Суспензияларға жалпы сипаттама және дайындау технологиясы туралы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Суспензияларға жалпы сипаттама және дайындау технологиясы

Тақырыбы:

Орындаған: Куатбек М. М.

Тобы: ВМ-503

Тексерген: Тойкина Г. Н

Slide 2

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім 1. Дәрілік түрдің сипаттамасы. Анықтамасы. 2. Суспензияның түзілу жағдайлары. Қасиеттері. 3. Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық, конденсациялық. .

4. Суспензия түзетін дәрілік заттар.

III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12

Артықшылықтары:

суспензия түрiнде ерiткiштерде ерiмейтiн дәрiлiк заттарды босатуға болады, әсер ету эффективтiлiгi бойынша суспензиялар ерiтiндiлер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердiң жоғары дисперстiлiгiнен дәрiлiк заттар тез терапевтiк әсер көрсетедi. Суда ерiтiлген дәрiлiк заттардың сулы ерiтiндiлерi ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етедi.

Slide 13

Кемшiлiктерi:

технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзiмi қысқа дәл дозаланбайды.

Сондықтан суспензия түрiнде улы және күштi әсер ететiн дәрiлiк заттарды босату мүмкiндiгi жоқ.

Құрамына және дайындау тәсiлiне байланысты суспензиялар: Iрi суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 1-100 мкм аралығында), майда суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 0, 1-1 мкм аралығында) болып бөлiнедi.

Slide 14

Суспензия технологиясында қолданылатын дәрiлiк заттар

гидрофильдi

гидрофобты

Slide 15

Гидрофильдi-iсiнбейтiн заттарға: висмуттың негiзгi нитраты, ақ балшық, тальк, мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты, кальций глицерофосфаты жатады. Бұл заттар суда ерiмейдi, бiрақ сумен жеңiл шыланады. Сондықтан осы препараттармен суспензия дайындау кезiнде тұрақтандырғыштар қолданылмайды.

Slide 16 Slide 17

Гидрофобты заттар - бетi сумен қиын шыланатын заттар.

Slide 18 Slide 19

Суспензияның түзiлу жағдайлары:

дәрiлiк түр құрамына дисперстiк ортада ерiмейтiн заттар енгенде (күкiрт, камфора, ментол, мырыш тотығы және т. б. - суспензия физикалық әдiспен дайындалады) ;

егер дәрiлiк заттың мөлшерi ерiгiштiк шекарасынан асып кетсе, (суспензиялар физико-химиялық әдiспен дайындалады) ;

ерiткiштi алмастырғанда суспензияның түзiлуi. (физико-химиялық әдiс) ;

жеке еритiн дәрiлiк заттарды бiр дисперстiк ортада ерiткен кезде, әрекеттесiп ерiмейтiн қоспа түзiледi (химиялық әдiс) .

Slide 20

Суспензиялардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрiлiк түрлер секiлдi, сыртқы түрi мен органолептiк қасиеттерi, дұрыс орамдалуы және безендiрiлуi бойынша жүргiзiледi. Сонымен қатар суспензияларға тән ерекше қасиеттерiн талдайды: бiркелкiлiгiн және ресуспендирлiгiн. Жалпы мөлшерiндегi ауытқулар қатты фазаның мөлшерiне байланысты анықталады.

Slide 21

Суспензияларға қойылатын талаптар:

Бөлшектердiң өлшемдерi 50-100 мкм болуы, суспензиялар термодинамикалық тұрақты болуы керек, ол дәрiлiк заттың жеткiлiктi дәл дозалауын қамтамасыз етедi. Ресуспендирлену қасиетін - суспензияны қатты шайқау жолымен анықтайды. 24 сағат сақталған суспензияны 15-20 секунд шайқағаннан соң, ал 3 тәулiк сақталған суспензияны 40-60 секунд шайқағаннан соң бөлшектерi дисперстiк ортада бiртектi таралуы.

ҚР ДСМ 15. 12. 04 жылғы «Дәрiлiк құралдарды дайындау Ережелерi туралы» бұйрығының 1 бөлiмiнiң 8 тармағына сәйкес суспензиялар дисперстiк фазаның концентрациясы 3% төмен және дисперстiк ортаның табиғатына (сулы, спирттi-сулы) байланыссыз салмақ-көлемдiк әдiспен дайындалады. Дисперстiк фазаның концентрациясы 3% және одан жоғары болса, суспензиялар салмақтық әдiспен дайындалады.

Суспензияларды түссiз құтыда босатады. Ескерту «Қолданар алдында шайқа» этикеткасымен безендiредi.

Slide 22

Суспензияның түзілу жағдайлары.

Slide 23

Суспензияның қасиеттері:

Slide 24

Суспензияларды дайындау әдістері

Slide 25

Дисперсиялық тәсiлдің мәні механикалық диспергирлеу, ерiмейтiн iрi заттарды сұйық ортада майдалау процессi. Технологиясы келесi сатылардан тұрады: дисперстiк фазаны майдалау (дәрiлiк зат), дисперстiк ортаға енгiзу (ерiткiшпен араластыру), тығындау және безендiру. Сүзу немесе фильтрлеу сатысы жүргiзiлмейдi. I-шi саты. Майдалау. Дисперсиялық тәсiлде пульпа алу қажет. Ол үшiн дәрiлiк затты судың аз мөлшерiмен ысқылайды. Ысқылау кезiнде дәрiлiк заттың бетiнде микрожарықтар түзiледi, микрожарықтарға су кiреді де ажыратқыш әсер көрсетедi, бөлшектер майдаланады. Академик Б. В. Дерягин, сұйық ортада 1 г қатты затқа 0, 4-0, 6 мл су қосқанда, диспергирлеу эффектiсi байқалатындығын дәлелдедi. Осы қатынас Дерягин ережесi деп аталады. II-шi сатысы. Араластыру. Дисперстiк ортамен араластыру үшiн, лайлау тәсiлiн қолданады. Майдаланған жұқа пульпаға 5-10 есе мөлшерде су қосады, мұқият араластырады. Қоспаны 1-2 минутқа тұндырады, жүйе екi қабатқа бөлiнедi: iрi дисперстi және майда дисперстi. Iрi, жеткiлiксiз диспергирленген бөлшектер тез тұнады, ал майда бөлшектер қалқыған күйiнде қалады. Суспензияның майда дисперстi қабатын босататын құтыға құяды, қалған тұнбаны қайтадан осындай көлемдегi сұйықтықпен ысқылайды. Тұндырады. Тағыда беткi қабатын құтыға бөлiп алады. Осындай операция тұнба түгелiмен лайлы күйге өткенше жүргiзiледi. Дерягин ережесiн және лайлау тәсiлiн осы дәрiлiк түрдiң технологиясында қолдану, жұқа дисперстi суспензия алуға мүмкiндiк бередi. Сонда: суспензияның тұрақтылығы артады, дәл дозалануы қамтамасыз етiледi, дәрiлердiң ағзаға сiңiрілуi және терапевтiк әсерi артады

Slide 26

- ерiткiштi ауыстырған кезде;

- химиялық тәсiл - суда жеке еритiн дәрiлiк заттар бiр дәрiлiк түрде бiрiккен кезде, нәтижесiнде әрекеттесiп, ерiмейтiн тұнба түзiледi.

Конденсациялық тәсiлмен суспензиялар екi жағдайда түзіледі:

Slide 27

Конденсация тәсiлімен суспензия технологиясы келесi сатылардан тұрады:

Slide 28

а) Ерiткiштi ауыстыру сулы ерiтiндiлерге экстракттар, тұндырмалар және басқа спиртте дайындалған галендi препараттарды қосқанда түзіледi.

Спирттiң және заттың концентрациясы төмендейдi, суда ерiмейтiн заттар (эфир майы, шайыр) жұқа суспензия түрде бөлiнiп шығады. Мысалы, микстуралар. Ол күрделi жүйеге жатады.

б) Құрамына жеке-жеке суда еритiн, бір дисперстік ортада әрекеттесiп тұнба түзетiн, заттары бар суспензияны дайындау.

Slide 29

Орамдау және безендiру суспензиялардың құрамындағы дәрiлiк заттардың қасиеттерiне сәйкес жүргiзiледi. Суспензияларды олардың көлемiне сәйкес келетiн түссiз флаконда босатады. Флаконды (құтыны) полиэтилен тығынымен тығыз жабады. Флакон негiзгi және ескерту этикеткаларымен «Қолданар алдында шайқа», «Салқын жерде сақта» безендiрiледi.

Slide 30

Суспензиялардың сапасын бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Суспензияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Суспензияларға жалпы сипаттама және дайындау технологиясы
Технология лекарственных форм
Дипломалды тәжірибе есебі
Арақ өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы
Мөлшерге бөлінген ұнтақтар
Шөптен сүрлем дайындау және дайындау технологиясы
Сүрлем дайындау технологиясы
Өте ұсақ ұнтақтарды дуст дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Пестицидтермен улану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz