Дәрілікөсімдіктердіңшикізаттарына - қалыптылықтехникалыққұжаттардайындау




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:Дәрілік өсімдіктердің шикізаттарына
қалыптылық-техникалық құжаттар дайындау

Орындаған: Куатбек М.М.
Тобы: ВМ-503
Тексерген : Тойкина Г.Н.
Жоспары

• Кіріспе
• Негізгі бөлім
Мемлекеттік стандарт (МЕМСТ)
Салалық стандарт(ССТ)
Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер
• Дәрілік өсімдіктердің шикізаттарының
сапасы белгілі бір талаптарға,
қалыптылыққа сай болу керек. Мұндай
қалыптылықтар мемлекеттік жүйеде
стандарттық құжаттарда көрсетіледі.
• Жіктелуі:

Мемлекеттік стандарт
(МЕМСТ)

Салалық стандарт (ССТ)

Кәсіпорындық
• Мемлекеттік стандарт (МЕМСТ) барлық
немесе көптеген халық шаруашылық
салаларында шығарылатын, немесе
қолданылатын нақтылы өнімге арналады.
Олардың ішінде тек емдік ретінде ғана емес
басқа салаларда да қолданылатын
өсімдіктерден алынатын өнімдерде бар. Мысал
ретінде орал миясының тамырын келтіруге
болады. Ол медицина мен ветеринария
салаларында, тамақ өнеркәсібінде, арақ-ликер ,
темекі, металлургия және т.б. салаларда
кеңінен қолданылады.
• Салалық стандарт (ССТ) сол саладағы
кәсіпорындар мен мекемелер шығаратын ,
немесе қолданатын нақтылы өнімдерге және
сол кәсіплорындар мен мекемелердің өнімдерін
пайдаланатын басқа салаларға арналады .
Дәрілік өсімдіктердің көптеген түрлері тек
медицина мен ветеринария бағыттарында
қолданылатындықтан олардың қалыптылық -
техникалық құжаттарын негізінен салалық
құжаттар деп қарауға болады.
• Дәрілік өсімдіктерге арналған
қалыптылық- техникалық құжаттар
фармакопеялық мақала, уақытша
фармакопеялық мақала және салалық
стандарт категорияларынан тұрады.
• Мемлекеттік фармакопея және
фармакопеялық мақалар мемлекеттік
стандартпен тең құқықта болады.
Дәрілік өсімдіктердің шикізаттарына арналған ФМ және
УФМ белгілі бір тәртіппен жазылады:
мақаланың тақырыбында шикізаттың аты латынша, орысша және қазақша
беріледі;
шикізат өндірілетін өсімдік, оның тегі, шикізатты жинаған уақыт, оны
тағайындау және қолдану саласы;
шикізаттың сыртқы және морфологиялық белгілері: түсі, иісі, дәмі және т.б..
кесіп алынған шикізаттың бөлігінің мөлшері, сипаттамасы;
шикізаттың микроскоппен қарағандағы белгілері;
микрохимиялық реакция мен хроматография арқылы тексерілген сапасы;
сандық көрсеткіштері: әсер ететін, экстактивті заттардың;
ылғалдылықтың; күлдің ұсынылатын қажетті проценттері;
шикізат бөлігінің көлемінің ауытқуы мөлшері; органикалық және минералдық
қоспалар;
бақылау әдіс
буып-түйу әдіс;маркілеу,тасымалдау, сақтау әдістері;
пайдалану мерзімінің ұзақтығы;
негізгі фармакологиялық әсерлері;
Қорытынды


Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Көкенов М. К, Әдекенов С. М. т. б Қазақстанның дәрілік
өсімдіктері және оның қолданылуы. Алматы «Ғылым»
баспасы, 1998
2. Доброхотова К. В, Чудинов В. В. Қазақстанның дәрілік
өсімдіктері – Алматы, 1963
3. Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері –
Алматы «Қазақстан», 1982
4. Иващенко А. А. Қазақстанның өсімдіктер әлемі –
Алматы кітап, 2004

Пәндер