Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары туралы



БӨЖ
Тақырыбы: «Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы.
Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары»
Орындаған :Куатбек М. М.
Тобы : ВМ-503
Тексерген :Омарбеков Е. О.
2017 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жоспар
1. Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы.
2. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары»

Вирусология ғылымының даму жолындағы әр түрлі кезеңдерде вирустарды реттеп, бір жүйеге келтіру (классификация) жөнінде ұмтылыстар болды.
1940 ж. аяғында, вирустарды реттеуде негізгі қасиеті зиянкестік зардабы.
1950 ж. бастап, вирустардың антигендік қасиеттеріне сәйкес аты латынша айтыла бастады. .
1962 жылы А. Львов және басқа ғалымдар вирустарды топтаудың универсалдық классификациясын ұсынды. Бұл топтаудың негізі:
нуклеин қышқыльщың түрі (РНҚ немесе ДНҚ),
нуклеокапсид симмертиясы (спираль тәрізді оралған түрі немесе куб түрі),
вирустың сыртқы қабықшасының бары немесе жоқтығы,
вирустағы капсомер саны (бұл куб тәрізді симметрия үшін), немесе нукле- окапсидіің диаметрі (спиральді симметриялық вирустар үшін) .
1966-1971 ж. туысқа бөле бастады.
1971-1975 ж. вирустарды тұқымдастыққа, туыстыққа бөле бастады. Қазіргі қезде бұл жүйе вирустардың негізгі қасиеттеріне сүйенеді. Олар:
нуклеин қышқылының түрі;
морфологиясы;
антигендік қасиеттері;
вирус геномының стратегиясы

Вирустар басқа да қасиеттеріне байланысты бөлінеді. Ол қасиеттер мыналар:
липопротеидтік қабықшасының барлығына сәйкес;
нәсілдік қарым-қатынас феноменіне сәйкес;
вирусты қабылдайтын иесінің тобына сәйкес;
зиянкестік қасиетіне сәйкес;
жұғу жолдарына сәйкес;
географиялық таралуына сәйкес.
Осы аталған қасиеттеріне сәйкес вирустар мынадай иерархиялық деңгейге бөлінеді.

тұқымдастықтар- viridae
тұқымдастықтар тармағы- virinae,
туыстықтар, түрлері- virus.
Тұқымдастықтың өзі туыстан тұрады жөне оның мүшелерінің антигендік қасиеті, морфологиясы, сондай-ақ нуклеин қышқылының түрі бірдей болып келеді.
“Туыстық” - дегеніміз физикаяық, химиялық және серологиялық қасиеітері бірдей бір топ вирустар.


ДНҚ-ды вирустар
Бұл вирустардың геномы бір жіпшелі, екі жіпшелі, сызықшалы немесе сақиналы ДНҚ-нан тұрады.

Poxviridae тұқымдастығы (ағылшынның pox - жара деген сөзінен алынған) ~ поксвирустар. Вирустары өте үлкен, мөлшері жөнінен бактерияларға жақын (300 - 400 нм, демек 0, 3 - 0, 4 мкм) . Вирустардың пішіні кірпішке ұқсайды. Бұл вирустар күрделі вирустарға жатады. Себебі сыртқы қабықшасы бар, ол қабықшада белоктар, лилидтер, углеводтар, бүйір денелері және өзекшесі бар. Poxviridae тұқымдасы 2 тармақтан тұрады.
Chordopoxvirinae - омыртқалылар поксвирусы;
6 туыстыққа бөлінеді:
2. Entomopoxvirinae - жәндіктер поксивирусы
Orthopoxvirus туыстығы гректің orthos - дұыс деген сөзінен алынған. Шешек вирусы жатады.
Parapoxvirus туыстығы гректің para - қасында, жанында деген сөзінен алынған. Қойдың қара сүйел вирусы, сиыр стоматиті вирусы жатады.
Avipoxvirus туыстығы латьйшьщ avis құс деген сөзден шыққан. Бұл топқа: тауық, кептер, күркетауық, тоты құс, бұлдырық шешек вирустары жатады.
Leporipoxvirus туыстығы латынның lepus-қоян деген сөзінен алынған. Үй қоянының және тиындардың миксома, фиброма вирустары жатады.
Suipoxvirus туыстығы латынның suis-шошқа деген сөзінен алынған. Бұл туыстыққа шошқа шешегінің вирусы жатады.
Capripoxvirus туысы-қой, ешкі шешек вирусы, ірі қараның нодулярлы дерматитінің вирустары жатады.

Herpesvindae- герпесвирустары тұқымдастығы гректің herpo - еңбектеу, сөзінен шыққан. Олардың мөлшері 120- 200 нм, өте күрделі липидтен тұратын қабықшасы бар. сыртқы пішіні икосаэдрге ұқсас, куб тәрізді капсиді 162 капсомерден тұрады. Түрге тән арнамалы екі антигенібар. Герпесвирустар тұқымдастығына 3 түрлі тармақ кіреді:
Alphaherpesvirinae тармағы
Betaherpesvirinae тармағына
Gammaherpesvirinae
адамдарда болатын жай герпес вирусы,
жеңіл шешек вирусы, жануарлардың герпесвирустары :
жылқының ринопневмония вирусы,
ірі қараның жүқпалы ринотрахеитының вирусы,
ірі қараның қатерлі катаральді қызбасының вирусы,
Ауески вирусы,
құстардың инфеқциялық ларинготрахеитының вирусы,
үйрек обасының вирусы жатады. Ауырған организмде вирустар белгілі бір аймақтағы нерв клеткаларының жиналған жерінде ұялайды.
адам және тышқан цитомегаловирустары жатады. Ауырған организмде вирустар олардың сілекей бездерінде кездеседі. Олар фибробластан тұратын торшаларда өсіп-жетіледі.
вирустар тек лимфоциттерде өсіп-жетіледі. Бұл вирустардың қатарына Эпштейн - Барр вирусы және Марек ауруының вирусы жатады. Бүл вирустар тек қаңа лимфобластан тұратын торшаларда ғана өсіл көбейеді

Hepadnavirіdae
Бұл топқа жататын вирустар:
адамның бауыр ауруының “В” вирусы,
орман суырының вирусы,
үйректің бауыр ауруының вирустары.
Бұл вирустардың өсіп- жетілетін орны бауыр клеткаларының (гепатоциттер) ядросы. Вирустардың липидтен тұратын қабықшасы бар, вирионның үлкендігі 50 нм, пішіні сферикалық болып келеді. ДНҚ - сақиналы келген бір молекуладан тұрады.

Iridoviridae тұқымдастығына
Бұл түқымдастыққа кіретін вирустар түрі иксоаэдрға ұқсас, мөлшері 130 нм. Бұл вирустарда липидтен тұратын өте күрделі қабықшасы. Клеткадан бүршіктену арқылы бөлінеді немесе клетка жарылған кезде шығады. Иридовирустар тұқымдастығы бірнеше туыстықтан тұрады. Олар жылқының африка обасы ауруының вирустары, құрбақаның вирустары, қоңыз және маса вирустары. т. б.

Adenoviridae (гректің adeno - без деген сөзінен шыққан)
тұқымдастығына аденовирустар жатады. Құрамында 252 капсомер бар, үлкендігі 70 - 90 нм, қабықшасы бар. Аденовирустар клетка ядросында ғана өсіп-көбейеді, ал вирустардың сЫртқа шығуы ядро мембранасының жарылып, клетканың өлуімен аяқталады. Аденовирустар адамға, жануарларға, құсқа және сүтқоректілерге ауру таратады.
1. Mastadenovirus туыстығы (гректің mastos - сүт бездері деген сөзінен алынған) сүтқоректілердің аденовирустары.
2. Aviadenovirus туыстығына (латынның avis - құс деген сөзінен алынған) құс аденовирустары жатады.

Papovaviridae
тұқымдастығы - паповавирустар. Бұл түқымдастықтың аты мынадай буындардан тұрады: pa - папиллома, ро - полиома, va- вакуольді вирус, демек 3 вирустың атынан тұрады. Бұл түқымдастықтың қүрамына мынадай туыстықтар кіреді:
1. Papillomavirus туысы (латыңның раріll - шошақ, гректің оmа - ісік детен сөздерінен алынған) . Ол вирустар адам мен мал басқа да жәндіктер сүйелін қоздырады.
2. Polyomavirus туыстығы гректің роіу-көп деген сөзінен алынған - полиомавирустар. Бұлардың қүрамына тышқандардың полиомавирусы, маймыл вирусы (SV - 40), К вирусы, үй қояны вирусы т. б. жатады.

Parvoviridae
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz