Құқық» терминінің көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында , күнделікті өмірде
, қызмет бабында қолданылады.
Ғылым заңдары табиғат пен қоғамды алуан түрлі ұғымдарда
бейнелей отырып, адамдардың практикалық ережелерін
қалыптастырмайды, ал, ережелерді (нормаларды) алатын болсақ, олар
адамдардың, олардың алуан түрлі топтарының өмірде, практикалық
қызметтерінде белгілі бір негізделген ережеден шықпауын және әр
уақытта ережеге сәйкес іс-әрекет етуін қадағалайды.Нормалардың
объективтік заңдылықтар мен ғылым заңдарынан (ережелерден)
ерекшілігі:
1. Нормалар (ережелер) белгілі бір мақсаттың практикалық ережесі
болып саналады.
2. Норма – тек жай ереже, ол жалпы халықтың белгілі бір тәртіп
«мөлшерін» белгілейтін ұғым.
Назарларыңызға
рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары
Инвестициялық құқықтың принциптері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Мемлекеттің белгілері
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, мемлекеттің шығу туралы теориялары, тарихи типтері және мәні
Құқықтың түсінігі, мәні мен құндылығы
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Әкімшілік құқықтық нормалары
Құқық нысанының мазмұны
Пәндер