Жеке басқа табынудың шарықтауы және жылымық




Презентация қосу
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университеті

Жеке басқа табынудың
“шарықтауы” және
“жылымық”
Жоспар
1. Қазақстан экономикасын бейбітшлік өмірге
бейімдеу
2. Елдегі саяси-қоғамдық ахуал, Сталиннің жеке
басына табынушылық тәртібінің дағдарысы
3. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді
игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және
демографиялық зардаптары
1946 жылғы 18 наурызда қабылданған төртінші
бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан
бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы
дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті
белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан
экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Төртінші бесжылдық қорытындысы бойынша
Қазақстан өнеркәсібінің жалры өнімі 1940 жылмен
салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару
-2,5, мұнай -1,5, газ -1,9, электр қуатын өндіру 4,1 есе
артты.
Қазақстанның экономикасын бейбітшілік
жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің
қоғамдық-саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді.
1945 ж қазан айында Алматыда республиканың 25
жылдығына арналған Қазақстан Жоғары Кеңесінің
мерекелік сессиясы болып, оған туысқан
республикалардың, Мәскеу мен Ленинградтың
делегациялары, өнеркәсіп пен ауылшаруашылық
озаттары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты.
Осы мереке орай 5304 адам ордендер мен және
мадальдармен марапатталды.
Республиканың қоғамдық-саяси өмірінде Қазақ КСР-інің
Мемлекеттік гимнінің 1946 ж 26 шілдеде енгізілуі зор оқиға
болды. Гиннің текстін ақын-жазушылар: Ғ.Мұхамедханов,
Ә.Тәжібаев және Ғ.Мүсірепов, музыкасын композиторлар:
М.Төлебаев, Е.Брусиловский және Л.Хамиди жазды.
Гимннің осы музыкасы егемен Қазақстанның жаңа
әнұранына дейін өзгеріссіз сақталып қалды.
1947 ж 16 ақпанда –Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, ал 1948 ж 11
қаңтарда еңбекшілер депутаттары жергілікті Кеңестерінің сайлауы
өткізілді. Сайлау Кеңестердің қызметін жандандыруға, олардың
жұмысы бұқара халықтың саяси белсенділігін арттыруға бағытталды.
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстандағы кәсіподақтар мен комсомол
ұйымдарының белсенділігі арттырылып, олардың қызметі халықты
төртінші бесжылдық жоспардың тапсырмаларын орындау жолындағы
күреске жұмылдырылды. Алайда соғыстан кейінгі жылдары
Коммунистік партия халық шаруашылығын дамытуға және әлеуметтік-
мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды
барынша тартқанымен, олардың қоғамдық өмірде, халықпен жұмыс
істеудегі дербестігі шектелді. Өйткені бұл кезде Коммунистік партия
басқарған кеңестік қоғамда әміршіл-өкімшіл жүй өзінің шарықтау
шыңына жеткен болатын. Мемлекет басшысы И.В. Сталиннің жеке
басына табыну кеңінен өріс алды. Осының нәтижесінде әртүрлі
даңғаза саяси ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет
билігін теріс қолдану қөрініс алды. Адамның бас бостандығын
тарылту, оның құқығын есепке алмау сияқты құбылыстар кеңінен орын
алды.
Қазақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымының одан әрі дамуына ХХ
ғ. 50 жылдарының басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық
социализм идеологиясы кері әсерін тигизді. БК(6)П ОК “Звезда” және
“Ленинград” журналдары туралы қаулысы кеңестік идеологиядан
басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқаның ашып берді.
Қазақстанда “Бекмаханов ісі” ұйымдастырылды. Ол осы іс бойынша
Е.Бкмахановтың 1947 ж шыққан “ХІХ ғ 20-40 жылдарындағы
Қазақстан” деген монографиясында буржцазияшыл-ұлтшыл
тұжырымдамалар дамытылған және оның саяси-идеялық зияны бар
деп танылды. 1950 ж 26 желтоқсанда “Правда” газеті “Қазақстан
тарихының мәселелері” кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих
ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясының
құрамынан шығарылды, ал 1952 ж 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғары
сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин қайтыс болғаннан
кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып,
қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 ж ол түрмеден
босап шықты.
Сталиннің жеке басына табынуды
әшкерелеу
Хрущев 1956 ж 25 ақпанда КПСС-тің ХХ съезінде Сталиннің
жеке басына табыну дәстүрін айыптап сөз сөйледі.
Сталин өлгеннен кейін алғашқы съездің соңғы күнінде
баяндама жасаған СССР Коммунистік партиясы ОК бірінші
хатышысы Никита Хрущев күтпеген жерден айды аспанға
шығарды. Арада 55 жыл өтсе де осы баяндама төңірегінде
сан қилы пікір айтылып келеді.
“Никита Хрущевтің бұл баяндамасы тыныш жатқан қоғмның
ұйқы-тұйқысын шығарып, елді тұрақсыздандырды” десе,
енді біреулер “осы баяндамадан кейін Сталиннің кезінде
қатқан “тоң” жібіп, елде саяси “жылымық” пайда болды,
СССР-дің демократия жолындағы алғашқы қадамдары
басталды” деп санайды.
“Халық жауы” деген ұғымды Сталиннің өзі енгізгені
айтылды. Бірақ тарихшылар “Хрущев сталиндік қуғын-
сүргін туралы шындықтың бәрін жайып салған жоқ” деген
пікір айтады. Өйткені “ұлт көсемі” қылмысты өзі ғана
жасамай, өзгелердің де қолымен от көсегені белгілі.
Никита Хрущев баяндамасында “Сталин елді тек
кинофильмнен ған көріп, Совет Одағының экономикасын
бетімен жіберді” деп айыптаумен қатар, оны іске алғысыз
қолбасшы етіп тастады.
“Сталин Германияның СССР –мен соғысқа дайындалып
жатқаны туралы ақпараттарды құоағына да ілмеді. Ал
соғыс басталған кезде ол әскери операцияларды глобус
арқылы жоспарлады”- деді. Делегеттар аң-таң болды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру
1954 ж КОКП ОК-нің ақпан-наурыз Пленумында еліміде азық-түлік
мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың жәнә тыңайған
жерледі игеру мәселесі қойылды. Оын игеруге Қазақстан кеңінен
қарастырылды.
Қазақстанға Ресей мен Украинадан, Белоруссиядан және басқа да
одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші
кезеңінде 640 мың адам келді, бұлардың ішінде
1. 391,5 мың ауылшаруашылық мкханизаторы
2. 50 мың құрылысшы
3. 3 мың денсаулық сақтау қызметкері
4. 1,5 мыңдай мұғалім
5. 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және т.б.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге
зардартары мен көлеңкелі жақтары да болды. Атап
айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны
шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде
ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары
ірілендірілген мектеп-интернаттарда оқытыла
бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс
тілінде жүргізілді. Мұның өзі, бір жағынан, қазақ
жастарының өз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен
мәдениетінен қол үзіп, мәңгірттенуіне жол ашса,
екінші жағынан, жергілікіті халықты орыстандыру
саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-
су аттары орыс тіліне көшірілді.
Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиян келтірді.
Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып, малдың
саны кеміді, әсіресе түйе, жылқы орны толмайтын
шығынға ұшырады. Тың игеру барысында ауыл-село
тұрғындарының қосалқы шаруашылығына, үй
іргесінде көкөніс егуге тыйым салынып, елде азық-
түлік мәселесін шиеленістірді.
Тың игеру қарабайыр әдіспен жүргізілді. Мұның өзі
әр гектарға шаққанда өнімді аз алуға соқтырды.
Блиц сұрақтар
1. Е.Бекмахановтың “ХІХ ғ 20-40 жж. Қазақстан” деген кітабы қай уақытта жарыққа шықты?
2. Бекмаханов қашан сотталды?
3. П.К.Пономаренко мен Л.И. Брежнев Қазақстан Компартиясының басшылығына келген кезде Қазақстанда кім
орнынан түсірілді?
4. Сталиннің жеке басына табынуды жою туралы мәселе қараған КОКП –ның ХХ съезі қай уақытта өтті?
5. Н.С.Хрущевтің уақытында “Коммунистік қоғам құрылысын кеңінен жүргізу” дәуірі басталды деп жариялаған
КОКП-ның ХХІ съезі қай жылы болды?
6. Хрущефтің орнынан түсірілген уақыты?
7. Ядролық зарядты тұңғыш сынау қай уақытта өткізілді?
8. 196 ж Қазақстанда мұнай шығару көлемі қанша болды?
9. КСРО –да шаруашылық есепті жүргізіудің аясын кеңейту қай жылы көзделді?
10. Мойынты-Шу теміржолы қай уақытта іске қосылды?
11. Адам шығынына ұшыратқан Теміртаудағы құрылысшылар наразылығы қай жылы болды?
12. 1949-1953 ж Қазақстанда астық шығымдылығы гектарына қанша болды?
13. Қазақстанда 1951ж , 1928 жылмен салыстырғанда, қойдың саны қаншаға азайды?
14. Коммунистік партияның Пленумында тың жерлерді игеру идеясы алғашқы рет қай жылы қаралды?
15. Тың жерлерді игеру арқасында қазір Қазақстан халқының жан басына шаққанда қанша кг астық өндіреді?
16. КСРО-да әміршіл-әкімшілдік тәртіп өзінің беделінен қай кезде толық айырылды?
17. КСРО-да экономиканы дамытудың негізгі ідісі қандай болды?
18. Ақтөбе хром қоспалары зауытының екінші кезегі қатарға қай жылы қосылды?
19. Кеңес елінде күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілдік жүйе қай жылдары өзінің шарықтау шыңына жетті?
20. КСРО-да қай уақытта социолизм идеологиясы өзінің шырқау шыңына жетті?

Ұқсас жұмыстар
КСРО ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІНІҢ 1957 ЖЫЛҒЫ МАМЫР АЙЫНДАҒЫ СЕССИЯСЫ
Сабақ мақсаты
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
Түркі тайпаларының дүниетанымы мен наным - сенімдері
ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕР
1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы
КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР
Химия өнеркәсібіндегі биотехнология
Орта ғасырдағы мәдениет
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде
Пәндер