Дәрілік өсімдіктердің шикізаттарынан дәрілерді дайындау әдістері




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:Дәрілік өсімдіктердің шикізаттарынан дәрілерді
дайындау әдістері

Орындаған: Куатбек М.М.
Тобы: ВМ-503
Тексерген : Тойкина Г.Н.
Жоспары

• Кіріспе
• Негізгі бөлім
Дәрілік өсімдіктердің шикізаттарынан дәрілерді
дайындау әдістері.
Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер
• Дәрілік препараттарды арнайы зауодтар
мен фабрикаларда дайындайды. Ал
шаруашылық жағдайларда құрғақ
шикізаттардан судағы қайнатпа, тұнба,
ұнтақ, қоспа және т.б. Қосылыстар
дайындауға да болады.
• Тұнба және қайнатпаларды
дайындау үшін шикізатты
0,5-5мм мөлшерінде ұнтақтайды
да инфундир аппаратына немесе
эмальды, химиялық шыны ыдыстарға салып қайнап
тұрған су моншасына тұнбаны 15 минутқа, ал
қайнатпаны 30 минутқа қояды. Үнемі аралстырып
отырады. Одан кейін оларды үй температурасына
дейін суытады. Екі қабат марлі арқылы сүзіп
тазартқаннан кейін сумен керекті мөлшерге жеткізеді .
Егерде рецепте шикізаттың мөлшері берілмесе , онда
1:10-ға қатынасындай, немесе 10 салмақ бөлігінен 100
көлемдік мөлшерде дайындайды. Күшті әсерлі
шикізаттан тек рецепт арқылы ғана дайындау керек.
Инфундир аппараты
• Олар тез бұзылатындықтан салқын
жерде, немесе тоңазытқыштарда 3
күннен артық сақтауға болмайды.
Кейбір шикізаттардан тіпті күн
сайын дайындап отырса да болады.
Қолданар алдында шайқап
араластырады.
• Сірне, дәрілік заттың спирттегі
ерітіндісін дайындау үшін 40-70% этил
спиртін пайдаланады. Ұнтақталған
шикізатты шыны ыдысқа салып, тиісті
концентрациядағы спиртті құяды да,
аузын тығыздап жабады. Уақ-уақ
араластыра отырып 7 тәулікке қараңғы
жерге қояды. Содан кейін сірнені құйып
алып, сығып, сүзеді. Қара ыдыстарға
сақтайды. Дұрыс дайындалған сірнені
бірнеше жыл сақтауға болады.
• Қоспаны дайындау. Қоспа дәрілік өсімдіктер
шикізаттарының бірнеше түрлерінің
қоспасы.Оларды фабрикаларда, дәріханаларда,
шаруашылықтарда дайындауға болады. Ол үшін
барлық қосындыларды ұнтақтайды да, белгілі бір
салмақ қатынасында араластырып, құрғақ жерде,
жабық ыдыста сақтайды. Олардан тұнба,
қайнатынды, шай дайындауға болады.
• Ұнтақ жақсы кептірілген шикізаттан
дайындалады. Оны малдарға ұнтақ түрінде,
немесе аздаған сумен, сүтпен қосып береді.
• Быламық. Емдік және пішінін келтіретін
индиферентті заттардан тұратын препарат.
Индиферентті заттар үшін ұн, басқа дәрілік
өсімдіктердің ұнтақтарын пайдалануға
болады. Оларды жақсылап араластырады,
аздап су қосады. Малдарға ауыз қуысы арқылы
береді.
• Малдарға дәрігерлік тәжірибеде
оларды болюс,
эмульсия(қоймалжың, бір-бірінде
ерімейтін гетерогендік
дисперсиялық жүйе), пилюль
ретінде жиі қолданады.
Қорытынды

• Дәрілік өсімдіктерді дайындаудың екінші бір жағын да
ескерген жөн. Дүрыс жоспарланбаған және дайындықты
ұқыпты, тиянақты өткізбеу жеке түрлерді ғана емес, кейбір
жағдайларда түгелімен басқа түрлерді де өте үлкен
апаттық жағдайларға үшыратуы мүмкін. Шектен тыс
үрықтарды жинау, өсімдіктердіқ жер асты мүшелерін,
тамырларын және тамырсабағын жинау өсімдік
популяциясынын толық жойылуына алып келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Көкенов М. К, Әдекенов С. М. т. б Қазақстанның дәрілік
өсімдіктері және оның қолданылуы. Алматы «Ғылым»
баспасы, 1998
2. Доброхотова К. В, Чудинов В. В. Қазақстанның дәрілік
өсімдіктері – Алматы, 1963
3. Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері –
Алматы «Қазақстан», 1982
4. Иващенко А. А. Қазақстанның өсімдіктер әлемі –
Алматы кітап, 2004

Ұқсас жұмыстар
Дәрігерлік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктерде эфир майларының түзілуі, жинақталуы
Экстракттарды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішіндегі өзіміздің өлкеде кездесетін дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктердің морфологиялық белгілері
Төменгі молекулярды дірілік заттардың ерітінділері. Жоғары молекулярды ерітінділердің қосындылыры және коллоидтар
Фармация тарихы
Дәрілік шөптерді оқыту
Емдік шикізат ретінде өсімдік маңызы
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің Жамбыл облыстарында кездесетін дәрілік өсімдіктер
Пәндер