Аэрозольді заттарға жалпы сипаттама, дайындау технологиясы, қолдану


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Аэрозольді заттарға жалпы сипаттама, дайындау технологиясы, қолдану.

Орындаған: Куатбек М. М.

Тобы: ВМ-503

Slide 2

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

Аэрозольдер

Аэрозольдердің маңыздылығы

Аэрозольдерді алу әдістері

Аэрозольдерге тән физикалық қасиеттері

Аэрозольдердің медицина мен фармацияда қолданылуы

Аэрозольды лактар

Аэрозольды бұйымдар

Аэрозольді препараттар

III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Аэрозольдер дегеніміз дисперстік фазасы не сұйық, не қатты дене, ал дисперстік ортасы газ, әдетте, ауа болып келетін дисперстік системалар. Бұған тұман, түтін, шаң сияқтылар мысал болады/ Аэрозольдердщ дисперстілігі коллоидты бөлшектікінен кіші болғандықтан, ондағы бөлшектер ірілеу және біркелкі бола бермей; Мысалы, темекі түтініндегі бөлшек өлшемі 0, 1 -1, 0 мкм, тұрмі тағы түтіндікі - 0, 1 -100, 0 мкм, тұмандікі (Н2О) -0, 5 мкм.

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

Аэрозольдердің кинетикалық тұрактылығы бөлшектердің/өлше-мімен анықталады. Аэрозоль бөлшектерінің шөгу жылдамдығы дисперсгік ортаның тұтқырлығына тәуелді седиментациялық тең-деу арқылы анықталады. Мысалы, судан 1 сантиметр биіктіктен 10 минутта төмендейтін аэрозоль бөлшегі ауадағы осындай жолды бір секуидта жүреді екен. Олар тұрақсыз болады, өйткені аэрозоль бөлшектері газбен де, сұйықпеи де әрекеттеспейді. Ондағы бөлшектер космостық, гамма-ультракүлгін сәулелер әсерінен за-рядталуы мүмкін. Әйтсе де ондағы заряд шамасы үлкен болмаған-дықтан, ол агрегацияға кедергі жасамайды. Ондағы зарядты жа-санды жолмен арттыруға болады. Азрозоль бөлшектерінде кол-лоидты системалардағыдай диффузиялық қабат болмайды.

Slide 12

Тұмандағы сұйық бөлшектер шар тәрізді болады, ал түтін мен шаңдағылар түрлі заттар мен кристалдардың сынықтарынан тұр-ғандықтан, олар аморфты және әр түрлі пішінді. Олар конденса-ция немесе диспергация негізінде туындауы мүмкін. Конденсация-лық әдіс аэрозольдерді жоғары дисперстілікте және біркелкі етіп алуға мүмкіндік береді. Мысалы, газ күйіндегі хлорлы сутек пен аммиак қоспасынан қатты күйдегі ұнтақты аэрозольді алуға бо-лады:

НС1 + NН3 = NН4С1.

Күкірт (VI) оксидін су буымен аралас-тырғанда сұйық аэрозоль алынады:

SОз + Н2О = Н2SО4.

Slide 13

Аэрозольдердің пайда болуы беттік әнергияның едәуір артуымен байланысты болғандықтан, ол біраз энергетикалық кедергілерді жеңумен сәйкес келеді. Сондықтан да конденсациялық тәсіл кезінде біршама қаныққандык, яғни тепе-тедсіздік қажет. Мұндай жағдайда буды бірден конденсациялау керек. Табиғаттағы тұман осылайша туындайды. Егер системада ұйтқы заттар болса, аэро-зольдің түзілуі жеңілдейді.

Аэрозольдер коллоидты системалар сияқты жарыкты шашыра-тады және олар Релей теңдеуіне бағынады. Осы кезеңде, дисперсті фаза мен дисперстік орталардың тығыздығы мен сыну көрсеткіш-терінің айырмасы айтарлықтай өзгешелікте болуына байланысты аэрозольдердің оптикалық қасиетінің, әсіресе, жарық шашыратуы-ның ерекше мәнде болатынын ескерген жөн. Оптикалық қасиетке негіздеп түтін пердесін қолданады. Олардын арасында фосфор (V) оксидінің орны ерекше. Оның жарықты шашырату және жұту қа-білеті бірлік өлшем ретінде қабылданған.

Slide 14

Қейбір жағдайларда аэрозольдер теріс роль атқарады. Мысалы, металлургия, цемент, химия өндірісі сияқты салаларда әрі ай-наланы қоршаған ортаға зиянды, әрі құнды заттар түтін, шаң, то-зан, қурамында сыртқа шығарылады. Атап айтқанда шамамен тәуліпне он мың тоннадай кенді өңдейтін мыс балқыту заводының мұржасынан көк түтінмен бірге айналаға 26 кг АsSз; 1, 9 т Sb2S2; 1, 9 т Сu; 2, 2 т Рb; 2, 8 т Zn; 0, 4 т Ві шығады екен.

Slide 15 Slide 16

Соңғы кездері қоршаған ортаны қорғау адамзат денсаулығын сақтаумён тікелей сабақтас болып, ол мемлекеттік, дүниежүзілік мәні бар мәселе болып отыр. Жылу электр станциялары мен це-мент заводтарынын, 2 км радиусында күн жарығы өзінін. 29%-ке дейінгі сәулесін, ал ультракүлгінді бөлігі 65%-ін жоғалтады екен. Ал үлкен қалалардың үстіндегі күн жарығының қуаты 30-40%-ке төмендейді.

Көмір, қант, үн, қағаз сияқты органикалық қосылыстардьвд аэ-розольдары қопарылғыш келеді. Олар оттекпен жеңіл әрекеттесіп, көп мөлшерде жылу бөледі.

Slide 17

Өндірісте шаң-тозаңмен күресу үшін түрлі шан, ұстағыш каме-ралар қолданылады. Аэрозоль ағымы үлкен камераға еніп, көлемі бірнеше есе үлкейіп, жылдамдығын жоғалтады. Осы кезде шаң-тозаңдар шөгеді. Сол секілді түрлі желдеткіш көмегімен аэрозоль-ді кездемеден жасалған сүзгіштер арқылы өткізеді де тазалайды. Циклондарда бұрандалы бағытпен қозғалған аэрозоль бөлшектері қабырғаға қақтығысып, жылдамдығын жоғалтады да төмен шөге-ді. Соңғы кезде электр сүзгіштері де жиі қолданылуда. Аэрозоль тұрақты ток полюсінің арасынан өткенде, ондағы бөлшектер өзіне кері полюске тартылып бейтарапталып, төмен шөгеді (70-сурет) . Ол үшін аэрозоль жоғары градиенттегі потен-циалы бар (0, 5-1) • 105 В/см ток өрісінен өткізіледі. Осы кезде аэрозоль бөлшектері ион-данады.

Slide 18 Slide 19

Шаңдар - тұрақтылығы аз дұрыс емес пішіннің қатты бөлшектерінен тұратын полидисперсті жүйелер. Түтін мен тұманға қарағанда бөлшектің өлшемі үлкендеу. Жану кезінде, химиялық және фотохимиялық реакцияларды нәтижесінде мысалы, NH3 пен HCI өзара әрекеттесу нәтижесінде түтін түзіледі. Бүтін бөлшегінің өлшемі 0, 1-5мкм. Сұйықтың шашылуынан немесе буды конденсациялануынан тұман түзіледі. Тұманның тамшысында еріген заттар немесе қатты бөлшектер болуы мүмкін. Диспергирленген сұйықта тамшы диаметрі 1, 0-1, 5мкм үлкендікте болуы мүмкін. Бұл кезде түтін мен тұман бөлшектері өлшемімен ғана ерекшеленбейді. Сонымен бірге дисперсті фазаның жағдайымен де ерекшеленеді. Өндіріс қалашығының үстіндегі күрделі аэрозольдар, яғни түтіннің көп мөлшері мен табиғи тұман араласып, «смог»деп аталады.

Slide 20 Slide 21

Химиялық реакцияның нәтижесінде шашыранды булар алынуы мүмкін, мысалы, су буымен SO3, HCI, AICI3 өзара әрекеттесуінен, NH3 буымен HCI -мен контакт кезінде реакцияның өнімі тұман түрінде түзіле бастайды. Дисперсті фазаның бөлшектері өлшемімен, пішінімен, құрылысымен және химиялық табиғатымен ерекшеленеді. Бұл параметрлер ұзақ мерзімде өзгереді (арақашықтықта), солармен аэрозольдардың қасиеттерінің әр түрлілігі анықталады. Аэрозольдардың көптеген қасиеттері гидрофобты зольдердің қасиеттеріне ұқсас, бірақ та фазамен ортаның тығыздығында үлкен айырмашылық бар, сонымен олардың ерекше сапасын үлкен өлшемді бөлшектер қамтамасыз етеді. Ортаның төмен тұтқырлығы және оның азғантай тығыздығын фазаның бөлшегінің өлшемінен аэрозольдың бөлшегінің қозғалысы тәуелді болады. Іргелі тұнбаға түскенде ұсақ бөлшектер тез қозғалады. Сондықтан ірі бөлшектер ыдыстың түбіне шөгеді, ал ұсақ бөлшектері реактор қабырғасына жабысады. Орташа өлшемді бөлшектер көбіне ауада қалады.

Slide 22

Аэрозоль - шашырату жүйесінің газдық ортада өлшенген жағдайда болатын сұйық тамшысы немесе қатты дененің бөлшегінен тұрады

Терминді алғаш 1945 жылы ағылшын химигі Ф. Дж. Доннан енгізген.

Slide 23

Аэрозольды лактар

Аэрозольды ыдыстардағы лактар шаштың түріне қарай (құрғақ, майлы) шығарылады. Осыған орай оларға түрлі хош иісті және пайдалы қоспалар қосылады. Сауда орнында мынадай лактар сатылады: «Прелесть», «Прелестьлюкс», «Сандра», «Павлинка», «Дрей Беттер Тафт», «Элнет», «Блеск», «Юлия», витамин қосылған лак. Шашты жуып әрі бояу үшін аэрозольды ыдыстағы «Биотонды» пайдалануға болады. Шашты ащы сумен жуғанда «Идель» препаратын пайдалану керек. Шашты өсіруге, қайызғақ түсірмеуге арналған «Биосол», ал шашқа сәнді пішін беру үшін «Завиток», «Юлия» препараттары шығарылады. Аэро-зольды құтыларда дезодоранттардың көптеген түрлері, терін! қоректендіретін (нәр беретін) және оны қабынудан сақтандыратын кремдер-«Прополисный», күнге күйдірмейтін-«Гелиосмасло», «Гелиос-лосьон», қолды майдан, сыр-бояулардан, смоладан т. б. тазартатын препараттар шығарылады. Ерлер сакал-мұртын қырғанда пайдаланатын көбікті крем «Орфей», беттің терісін дезинфекңиялайтын, хош иіс беретін лосьондар, іп ашты жылтыратып өң беретін фиксатор, дезодоранттардың көптеген түрлері аэрозольды құтыларда болады.

Slide 24 Slide 25

Аэрозольды бұйымдар

Аэрозольды ыдыспен тағы да мынадай бұйымдар шығарылады: Аяқ киімдерді жалтыра-тып, су өткізбейтін қасиетін арттыратын - «Адо», велюрден және теріден жасалған заттарға жаңа өң беретін-«Велюр» (түссіз), теріге арналған-«Нитрозмаль», аяқ киімді жұмсартып әрі кеңейтетін-«Разняска»; газ плитасын, табаларды, духовканы, эмальды ыдыстарды жақсы тазалайтын-«Парма-1», пластинкаларды тазартатын-«Октава» т. б. препараттар. Аэрозольды құтыда шығарылған сыр-бояу ма териалдарының көмегімен әр түрлі сырлау және бояу жұмыстарын жүргізу ыңғайлы. Кір жуғыш машиналардың, юңазытқыштар-дың т. б. заттардың сыртқы бетіндегі сыр-бояулары кеткен жерлеріін өңдеу үшін аэрозольды ыдыста арнаулы сұйық заттар шығарыл ады. Лакгіен боялған тұрмыстық приборларды, металл бұйымдардың беттерін өіадеуге нитроэмаль пайдаланылады. Бұл препаратпен автомобиль, велосипед, мотоңиклдің сыры кеткен жерін қалпына келтіруге болады. Беті эмальданған заттарды, ағаш, кірпіш, сондай-ақ цемент бетін сырлау ға «Эмаль^КО-174», металл және ағаш бұйымдарға ПФ-115 эмалін пайдалануға болады. Тоңазытқышқа арналған нитроэмаль да бар.

Slide 26

Аэрозольды препараттар


Ұқсас жұмыстар
Суспензияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Технология лекарственных форм
Дипломалды тәжірибе есебі
Дезинфектанттардың сапасын саралау
Шашқа арналған сусабын өндірісі
Суспензияларға жалпы сипаттама және дайындау технологиясы туралы
Вакциналардың түрлері
Аэрозольдер туралы түсінік
Мөлшерге бөлінген ұнтақтар
ФАРМАЦЕВТІК ГОМЕОПАТИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz