Ұнтақтарға жалпы сипаттама




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті

Ұнтақтарға жалпы
сипаттама

Орындаған: Сулейменова Жансая
Тексерген: Тойкина Г.Н
Тобы: вм-503
Жоспар:
1.Ұнтақтар жалпы сипаттама
2.Ұнтақтарды дайындау технологиясы
3.Пайдаланылған әдебиеттер
Ұнта
қ
Ұнтақ — фармакология өндірісі шығаратын, бір немесе бірнеше
ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар. Ұнтақтарды ішуге де,
сырттай теріге себуге де болады. Ұнтақтардың 2 түрі бар: 1) қарапайым
ұнтақ, бір ғана заттан; 2) күрделі ұнтақ, бірнеше заттан құралады.
Ұнтақтардағы дәрілік заттар өте майда ұсақталғандықтан олардың
фармакологиялық белсенділігі жоғары,
әрі таблеткалармен, пилюлямен (дәрінің домалақ түрі) салыстырғанда,
дайындалуы оңай және сұйық дәрілік қалыптарға қарағанда, тұрақтылығы
жоғары болғандықтан, олар басқа дәрілік қалыптардан гөрі кеңірек
қолданылады. Ұнтақтар құрамына сұйық заттарды
(тұндырмаларды, экстракттарды, эфир майларын) енгізгенде, генде,
ұнтақтың негізгі қасиеті — себілгіштігі өзгермеуі керек. Егер ұнтақ
құрамындағы улы немесе уытты заттар 0,05 г-нан кем болатын болса,
олар тритурация деп аталады. Тритурацияны улы немесе уытты заттың
1:10 немесе 1:100 қатысындағы сүт қантының қоспасын қолданып
дайындайды. Ұнтақтарды сұйық дәрілік қалыптармен салыстырғанда,
фармакологиялық әсері баяу жүреді, кейбір ұнтақтар қоршаған
ортада кристалдық суларын жоғалтады, ауадағы көміртегінің
диоксидімен реакцияға түседі және ауадан ылғал тартады әрі бояғыштық
қасиеттері болады және аллергиялық реакцияларды тудырады.
Ұнтақтар дозаға бөлінбеген (шыны ыдысқа, пакетке, қорапшаға салынады)
және дозаға бөлінген (қағаздан жасалған қаптарға салынады) болып
ажыратылады.
Ұнтақтарды да коллоидты системадағыдай
конденсациялық және дисперсиялық
әдістермен алады.
Конденсациялық әдіс
Конденсациялық әдіс бойынша екі не одан да көп электролиттер
ерітіндіде химиялық, реакцияласқанда және осы өнімнің бірі
тұнбаға шөгінді күйінде түскенде қолданылады. Мысалы, Nа2СОз +
СаС12 = СаСО3| + 2NаС1. Сондай-ақ, кейбір жоғары дисперстіліктегі
ұнтақтарды өртеп, мысалы, мырыш оксидін алады. Бүл реакция
300°С-та жүреді. Ал газ және сұйық отындарды оттек жеткіліксіз
жағдайда жаққанда күйе алынады. Егер конденсациялық әдіс
кезінде алынған зат ірі болса, оны ұнтақтайды.
Дисперсиялық әдіс
Бұл әдіс бұрында қарастырылған механикалық диірмен, коллоидты
диірмен, ультрадыбысты аспаптармен берілген заттарды
ұнтақтауға негізделген. Осында ұнтақталған заттарды електен
өткізіп, оларды өлшеміне орай сұрыптайды. Қолданылатын
диірменге орай түрлі ұнтақтар алынады. Ұнтақтардың өлшемін
талдап бақылайды. Ол үшін електен өткізу, седиментациялық және
адсорбцияны өлшеу сияқты тәсілдерді пайдаланады.
Пайдаланған әдебиеттер
Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.
Алматы : Қаз.Сов.энцикл.
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік:
Биология Жалпы редакциясын
басқарған профессор Е. Арын –
Павлодар: 2007
Назарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Өте ұсақ ұнтақтар. Дуст жасау техналогиясы
Мөлшерге бөлінген ұнтақтар
Таблеткалардын өндірістік технологиясы
Ұнтақтар технологиясының сатылары
Толықтырғышсыз қоюлатылған сүт көнсервілері
ЛЕКСИКОЛОГИЯ, ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
Пәнге көзқарас
Машиналар үшін өте ұсақ ұнтақтау
Саңырауқұлақтар және қыналардың фармациядағы маңызы
ТҮРКІСТАН ДОЛАНАСЫ
Пәндер