БАТЫРЛАР ЖӘНЕ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ


Slide 1

Батырлар және билер институты

Slide 2

Жақсы бидің елінде дау болмайды, қас батырдың жерінде жау болмайды

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда дала хандарының жағдайының мықтылығы көп жағдайда қазақ қоғамындағы ықпалды топ - билерге және батырларға тәуелді болып келетін. Әсіресе, ХҮІІІ ғасырдың басында саяси жағдай күрделеніп, біртұтас қазақ мемлекетінің ыдырап, бірнеше хандыққа бөлінуі себепті хан билігі әлсірей түседі. Алайда хандық биліктің әлсіреуіне қарамастан, қоғамдағы билердің және батырлардың ықпалы сол күйінде қала берді. Осындай жағдайда ел билеушілері билер мен батырлардың көмегіне сүйене отырып, өздерінің билігін қолдарында ұстап қалып, нығайтуға тырысты.

Slide 3

«малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы»

Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі би атанған кісілер - қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар - шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.

Билер - дәстүрлі қазақ қоғамында мемлекеттік, мемлекетаралық, азаматтық, қылмыстық, мүліктік, тағы басқа қатынастарды реттеп отырған интеллектуалдық әлеуметтік қауым.

Slide 4

билер институты

Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең - тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген.

Slide 5

Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде

Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін қасиеті - дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет.

Slide 6

Билер соты

Slide 7

Дала заңдары

Дала заңдары туралы ұлы Абай өзінің үшінші қара сөзінде:

Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолын», Әз Тәуке ханның «Күл төбенің басында күнде кеңес» болғандағы «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.

Slide 8

Билер соты - әділдіктің тең таразысы

Билеріміз қазақ елін асқақ мұраттарға жеткізуде ұлттық бірлікті көкседі. Ел билеушілердің бойында көсемдік пен имандылық қасиеттерді дамытарлықтай ақыл қосып, кәсіби заңгер әрі саясаткер ретінде ел басқаруды жетілдіру жолдарын іздестірді. Сол себепті билер қазақ жеріне қатер төнген заманда әскер басқару мүмкіндігін үш жүздің батырларының ішінен ретімен, алауыздық туғызбайтын етіп, алаламай, келісіп шешіп отырды.

Билеріміз сөз құдіретін тиімді пайдаланып, шешімдер шығарғанда мүдделі тұлғалардың ғана емес, оған қатысушы жұртқа да тәрбиелік мәні зор, көпшіліктің көкейінен шығатын аталы сөздерді айтып, олардың сана-сезімі мен мінез-құлқына сіңіруін, іс-әрекетінде қолдану жолдарын қарастырған. Қылмыстық істердің жеңіл немесе ауырлығына қарамастан олардың бәріне әділ жаза қолданған.

Slide 9

институты

Батыр - әлеуметтік категория, батырлық - адамның бойындағы қасиет. Бұл екеуіне қажеттілік тарихта әрқашан жоғары болған. Әсіресе халықаралық қатынастар құқықтық тұрғыдан реттелмеген, бір мемлекеттің екіншісін жаулап алуы, отарлауы қалыпты іс саналған замандарда батырлар қауымы қоғамдағы толыққанды институтты құрғаны объективті заңдылық еді.

Ежелгі түріктер тарихындағы үздіксіз әскери қақтығыстар мен соғыстардың жиі болуына себепті батырлар институты пайда болды.

Slide 10

Батырлар институты

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы ішкі және сыртқы факторлар қазақ қоғамындағы батырлардың саяси, әлеуметтік мәртебесінің күшеюіне ықпал жасады. Сондықтан да ел басына күн туған сәтте саяси басымдылық батырлар қолына өтті.

Батыр әскербасы, қолбасшы, мемлекет қайраткері мәртебесіне көтерілген.

Батырларды қазақ халқының ұлы перзентіне айналдырған құдірет- олардың бар тағдырының азаттық, төл мемлекеті мен ұрпақтарының бейбіт болашағын аянбай қорғауға арналғандығында.

Slide 11

Қазақ батырлары

Slide 12

Батырлар және билер

Билер мен батырларды қазақ халқының ұлы перзентіне айналдырған құдірет-олардың бар тағдырының азаттық, төл мемлекеті мен ұрпақтарының болашағын аянбай қорғауға арналғандығында екендігі анық. Олардың ерлігі мен жүректілігі, намысқойлығы мен мәрттігі, ұлылығы мен қарапайымдылығы, қайраты мен ақылы ұлт мүддесіне, ұлттық идея мен идеологияға қалтқысыз бағышталғандықтан бұл қасиеттер сын сағатында буырқанып сыртқа шықпай тұрмады. Олар елдің атын шығарды, бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Негізінен алғанда, осы кезеңдегі қазақ қоғамының басына түскен қиыншылықтарды шешудегі басты мақсат халықтың рухын көтеру болып табылатындықтан, осы жолдағы азаттық күресте жеңіске жету де билер және батырларсыз мүмкін болмас еді.

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құpылуы
Қазақ хандығының алғашқы территориясы
XV – XV ІІІ ғғ. Қазақ қоғамының саяси - әлеуметтік құрылысы және шаруашылығы
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
Жаза түрлері
Қазақ хандығының жыраулар кезеңі
Қазақ хандығына саяхат. Сайыс
Материалдық мәдениет
Дәстүрлі қазақ қоғамы
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz