Монополия түрлері, монополия бәсеке




Презентация қосу
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰПУ
СОРБОННА – ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫ

Тақырыбы: Монополия түрлері,
монополия бәсеке

Орындаған: Әблен Әліби
Пәні: Микроэкономика
Қаржы
1 МОНОПОЛИЯ
2 МОНОПОЛИЯ ТҮРЛЕРІ
3 МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕ
4 МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ
5 ҚОРЫТЫНДЫ
• Монополия (гр. monоs – жалғыз және poleo –
сатамын)
МОНОПОЛИЯ ТҮРЛЕРІ
• Табиғи монополия - сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс
факторына биіктеу жағдайында пайда болады
(тұтынушыларға - су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б.
фирмалар ).
• Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу
нәтижесінде пайда болады.
• Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың
сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда
болады.
• Өндіріс пен капиталды жоғары
деңгейде шоғырландыру
негізінде Монополия көп пайда
табу мақсатымен бағаны
белгілеп, бақылап отырады.
Өндірісті Монополияландыру
нарықтық экономиканың
бәсекелестік әлеуетін
тұншықтырады, бағаны өсіріп,
өндіріс көлемін төмендетеді,
Монополияға қыруар пайда
түсіреді.
Монополистік бәсеке

• көптеген фирмалар рынокта сараланған өнім сататын жағдай. Монополистік
бәсекеде салаға еркін кіру және саладан еркін шығу көзделеді. Мұндай
рынокта сатушылар көп болады, бірақ сараланған өнім өндірілетіндіктен
сатушылардың әрқайсысы ауытқымалы сұранымға тап болып отырады,
сондықтан сараланған бәсекелі саладағы фирмалар көпке дейін монополдан
пайда ала алмайды;
• фирма өзі өндірген тауардың сату бағасын бақылауға алатын және
айтарлықтай баға бәсекесі жоқ рынок. Мұнда фирма өз қызметінің екі
негізгі бағытын – баға мен өнім шығару көлемін бақылай алады. Сондықтан
оған өнімді аз өндіріп, бағаны көбірек көтеру тиімді. Әйтсе де монополист
толық үстемдік құра алмайды, өйткені жаңа енгізілімдер мен ауыстыруға
болатын өнімдер бәсекесі, әлуетті бәсеке және шетелдік өндірушілер мен
сатып алушылар бәсекесі әрқашан да тайталасқа түсіп отырады.
• Монополистік бәсеке нарығы - бірыңғай нарық бағасы бойынша
емес, бағаның кең ауқымында мәміле жасасатын сатушылар мен
сатып алушылар нарығы.
• Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік
бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бесеке мен монополияның
тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың
орташа арифметикасы болып табылмайды. Егер рынок келесі белгілермен
сипатталынатын болса, онда монополистік бәсекебар деп саналады:
• 1. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы, мұның үстіне
олардың бәрі ұсақсатушылар (немесе сатып алушылар) болып келеді.
• 2. Барлық сатып алушылар мен сатушылар рыноктагы баға туралы және
сатылатын тауарлардың сипаттамалары туралы ең соңғы ақпараттарды біледі.
• 3. Рынокқа шығу және одан кетудің толық еркіндігі бар.
• 4. Сатушылардың өнімдері өртекті болып келеді. Сатып алушының
көзқарасы тұрғысынан әрбір сатушының өнімі белгілі дәрежеде кез келген басқа
сатушының өнімінен аздап болса да өзгешеленеді.
• Монополиялық пайда – рынок пен өндірісті монополиялық бақылау жолымен
алынатын жоғары пайда; монополистік бірлестіктердің орташа пайдадан асып
түсетін пайдасы. М.п. тауарларды монопол. өндіру мен өткізу жағдайында
рыноктың монопол. бақылауға алынуын сипаттайды. Тауар өндірушілер
монопол. жағдайға аса білікті жұмыс күшін, жетекші мамандар мен
менеджерлерді, ғыл. ашылымдар, патенттер, лицензиялар негізінде жаңа
технологияларды пайдалану жолымен қол жеткізеді
• Еур. Одақ елдері нарықтық экономиканың барлық жақтарының
монополиялануына қарсы күресуде. Шаруашылық құқық нормалары мен
бәсекелік ортаны қолдау шаралары (монополияға қарсы заңдар, өндіріс
көлемі мен сату көлемінің шекті деңгейін белгілеу, арнаулы экон. шаралар,
импорт үшін кедергілерді азайту, рынокқа жаңа қатысушылардың кіруін
көтермелеу, т.б.) қолданылуда. М. п. трансұлттық корпорациялар,
өнеркәсібі дамыған елдердегі ұлттық компаниялар, өтпелі экономика
кезеңіндегі мемлекеттердің компаниялары алатын пайда түрлеріне бөлінеді.
Бірақ нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында М. п-ның сипаты
мен нақты көлеміне әдетте экономиканың қитұр-қылығы, капиталдың
жылыс-тауы, сыбайлас жемқорлық, көлеңкелі экономика басқа да айла-
шарғылар ықпал етеді. М. п. алу жағдайларын қалыптастырудағы
мемлекеттің рөлі жан-жақты ескерілгенде ғана оған талдау жасауға болады
монополия (грекше μονο - бір және πωλέω - Мен сатамын) - бұл бір
немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруді және өткізуді бақылайтын ірі
кәсіпорын; бұл нарықта бәсекелестік жоқ және бір фирма
функциялары жоқ құрылым. Ол бірегей, теңдесі жоқ өнім шығарады
және жаңа фирмалар нарығына кіруден қорғалған. Тарихтағы
алғашқы монополиялар, бір компанияға бір немесе бірнеше
тауармен сауда жасаудың артықшылық құқығы берілген кезде,
мемлекеттік санкциялар арқылы жасалды.

Ұқсас жұмыстар
Бәсеке және монополия
Бәсеке туралы түсінік, оның түрлері
Бәсеке және монополия жайлы
Монополияның түрлері
Нарықтық механизмнің басты элементі ретінде
Бәсеке түрлері
Бәсекенің моделі
Монополияның түрлері табиғи монополия
Нарық механизмі
Бәсеке
Пәндер