Қан айналым иннервациясы Жыныстық гормондар және олардың қызметі


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қан айналым иннервациясы

Жыныстық гормондар және олардың қызметі.

Орындаған: Куатбек М. М.

Тобы: ВМ-503

Тексерген: Ыгиева А. С.

Slide 2

Жоспар:

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

Қанайналым туралы жалпы түсінік.

Қанайналым шеңберлері

Гемодинамика негіздері

Реология - қан ағысын туралы ғылым.

Жыныс гормондарының әсері

Аталық жыныс бездерінің гормондары

Аналық жыныс бездерінің гормондары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Slide 3

КІРІСПЕ

Қан - ашық қызыл түсті сұйықтық. Организмде 5 л қан болады. Қан плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) тұрады.

Қанның қызметі:

Асқорыту - қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

Бөліп шығару - қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;

Тыныс алу - өкпе мен мүшелердегі газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

Регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді;

Қорғаныш - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар бар жасушалар болады және арнайы белоктар- антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды.

Slide 4

Қысқаша тарихы

Ежелгі кезден - ақ зерттеушілер ағзадағы барлық мүшелердің бір- бірімен байланысты екенін білген. Осыдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген медицина атасы - Гиппократ, гректің әйгілі ойшылы - Аристотель де қанайналым жүйесіне қызығушылық танытып, оны зерттеген. Алайда олардың зерттеулері қате болып шықты. Олар вена және артерия қантамырларын бір - бірімен байланыспаған екі жүйе деп есептеді. Қан тек вена арқылы жүреді деп есептеді, ал артерияда ауа болады деді.

Slide 5

Бұл болжамды Рим зерттеушісі, әрі дәрігер Клавдий Гален жоққа шығарды. Ол қанның вена арқылы да, артерия арқылы да жүретінін дәлелдеді. 1628 жылы ағылшын физиологы Уильям Гарвей өзінің «Жануарлар қанының қозғалысын анатомиялық зерттеу» еңбегінде алғаш рет қанның артериялық қантамырлар арқылы қарыншалар арқылы қозғалып, веналық кантамыр арқылы жүрекшеге келіп құятынын айтқан. Алғаш қанайналым схемасын сызып, екі қанайналым шеңберін қосқан.

Қысқаша тарихы

Slide 6

Бірақ қанның артериядан венаға қалай ауысатыны әлі де белгісіз күйде қалды. 50 жылдан кейін Марчелло Мальпиги артерия мен вена қантамырын қосып тұратын капиллярларды ашты.

Ең алғаш қанайналымның сандық сипаттамасын Стивен Хейз ашты. Ол артерия мен венадағы қан кысымын, жүрек камераларының көлемін, қанның ағу жылдамдығын өлшеді.

XVII - XIX ғасырларда көптеген гидромеханиктер қаның ағысына қызығушылық білдіріп. оны зерттеуге өз үлестерін қосты. Олардың арасында Эйлер, Пуазейль, Бернулли, Даниил болды.

Қысқаша тарихы

Slide 7

Қан тамырының құрылысы

Slide 8

Қанайналым туралы жалпы түсінік.

Қанайналым - бұл қанның дене бойымен айналымы. Қан жүрек жиырылуы арқылы қозғалысқа келіп, қантамырлар арқылы айналым жасайды.

Қан ағза ұлпаларын оттегімен, қоректік заттармен, гормондармен қамтамасыз етіп, зат алмасудың соңғы өнімінің ағзадан шығуына көмектеседі. Қанның оттегіге толуы өкпеде, ал қоректік заттарға толуы асқорыту жүйесінде болады. Бауыр мен бүйрек арқылы соңғы өнім сыртқа шығарылады. Қанайналым гормондар және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады.

Slide 9

Қ а н а й н а л ы м

Slide 10

Қанайналым туралы жалпы түсінік.

Қанайналым жүйесі жүректен және қантамырлардан тұрады. Қантамырлар арқылы қан ағза мен ұлпалар арқылы қозғалып, жүрекке құяды.

Қан қозғалатын ең ірі қантамырлар артерия деп аталады. Артериялар ұсақ артерияларға, артериолаларға және капиллярларға бөлінеді. Вена қантамыры арқылы қан жүрекке құяды.

Жүрек төрт камералы сондықтан екі қанайналым шеңберінен тұрады.

Slide 11 Slide 12

Қан тамырларының түрлері

Slide 13

Қанайналым шеңберлері

Үлкен қанайналым шеңбері - жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды

Slide 14

ҮЛКЕН ҚАНАЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІ

жүректің сол жақ қарыншасынан басталып

дене жасушаларына қан таратады

жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады.

Үлкен қанайналу шеңбері деп аталу себебі -

қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.

Slide 15

Қанайналым шеңберлері

Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.

Slide 16

КІШІ ҚАНАЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІ

жүректің оң жақ қарыншасынан басталып

өкпеге қан тартады

жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.

Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек

өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан

жүрекке келеді.

Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те

атайды.

Slide 17

Гемодинамика негіздері

Қанның қан тамырларымен бойымен қозғалыс заңдарын зерттейтін биомеханиканың бөлімін гемодинамика дейді. Гемодинамиканың басты ұғымдары - қан қысымы мен қозғалыс жылдамдығы.

Қан тамырлары бойымен қанның қозғалғандағы қан қысымының, қанның энергиясының және жылдамдығының өзгерісін Бернулли және Гаген-Пуазейль теңдеулерімен түсіндіруге болады.

Slide 18

Бұл теңдеуді алғаш рет аса көрнекті физик және математик, Петербург академигі Даниил Бернулли қорытып шығарған.

Сондықтан бұл теңдеуді БЕРНУЛЛИ ТЕҢДЕУІ деп атайды.

Мұндағы:

v - ағыс жылдамдығы

P - берілген кеңістік нүктесіндегі қысым

h - сұйықтық элементі орналасқан биіктік

Slide 19 Slide 20

Реология негіздері

Реология (rheos - ағын, logos - ілім) дегеніміз заттардың деформациялануын және ағуын зерттейтін ғылым. Гемореология - қанды тұтқыр сұйық деп қарастырып, оның қан тамырларының бойымен қозғалысын зерттейтін биофизика ғылымынң бір саласы.

Сұйықтың тұтқырлығы деп оның бір қабатының екінші қабатымен салыстырғанда қозғалыс әсерінен пайда болатын кедергіні айтады.

Slide 21

Қан ағысының сипаты

Қанның қан тамырының бойымен қозғалысы негізінде ламинарлық ағын болады. Бірақ кейде турбуленттік ағын да болуы мүмкін. Аортаға келіп құйылған қанның қозғалысы турбуленттік болғандықтан, аортадағы қанның қозғалысы да турбуленттік болады. Қанның қозғалыс жылдамдығы артқанда (мысалы, бұлшық етке күш түскенде) қан тамырларының тармақталу нүктелерінде де турбуленттік ағын болуы мүмкін. Турбуленттік ағын қан тамырларының диаметрінің кенет кішірейген жерлерінде де (тромба) болуы мүмкін. Турбуленттік ағын кезінде пайда болатын шу жүрек және қан айналым жүйесіне диагноз қою үшін қолданылады.

Slide 22

ГОРМОН

Ішкі сөлініс бездері организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. ІСБ жасап шығарған заттар гормондар (грекше “hormon’’- қоздырамын, қозғалтамын) деп аталады. Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері жүреді

Slide 23

ХХ ғасырдың басында У. Бейллис

пен Э. Старлинг он екі елі ішектің

шырыш бездерінде бөлінетін секретин

затының гормондық қызметін ашқан.

Slide 24

Гормондар арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормондар көбеюге де әсерін тигізеді, қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

1) метаболизмдік - зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері;

2) морфогенетикалық - конформациялық құрылымдық үрдістерде ажырату (диференциялық, тіндердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;

3) кинетикалық - қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;

4) түзетілуші (коррекциялық) - тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары) .

Slide 25

Жыныс бездері Жыныс бездері - гонадалар (грекше gone - пайда болу, aden - без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі - жыныс жасушаларын (гаметоциттерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Демек, жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі - көбею немесе репродуктивтік қызметі. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференция) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады. Жыныс бездері аралас бездерге жатады

Slide 26

Жыныс гормондарының әсері

Денеде зат алмасуды, анаболизмдік (ассимиляция) үрдістерің күшейтеді, яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді, белок, соның ішінде ферменттердің де жасалуын жоғарылатады. Осыған байланысты дене салмағы артады, себебі бірқатар тіндердің жүрек, сүйек, қаңқа бұлшықеттері, бауыр, бүйрек салмағы артады

Екінші жыныс белгілерінің дамуына, пайда болуына көмектеседі. Олар тиісті жынысты сипаттайды - жыныс мүшелерінің өсіп дамуы, түк пен май қабаттарының пайда болуы, қаңқа дамуы т. б. үрдістерді қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесі мен жоғары жүйке қызметіне әсер етеді, ұрпақ жаңғырту жүйесінің барлық бөліктері қызметінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Slide 27

Аталық және аналық гормон бөледі.

Аталық ұрық бездері-андрогендер (тестостерон), андростерон, эпитестостерон.

Аналық ұрық бездері-эстрогендер (эстрон, эстрадиол, прогестерон (сары денеде жасалады)

Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады

Жыныс бездерінен аталық және аналық жыныс гормондары бөлінеді.

Slide 28

Аталық гормондар:

Аталық гормондар (андрогендер) аталық бездің (еннің) аралық ұлпаларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Ал, бездің Сертоли торшаларында аз мөлшерде эстрогендер (аналық жыныс гормондар) түзіледі.

Slide 29

Аталық гормондар

Аталық гормондарға алъдостерон, андростерон, дегидроандростерон, андроген жатады. Олардың арасындағы ең белсендісі -тестостерон. Аталық гормондар анаболизмдік гормондарға жатады. Олар бұлшық етте белоктың түзілуін және жиналуын күшейтіп, оң азоттық тендестік қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде майдың жиналуын азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий-калий хлоридтерінің қорға жинақталуын күшейтеді.

Slide 30

Аталық жыныс мүшелері

Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы аталық мушелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г.

• Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.

Slide 31

Еркек малдардың жыныс аппаратының эволюциясы

Күрделі организм клеткаларының айырылуы гаметалардың функциональды және морфологиялық өзгеруімен өтеді, ал ол өз алдына еркек жыныс клеткасының белсенді қозғалу қасиетіне яғни аналық клеткамен қосылып, ұрықтануын жеңілдетуіне ықпал жасайды.

• Жыныс клеткаларының морфологиялық және физиологиялық өзгеруімен қатар жыныс процесінің эволюциясы күрделі организмдердің гаметаларын кездестіруге, ұрпағын эмбриональды және фетальды даму кезінде тәрбиелеуге бейімдейді.

Slide 32 Slide 33

Еркек малдардың жыныс процесінің эволюциясы

Организм неғұрлым жоғары дамыса, соғұрлым оның жыныс аппаратының морфологиясы мен жыныс процесінің физиологиясы да күрделі. Тұщы су гидрасы, теңіз гидромедузаларының жыныс процесі суға еркек және аналық гематалардың бөлініп, ұрықтануы түрінде өтеді. Жыныс процессінің әрі дамуы жаңа ұрықтану элементінің енуімен, яғни еркек пен аналық байланысуымен, осының арқасында гематалардың кездесуінің жеңілдеуімен беріледі. Ұрықтану ішкі және сыртқы түрде болады. Сыртқы ұрықтану балықтарда кездеседі. Ішкі ұрықтану спермиилердің аналық жыныс жолдарына түсіп, ұрықтануы түрінде болады. Еркек жыныс аппаратының эволюциясы вольфов каналының несеп-жыныс саңылауының ас қорыту орынынан бастап, жанама жыныс бездерінің дамуына дейінгі бағытта қызметі мен құрылымының дифференциелену жолымен өтті. Бұл бездердің секреті қағанақсыз ұрықтанатын жануарлардың гаметаларын ұрықтандыруға қажетті су ортасына ауыстырды. Вольфов каналының клоакалық бөлігі айтарлықтай дамыған шағылысу органына /жыныс мүшесіне/ айналды, канал бойымен оның несеп ағымына дейінгі және одан кейінгі жолдарында да жанама жыныс бездері қалыптасады.

Slide 34

Аталық жыныс органдарының анатомиялық топографиялық ерекшеліктері

Аталық мал жыныс аппараттарының физиологиялық жағынан атқаратын қызметі: ұрық бөліп, оларды жыныс мүшелерінен шығарып, аналық малдың жыныс жолдарына кіргізу. Осы үрдiстер аталық мал мүшелерiнiң құрылыс өзгешеліктерімен (2 сурет), малдың түр ерекшеліктері және жыныс актісі динамикасына байланысты құбылып отырады.

Slide 35

Аталық малдың жыныстың ағзаларының атқаратын қызметі

Текеде, қошқарда және бұқада ұма екі сан арасында орналасқан, бірақ вертикальды жағдайда, оның мойны айқын байқалады. Қабанда ұма санның артында, горизонтальды жағдайда орналасқан. Артқа қатты жылжыған, мойны жоқ, нашар салбыраған. Айғырда ұманың орналасуы сан арасында, бірақ ол горизонтальды орнығады, ал мойны нашар байқалады.

• Тері астында бұлшық ет эластикалық қабық болады, ол ұма терісімен жабысып өсіп кеткен, сондықтан жылтыр бұлшық ет жиырылғанда ұма терісі бүріседі де қатпарланады.

Slide 36

Аталық малдардың жыныс бездерінің пішіні, көлемі және салмағы

Аталық малдардың жыныс бездерінің пішіні, көлемі және салмағы жағынан бірдей емес. Қошқар мен бұқада эллипс, айғырда жұмыртқа тәрізді, қабанда сопақ бұршақ сияқты, аталық итте сопақша болып келеді. Ұзындығы жағынан ең ұзыны бұқада 12-14 см, ал қалған аталықтарда 10-12 см аралығында, салмағы жағынан ең салмақтысы қабандарда, олардың әрбіреуі 400-500 г жетеді.

• Аталық жыныс бездері 300-ден 400-ге дейін үлестерге бөлінеді. әрбір үлесте 4-5 ирелеңген жолдар бар, олардың ұзындығы 50 см-ден 80 см-ге дейін. Жыныс бездері жолдарының ұзындығы: айғырда 86 м, қабанда - 64 м, бұқада - 30 м

Slide 37

Аталық бездер


Ұқсас жұмыстар
Бездің құрылысы
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АТАЛЫҚ МАЛДЫҢ ЫҚПАЛЫ
Стероидты гормондардың канцерогендік әсері
Гормондар мөлшері
ГИПЕРТРОФИЯ, АТРОФИЯ
Қалқанша маңы бездері
Эндокринді жүйе
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқ ушыны медициналық – гигиеналық жә не жыныстық тә рбиелеу
СТЕРОИДТЫ ГОРМОНДАРДЫҢ СИНТЕЗІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ. МЕНСТРУАЛЬДЫ ФАЗАЛАР БОЙЫНША ЭСТРОГЕНДЕР МЕН ПРОГЕСТЕРОНДАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Бүйрек үсті безі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz