Жүк көтергіш крандарды металлдық конструкциялар




Презентация қосу
Жүк көтергіш
крандарды
металлдық
конструкциялар
Көтергіш кран (нем. kran) — жүкті көтеру және жылжыту
(тасымалдау) процесін циклмен атқаратын жүк көтергіш
машина.
Көтергіш кран көпір, ферма, мұнара, платформа, діңгек,
жебе не таған тәрізді металл құралымдардан; шығыр,
тельфер, шток, рычаг сияқты көтергіш механизмнен; ілгек,
траверса (көлденең тірек), қысқыш не шөміш секілді жүк
қармағыш жабдықтардан тұрады. Құралымдық
ерекшеліктеріне сай көтергіш кран бұлардан басқа
қосымша қондырғылармен және механизмдермен
жабдықталады.
Бумен жұмыс істейтін алғашқы жүк көтергіш кран
Ұлыбританияда 1830 ж., гидравликалық жүк көтергіш кран да осы
елде 1847 ж. жасалды. Құралымы мен іс-қимылына қарай бұрылмалы
және бұрылмайтын болып ажыратылады.

Бұрылмалы көтергіш кранға жүріс аппараты дөңгелекті немесе
шынжыртабанды болып келетін пневматикалық-дөңгелекті кран
мен шынжыртабанды кран, автомобиль шассиіне орнатылған
автокран, реліспен жүретін темір жол краны, құрылыста
қолданылатын мұнаралы кран, сондай-ақ үйдің қабырғасына бекітіп
қоятын қабырғалық-консольдік кран, үйдің төбесінде тұратын
шатыр краны, өзен-теңіз портының порталды краны, понтон мен
кемеге орнатылған жүзбе кран мен кеме краны жатады.
Бұрылмайтын көтергіш кранға көпір краны, мосы краны, кәбілді кран
секілді моторлы шығыры ұзын аралықта жүріп тұратын крандар кіреді.
Бұлардың ішінде көп тарағаны – көпір краны. Оның жүк көтергіштігі 5
тоннадан 600 тоннаға, жүкті көтеру жылдамдығы 60 м/мин-қа дейін
жетеді. Мұндай көтергіш кран металлургиялық және машина жасау
зауыттарында, т.б. орындарда қолданылады.
Порттарда жүк тиеу-түсіру және ірі су
техникалық құрылыстарында құрылыс
материалдарын тасымалдау жұмыстары порталды
көтергіш кранмен жүзеге асырылады. Бұл кран
портал деп аталатын биік тірекке орнатылады да,
реліс үстімен жылжиды. Жартылай порталды
көтергіш кранның портал рамасының астыңғы
жағы реліс үстімен жылжитын тірекке, ал
жоғарғы жағы үйдің қабырғасына немесе
арнаулы эстакадаға бекітілген реліс үстімен
қозғалатын арбаға бекітіледі. Кеме жасау
верфтерінде кеменің машина агрегаттарын
орнату, т.б. жұмыстарға балға тәрізді көтергіш
кран пайдаланылады. Ол қозғалмайтын тіректік
бағанға орнатылған, көтеру механизмі мен жүк
қармағыш құрылғылармен жабдықталған,
жылжымалы арбасы бар екі консольдан тұрады.
Суда жүзіп көтеру-тасымалдау жұмыстарын
атқаратын, арнаулы кемеге (понтонға) орнатылған
кран жүзбе кран деп аталады. Ірі құрылыстарда,
ашық тау-кен жұмыстарында және ағаш
дайындау жұмыстарында кәбілдік кран
пайдаланылады. Ол қозғалмайтын немесе
жылжымалы болып жасалған екі тірек мұнарадан
тұрады. Мұнаралар арасына болат арқан
тартылған. Онымен жүк арбашасы қозғалады.
Жүк арбасы жылжымалы немесе жылжымайтын
консоль үстімен қозғалатын кран консольді
көтергіш кран деп аталады.
Металл конструкцияларды өндіру және монтаждау,
тасымалдау және сақтау, құрылыста пайдалану және кәдеге
жарату кезінде олардан болуы мүмкін механикалық
(соққылық) әсерден қорғану үшін қауіпсіздіктің қажетті
деңгейін қамтамасыз ететін мынадай талаптар орындалуы
тиіс:
1) жекелеген металл конструкциялары, сондай-ақ қоймалау
кезінде оларды қабаттап жинау көзделетін жұмыс
жағдайларында аударылу, құлау немесе опырылу қатерінсіз
пайдалануды қамтамасыз ететіндей орнықты болулары тиіс;
2) металл конструкциялары құрылыс объектілерінде
пайдалану кезінде персоналды жобалық жағдайда орнату
орнына жылжытылатын металл конструкциялардан келетін
қауіптен қорғау үшін қауіпсіздік шаралары қолданылуы тиіс;
3) жобалық жағдайда орнату кезінде құрылыс металл
конструкциялардың, сондай-ақ қоймалау кезінде оларды
қабаттап жинау тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті
бекіткіштер қолдануды көздеу қажет.
Механикалық қауіпсіздікке
қойылатын талаптар
Биік кеңістіктік конструкцияларды
Конструкциялардың тұрақсыз құрастыру кезінде жұмыс орны
элементтері құрастыру сатылармен және жұмыс
кезінде мүкәммалдық алаңдарымен жабдықталуы тиіс.
тіреулермен және Арнайы сақтандырғыш қалқасыз
кергіштермен бекітілуі тиіс бірнеше қатарда бір мезгілде
жинауға тыйым салынады.

Ірі көлемді кеңістіктік
Конструкцияларды кеңістіктік құрастыру және конструкцияларды жалпы
жекелеген құрастыру бөлшектерін тік немесе құрастыруды бөлшектерді орнату
көлбеу жағдайда орнату кезінде қауіпсіздікті тәртібін және бұл үшін қажетті
қамтамасыз ететін, конструкцияларды және құрастыру құралдары да көзделуі
бөлшектерді құлаудан сақтайтын тіреуіштерді тиіс алдын-ала әзірленген
және кергіштерді қолдану қажет. технологиялық процестерге сәйкес
қана жүргізілуі қажет.
Техникалық регламенттің техникалық реттеу
объектілері болып табылады:

металл
конструкциялар
металл металл ды сақтау,
конструкциялар конструкциялар құрылыста және
ды өндіру ды монтаждау кәдеге жаратуда
пайдалану
процестері
Металл конструкциялардың тіршілік циклі процестерінде сақтану
қажет негізгі қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:
1) металл конструкцияларды жасау және құрастыру кезінде қауіпсіздік техникасы және
еңбекті қорғау ережелерін сақтамауға байланысты қауіпті өндірістік факторлар орын алуы
мүмкін;
2) шу мен дірілдің жоғары деңгейі;
3) қоршаған ортаның, жабдықтың, материалдардың бетінің жоғары
немесе төмен температурасы;
4) жабдықтың, аспаптың жылжымалы бөліктері, жылжымалы бұйымдар, дайындамалар,
материалдар;
5) металдың және абразивтік материалдардың бөлініп кететін сынықтары және
бөлшектері;
6) дайындамалардың, аспаптардың, жабдықтардың, қалдықтардың
беттеріндегі өткір жиектер, қылтанақтар, кедір-бұдырлықтар;
7) ауаның металл және абразивтік шаңмен, дәнекерлеу аэрозольдарымен жоғары дәрежеде
шаңдануы;
8) жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы;
9) қызметкерге электр тогының әсер ету мүмкіндігі;
10) қауіпті сәулелердің (радиоактивтік, рентген, ультракүлгін, жылу) болуы;
11) дәнекерлеу жұмыстары кезінде электр доғасы сәулелерінің көру мүшелері мен бетке
теріс әсер етуі;


Ұқсас жұмыстар
Ұсынылған техникалық құжаттарды талдау
Мұнаралы кран
ЖҮК КӨТЕРГІШ МЕХАНИЗМ
Жүк көтергіш машиналар
Көтергіш кран
Көпірлі крандар және трассаның геометриялық траекториясын анықтау
Сұйыққа немесе газға батырылған денеге әрекет етуші күшті қалай есептеуге болады
Кран асты рельстерді нивелирлеу
Жел жүктемесі
Цех аралық және цех ішіндегі көлік
Пәндер