Дәрілік өсімдіктерден шикізатты дайындау процессінің негізі
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы:Дәрілік өсімдіктерден шикізатты дайындау
процессінің негізі
Орындаған: Куатбек М.М.
Тобы: ВМ-503
Тексерген: Тойкина Г.Н
Жоспары
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктерден шикізатты
дайындау процессінің негізі
• Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
• Дәрілік өсімдіктер (шипалы өсімдіктер)-
медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және
аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын
өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті
олардың құрамында стероид, тритерпен,
алкалоидпен гликозидтердің, витаминдердің
эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі
химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Қазақстанда өсетін 6000-нан астам өсімдік
түрінің 500-дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.
• Дәрілік өсімдіктерден шикізат дайындау процессі оларды
жинаудан басталып, дайындалған шикізаттарды дұрыс
сақтау үшін қолданылатын шаралармен аяқталады.Қазіргі
кезде бұл процесстердің көпшілігі механикаландырылған.
• Дәрілік өсімдіктердің шикізат дайындайтын бөліктерін
жинау оларда фармакологиялық белсенді заттардың
жиналуының ең жоғарғы деңгейі сай келетін вегетациялық
кезеңінде жүргізіледі. Өсімдіктердің онтогенезін зерттеу
арқылы оларды жинаудың ең қолайлы уақытын
анықтайды.Ондай күнтізбе географиялық зонаға және ауа
райына байланысты болады. Кейбір өсімдіктердің бөліктерін
жинау үшін тәулік мезгілі де қажет.
Қазірде 2,5 мыңнан аса өсімдіктердің дәрілік қасиеттері бар екені
белгілі. Ал тәжірибе жүзінде олардың тек 10 %-ы ғана қолданылады.
Сапалы шикізат алу үшін оларды дұрыс дайындауға қойылатын
талаптар:
көптеген өсімдіктердің, әсіресе жер бетіндегі бөліктерін жақсы,
құрғақ, ашық ауа райында; күндізгі сағаттарды; судан, шықтан
құрғаған кезде жинайды. Ал жер астындағы бөліктерін, оларды жуып
тазалайтын болғандықтан, кез келген уақытта дайындауға болады;
дәрілік өсімдіктерді жинау күн тізбесінің ерекшеліктеріне бағына
отырып жүргізіледі;
өсімдіктердің вегетация фазасын ескереді;
әрбір өсімдіктің белсенді заттарының шоғырланатын бөлігін
жинайды.
Жиналған өсімдіктерді мұқият іріктейді. Ол үшін:
оларды бөгде заттардан тазалайды;
емге керексіз, жарамсыз, зақымданған, өлі, шіріген
бөліктерін алып тастайды;
ыдыстардың таза, құрғақ, бөгде иіссіз болуын
қадағалайды;
бір ыдысқа әр түрлі өсімдіктерді біріктірмейді;
жиналған шикізаттардың тығыз жатпауын
қадағалайды;
жұқа қабатпен жайып, кептіреді.
Шөптер. Жеке адамдар аз мөлшерде
керекті шөп түрлерін гүлдей бастаған кезде,
олардың қатқыл бөліктерін кірістірмей кәдімгі
пышақ,орақ, тартпа, кескіштерді пайдалану
арқылы жинайды.Көп жылдық өсімдіктерді
тамырымен жұлып жинауға болмайды. Ал
жабайы өсетін өсімдіктерді көп мөлшерде
жинауда механикаландырылған шөп
шапқыштарын пайдаланады.
Жапырақтарды өсімдіктер гүлдей бастағанда
шикізаттардың түрлеріне байланысты, төменгі, орта тұстағы
жапырақтарын таңдап кесіп алады. Ондай өсімдіктердің
қалдықтары малға азық ретінде пайдланылады.
Гүлдер. Оларды жинау түрлеріне, көлеміне, орналасуына
байланысты болады. Әлі гүлдеп біте қоймаған, жаңа
жарылып келе жатқан гүлдерді қолмен жинаған дұрыс.
Кейбіреуін жәй жұлып алады, ал кейбіреулерін пышақпен
кесіп жинайды.
• Жеміс және тұқым. Шөптердің құрғақ тұқымы мен
жемістерін олардың жер бетіндегі бөлігін орақ арқылы
орып алғаннан кейін қолмен теру арқылы жинайды.
Кейде басқыш ағаштарды, бақ кескіштерін
пайдалануға тура келеді. Шатыршагүлді өсімдіктердің
жемісін арнайы комбайндар арқылы жинауға да
болады.
• Тамыр, тамырсабақтары, түйнектер. Жер бетіндегі
сабақтары қурағаннан кейін, күзде жинаған дұрыс.
Оларды жинау үшін, күрек, кетпен, қайла, ашаларды
қолдануға болады.
• Қабық. Ағаштардың бойына олардың сөлдері тарағанда
қабығы оңай сыдырылады. Ол үшін ағаштың діңгегіне бір-
бірінен 20-25 см қашықтықта жартылай немесе толық
сақина тәрізді көлденең кесіктер жасайды. Оларды 2-3
жерінен тік кесік арқылы қосады да, пайда болған кесіндіні
бас жағынан аздап кептіріп барып ажыртақан дұрыс.
• Бүршік. Жинауды жазғытұрым ерте, олар ісіне
бастағаннан бастап, өсімдіктердің жоғарғы жағы көктей
бастағанда тоқтатады.Оларды жинаудың бірнеше әдістері
бар. Емен, қарағай ағаштарының бүршіктерін түбінен кесіп
алады. Қайыңның бүршігін олардан сыпырғыш
дайындаған кезде жапырағын бөліп барып жинайды.
• Шикізаттарды кептіру- оларды қолайлы түрде сусыздандыру
арқылы сүрлемеудің арнай әдісі. Бұл өте күрделі биологиялық
процесс. Дәрілік өсімдіктердің кейбір бөліктері жинағаннан
кейін белгілі бір уақытқа дейін тіршілікте болады. Ондағы
биохимиялық процесстер қалыпты және биосинтез жоғарғы
деңгейде жүреді. Қоректік заттардың келуі тоқтағаннан кейін
біраз уақыттан соң ыдырауы процессі біртнедп жылдамдай
бастайды. Ашық зат алмасу процессі басталады. Міне осындай
жағдайда қордағы крахмал, гемицеллюлоза, белоктар іске
қосылады. Егер мұндай жғдайда жылулық жоғары болса, онда
өсімдік торшаларындағы ылғалдық тез кетеді де, олар өле
бастайды.Ондағы ферментердің әсері осыған тікелей
байланысты.
• Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы қажетті
заттарды сақтап қалу үшін жылдам кептіру әдісі
қолайлы. Ондай жағдайда қажетті заттарды
ондағы ферменттер бүлдіріп үлгере алмайды.
• Әрбір шикізатты кептіру үшін тәжірибе арқылы
дәелденген ең тиімді әдістер бар. Олар шикізаттың
морфолого-анатомиялық құрылысына, химиялық
құрамына және белсенді заттардың сақталу
деңгейіне тікелей байланысты.Кептірудің ең
қарапайым, қолайлы және экономикалық жағынан
тиімді түрі күн сәулесі арқылы ауада кептіру.
• Көптеген дәрілік өсімдіктерді кептіру үшін ауада, көлеңкелі
жерде кептіру әдістері қолданылады. Ол үшін арнайы шатырлар,
төсеніштер, темір торлар, желдеткіштер пайдаланылады.
• Дұрыс кептірілген құрғақ шикізаттың ылғалды түрімен
салыстырғанда мөлшері төмендегідей болуы керек:
бүршіктер-40-50%
қабықтар – 40-45%
шөптер – 20-25%
жапырақтар- 15-25%
гүлдер-14-25%
дәндер-15-28%
жерасты бөліктері -30-35%
• Дайын болған шикізаттың сапасы мен саны дұрыс сақтау
үшін арнайы ыдыстарға буып-түйеді. Әрбір шикізатқа
стандартқа сай ыдыстар анықталады. Ол үшін әртүрлі
заттардан жасалған қапшықтар, жәшіктер, қағаз пакеттер,
корзиналар және т.б. ыдыстар қолданылады.Эфир майлары,
басқа да ұшқыш заттары бар өсімдіктерді беті жақсы
жабылатын шыны ыдыстарда сақтайды. Иісі бар өсімдіктерді
жеке сақтау керек. Құрғақ жемістердің гигроскопты екенін
ескерген жөн. Дайын болған дәрілік шикізатты құрғақ,
салқын, жақсы желдетілетін, қараңғы жерлерде сақтайды.
• Осындай тәртіппен сақталған гүлдер, шөптер, жапырақтар
1-2 жыл; ал тамырлар мен қабықтар 2-3 жылдай сақталады.
Сақтауға түскен барлық икізаттарды төрт
топқа бөледі:
1. Улы және күшті әсерлі шикізаттар;
2. Эфир-майлы шикізаттар;
3. Көмірсутегіне бай шикізаттардың
ұрығы мен жемісі;
4. Барлық басқа түрлері.
Әр топтың шикізаттары жеке-
жеке сақталады.
Қорытынды
• Қазақстан флорасында 6000-нан аса өсімдіктердің түрлері
бар көрінеді, олардың 2,5 мыңнан астамының шипалық
қасиеттері бар екен. Өткен ғасырдың 90- шы
жылдарындағы деректеріне сүйенсек, медицина
саласында ресми түрде солардың 240 түрі ғана тіркелген
екен. Елімізде осындай бай флорасы әзірге толыққанды
пайдаланылмай келеді. Оған қарапайым мысал : табиғи
жағдайда өсетін жеміс жидек, жаңғақ тәрізді жәнебасқада
өсімдік бөлімінің далада шашылып қалуы, тиісті мөлшерде
жиналып іске асырылмауы болып табылады.
• Қазақстан территориясы әр түрлі шипалық қасиеті бар
дәрілік өсімдіктерге өте бай. Өсімдіктердің құрамында баға
жетпес әр түрлі дәрілер микро-, макроэлементтер және
тағы басқа да заттар жеткілікті.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1. К.Н.Қожанов. Ветеринариялық фармакогнозия . - Алматы,
2008.
Қосымша әдебиеттер
2. Google.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz