Зілді ісіктерді анықтау және емдеудің заманауй әдіс тәсілдер


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Зілді ісіктерді анықтау және емдеудің заманауй әдіс тәсілдері

Орындаған: Куатбек М. М.

Тобы: ВМ-503

Тексерген: Ахметжанов О. Н

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Зілді ісік

2. 2 В. П. Шишков бойынша зілді ісіктердің пайда болу ұлпасына байланысты жіктемесі.

2. 3 Қатерсіз зілді ісіктер

2. 4 Қатерлі зілді ісік

2. 5 Қатерлі ісіктің түрлері:

2. 6 Қатерлі ісіктің пайда болу себептері, клиникасы

2. 7 ісіктердің клиникалық классификациясы, емі

Пайдаланған әдебиттер

Slide 3

Зілді ісік- организмнің торшалары мен ұлпаларының шексіз потологиялық көбеюі немесе өсуі.

Этиологиясы:

Инфекциялық

Радиациялық

Химиялық

Тұқым қуалаушылық

Табиғи иммунитеттің ақауы

Slide 4

В. П. Шишков бойынша зілді ісіктердің пайда болу ұлпасына байланысты жіктемесі.

Эпителилік- эпители ұлпасынан пайда болады. Оларға : папиллома, аденома, кистома, дерматома, карцинома.

Дәнекер ұлпалық- фиброма, миксома, липома, хондрома, остеома, мелансаркома.

Тамырлық- гемангиома, лимфангиома

Бұлшық еттік- миома, рабдомиома

Жүйкелік-глиома.

Slide 5

Жалпы айтқанда, ісік клеткалары өсіп-өнуі мен дамып жетілуі бойынша, құрылысы мен қасиеттері, атқаратын қызметтері бойынша орналасқан қалыпты тін жасушаларынан алшақтанып ерекшеленіп тұрады. Осындай жағдайды ісік өсуінің атипиясы (грек., а-жоқ, болмау; typos-түр, пішін) дейді.

Ісіктің бірнеше:

-өсіп-өну атипиясын;

-морфологиялық атипиясын;

-биохимиялық атипиясын;

-антигендік атипиясын;

-функциялық атипиясын;

-физикалық-химиялық атипиясын-ажыратады.

Slide 6 Slide 7

Қатерсіз зілді ісіктер- баяу өседі, аумағы шектеулі, өзі пайда болған ұлпа ішіне тарап өспейді. Негізгі зияны ұлпаны механикалық қысады. Жылқыда сиырда жиі кездеседі.

Slide 8

Папиллома (латынша papilla - бүртік) жалпақ және өтпелі эпителийден өсіп шығатын ісік. Ол теріде, ауыз, мұрын қуысында, көмейде, бүйрек астауында, қуықта, сүт бездерінің өзектерінде, ми қарыншаларының ішінде өседі. Папиллома көлденеңі 1 сантиметрге дейін болған түінше түрінде кейде сабақшаға ілінген полип тәрізді терінің не шырышты қабықтарының үстінде жайғасатын ісік.

Аденома - безді ағзалар эпителиінен, олардың өзектерінен өсетін безді ісік. Ол айналасындағы тіндерден жақсы шекараланған, үлкендігі бірнеше миллиметр-ден, ондағы сантиметрге жететін, жұмсақ ісік. Аденомалар өсіп шыққан жеріндегі тіндерге ұқсас құрылымдар түзеді. Егер аденома құрамында эпителийден гөрі дәнекер тін өсуі басым болса, бұл ісікті фиброаденома деп атайды.

Slide 9

Қатерлі ісік - бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды. Қатерлі ісік қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Қатерлі ісік жиі обырмен шатастырылады. Oл жасушалардың ретсіз бөлінуімен сипатталады, және де басқа ағзаларға, жиі тіндерге метастаз берумен сипатталады. Бұл ауру генетикалық бұзылу салдарының пролиферация және дифференцирацияның бұзылуы болып табылады. Қатерлі ісікті емдеуге бағытталған ем шаралар және дәрі-дәрмектер осы күнге дейін толығымен шешілмеген.

Slide 10

ҚАТЕРЛІ ІСІК, саркома (лат. cancer, carcіnoma және грек. karkіnos - шаян, краб) - тіндердің айналасында өсіп, олардың қызметін бұзатын ісіктер; осы ісіктердің жайылуынан организмде метастаз процесінің басталуы. Ісіктің тарамдалып, айналасы шаянның аяғы сияқты болғандықтан Қ. і. рак деп аталған. Қ. і-тің негізгі бөлігі - эпителий паренхимасы және көптеген қан тамырлары мен лимфа талшықтары болатын дәнекер тін.

Slide 11

Қатерлі ісіктің түрлері:

1) орнықты рак - эпителий қабатының ішінде өсетін рак.

2) жалпақ клеткалы - терінің, шырышты қабаттардың жалпақ не өтпелі эпителийінен өсіп шығатын рак.

3) безді - безді ағзалардың шырышты қабықтарының призмалық немесе текше тәрізді эпителийінен өсіп шығатын рак.

4) шырышты - ісік клеткаларының көп мөлшерде сұйықтық бөліп шығару-мен сипатталады.

5) солидті - аса тез өсетін ісіктер қатарына жататын, эпителий клеткала-рынан түзілетін рак.

6) майда клеткалы - жетілмеген рактар қатарына жатып, көбінесе өкпеде кездеседі.

7) фиброзды - сүт бездерінде, асқазанда көбірек кездеседі, өте қатерлі, ерте метастаз беретін рак.

8) медулярлы рак - ми тәрізді ақшыл және жұмсақ ісік.

Slide 12

Қатерлі ісік қалыпты жасуша қатерлі трансформация нәтижесінде пайда болады, ол бақылаусыз көбейеді, апоптозға қабілеттілігін жоғалтады. Қатерлі трансформация бір немесе бірнеше мутация кесірінен пайда болады, жасушалардың шекарасы анықталмаған жағдайда апоптоз механизімі бұзылуына алып келеді. Егер де ағзаның иммундық жүйесі мұндай трансформацияны анықтамаса, ісік ары қарай өсіпсонында метастаз береді. Метастаздар барлық ағзалар мен тіндерде

пайда болуы мүмкін. Өте жиі метастаз сүйекте, мида, бауырда және өкпеде пайда болады. Және де жасушалардың бақылаусыз бөлінуі қатерсіз ісікке алып келуі мүмкін. Қатерлі ісік қатерсіз ісіктен ерекшелігі метастаз қалыптастырмауы болады, басқа ағзаларға енбейді және ағзаға қатерсіз. Бірақ та қатерсіз ісік жиі қатерлі ісікке ауысады.

Slide 13

Қатерлі ісіктің неден пайда болатыны белгісіз болғанымен қандай жерде, қандай сыртқы факторлар әсер ететіндігі зерттелген. Қатерлі ісік аяқ астынан пайда болмайды, оның өсуіне әр түрлі ұзаққа созылған патол. жағдайлар, мысалы, мезгілінде емделмеген, ұзақ уақыт жазылмай жүрген жара (ішек-қарын жарасы, тері, жатыр жаралары, т. б. ) себеп болады.

Slide 14

Қатерлі ісіктің пайда болуына: рак туғызушы вирустар, сәуле көздері (радий, рентген), канцерогендік химиялық заттар, (бензпирен, т. б. ) гормондар, онкогендер әсер етеді. Қатерлі ісіктерді туғызатын зиянды заттар тікелей клетканың ядро құрылымына (ДНҚ, РНҚ) әсерін тигізіп, клетканың өсіп өну процесін реттеп отыратын белоктардың сандық-сапалық қасиеттерін өзгертеді. Қатерлі ісік клеткасы - организм ішінде пайда болатын тіршілік көзі. Ол организмге түсетін тағаммен, тіннің, мүшенің қалыпты клеткаларымен қоректенеді.

Slide 15

Ісік метастаздануының жолдары

лимфагендік

гемотогендік

имплантациялық

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық аурулар
Қатерлі ісік
Қатерлі ісіктің клиникасы
Интервенциялық ядролық медицина
Тексеру әдістері
ҰЛПА ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ
Иммунотерапияның түрлері
Ісікке қарсы дәрілік заттар
Паллиативті терапия
Ақпараттық техникалардың даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz