Малды жазғы кезеңде күтіп бағу гигиенасы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және
Ғылым Министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Малды жазғы кезеңде күтіп бағу
гигиенасы
Орындаған: Мейрамбекова А
Тобы: ВМ-503 (А тобы)
Тексерген: Қойгелдина А.С
Жоспары
Кіріспе
Қазақстандағы жайылымның маңызы
Малдарды жайылымға бағуға дайындау және ауыстыру
Жазғы өріске жіберілер алдындағы тексеріс
Малды жазғы жайылымдарда азықтандыру
Жайылымдардың мезгілдік айырмашылықтары
Мүйізді ірі қара малын жазғы жайылымда ұстау
Әдебиетке шолу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жануарлар гигиенасы (ветеринарлық гигиена, зоогигиена) ілімі мал
денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу,
малдың өнімділігін көтеру және олардан мол өнім өндіру жөніндегі
мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді, соның ішінде сыртқы
ортаны зерттеп, оны малдарға деген зиянсыз және қолайлы әсер етуі
зоогигиена үшін басты мәселе.
Жануарлар гигиенасы, ветерианрлық гигиена немесе зоогигиена (грек.zoon-
мал, hygienos-дені сау) – малдарды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп-
күтудің тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты
өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту
туралы ғылым.
Қазақстанда жайылымның маңызы
Қазақстан үшін жазғы жайылымдардың маңызы өте жоғары екені белгілі.
Себебі республика жағдайында мал азық қорының шамамен 50% осы
жайылымда. Алайда, жайылымдардың негізгі бөлігі (70%) шөлейт, жартылай
шөлейт жерлерге орналасқандықтан олардың өнімділігі мардымсыз. Бұл
жайылымдар жыл мезгіліне байланысты ауысып тұрады. Шамамен барлық
жайылымдардың 32% - жазғы, 44% - көктемгі-күзгі, 12% - қыстық деп
белгіленсе, ал қалған 12% жыл бойы пайдалынатын жайылымдарға тиесілі.
Әрбір, әсіресе шалғайдағы жайылымдар ерте көктемде мамандар тарапынан
тексеріліп, мал өлекселері мен жемтік сүйектерінен, минералды
тыңайтқыштарынан, өсімдік шірінділері, көң, тас, шөпшек қалдығы, ағаш
үйінділерінен тазалануы керек. Бұршақ тұқымдастар өскен жайылымдарға
және қатқақ шықты күндері малды аса сақтықпен жаю талап етіледі. Өйткені,
ондайда малдың жем қорыту қызметі бұзылып (тышқақтау, іш кебу) іш
тастайды, суықтан болтын аурулар өршиді. Сондықтан малдарды жазғы
жайылымдарға жаю оларға пайдалы болып келеді.
Малдарды
Малдарды жайылымға
жайылымда бағуға
ұстауға ауыстырар дайындау
алдында және ветеринарлық
шаруашылықтың ауыстыру
шараларының жоспары бойынша малды тексереді және ветеринарлық-санитарлық
шаралар жүргізіледі:
-әлсіз, ауру және ауруға күдікті малдарды анықтайды;
-сәйкесінше ем тағайындайды;
-созылмалы індеттерді (туберкулез, бруцеллез) анықтау үшін арнайы диагностикалық
зерттеулер (туберкулинизация және т.б.)
Індетті ауру малдарды оқшаулайды және шаруашылықтарда ветеринарлық заңдылықтарға
сәйкес шараларды іске асырады. Ішқұрт ауруларын анықтау үшін гельминтологиялық
зерттеулер жүргізіледі. Ауру малдар және қарауыл итттерді дегельминтизациялайды..
Жайылымға шығар алдында малдарға топырақ індеттерінің (топалаң, қарасаң және т.б.)
алдын алу үшін осы ауруларға қарсы вакцина егеді.
Жазғы өріске жіберілер алдындағы тексеріс
Жайылымға шығарыларда барлық мал ветеринарлық-гигиеналық
бақылаудан өтуге тиіс. Ауру және әлсіз мал жеке топтастырылып, жақын
жердегі жақсы өріске шығарылады. Малды қалай болса солай, бет-
бетімен жаюға болмайды. Өйткені олар өрістегі шөптің құнарлығын
отайтады да, қалғандарын таптап өте шығады. Мұның салдарынан
жайылымды арам шөп басып кетеді. Малды бетімен жаю көптеген
жұқпалы және инвазиялық аурулардың етек алуына әкеп соқтырады.
Сондықтан да кейінгі жылдары жайылымды учаскелерге бөлу ісіне
ерекше назар аударылуда. Әрбір қой отарының өзіне бекітіп берілген
жері, загондары болады. Бір учаскенің шөбі оталып бітсе, малды екінші
учаскеге көшіреді, сөйтіп жайылым шөбінің әрдайым бітік болуына
назар аударылады. Осылай ұйымдастырылған жайылымда мал тез
қоңданады, оның өнімділігі артады. Мал арасында құрт аурулары азаяды.
Малдарды жазғы жайылымдарда
Біздің еліміздің көптеген аудандарында жазғы
азықтандыру
кездері малды табиғи немесе екпе жайылымдарда
бағады. Малдар таза ауалы жайылымда жүріп, күн
шуағының әсерімен шынығады, малдың жемге деген
зауқы жақсара түседі, зат алмасу процесі күшейіп, әр
түрлі аураларға төзімді келеді. Белокқа және басқа
да оңай қорытылатын қоректік заттарға, сол сияқты
витаминдер мен минералдық тұздарға бай балауса
азық төлдің өсуін күшейтеді және сиырлардың
сүттілігін арттырады, сөйтіп бұдан шаруашылық
өзіндік құны неғұрлым төмен сүт алады.
Егер жайылым фермадан қашықта
орналасқандықтан малды күн сайын саууға, үстеме
азықтандыруға, тынықтыруға және түнетуге айдап
келуге тиімді болмаса, онда малды жайылымдық-
лагерьлік әдіспен бағады.
Жайылымдардың мезгілдік
айырмашылықтары
Мал үшін жазғы жайылымның қыста қолда
ұстағаннан едәуір артықшылығы бар. Жазғы
жайылымда мал бойына сіңімді, құнарлы және
витаминдері мол көк шөпті еркін жейді. Малдың
таза ауада, күн сәулесінде ұзақ уақыт болуы және
үздіксіз қозғалуы оның табиғи өмір жағдайына
өте жақын болады. Сондықтан мал жаюды жақсы
ұйымдастыру малдың денсаулығын жақсартуға
және оның өнімділігін арттыруға ең қолайлы
шара болып табылады. Жайылымда бағу жас
төлдің тез өсіп-марқаюына көмектеседі және
оның сезімталдығына әсер етеді.
Шаруашылықтарда қой, жылқы жыл мезгілінің
көпшілігін, яғни көктем, күз, жаз айларын
жайылымда өткізеді. Малды жайылымда бағу
оны азықтандыруды, бағуды арзандатады.
Мүйізді ірі қара малын жазғы жайылымда ұстау
Ірі қара малын жайып бағу біздің жердің табиғи
ерекшелігіне байланысты мамыр айының екінші
жартысында басталады. Бұл жағдайда малды
жазғы лагерьге орналастырады немесе түнгі
мезгілде, сауын кезінде аулаға айдап келіп,
далаға жайып бағады. Жайып бағу тәсілін мал
аулалары жақын болған жағдайда қолданған
дұрыс. Өкінішке орай бұл тәсілді мал аулалары
қашық болған жағдайда қолдана береді. Ал
қашық жерден айдалып келген мал шаршап, оның
өнім беруі де төмендейді.
Тәжірибе бойынша жайып баққан малдан лагерьде
тұрған малдың өнімділігі жоғары екенін білеміз.
Малды дұрыс жайып бағу үшін шаруашылық
ұйымдастыру, зоотехникалық және ветеринарлық-
санитарлық шаралар дұрыс жолға қойылу қажет.
Әр көктем сайын қар суы кеткен соң жайылымға
бөлінген жерлерді қарап шығу қажет. Жақсы
қоректік және мол өнім алу үшін барлық
жайылымдар тазартылып, мәдени жағдайға
келтірілуі қажет.
Жайылым жерлерді жақсартуды оның бұталардан,
Әдебиетке шолу
Г.К. Волков (1982) дерегі бойынша малды жайылымда ұстаудың гигиеналық
маңызы жоғары. Жайылымда осы шөптен дайындалған пішенмен салыстырғанда
қоректік заттар 1,5 есе артық. Шөпті кептіру барысында ондағы азықтық
заттардың бір бөлігі жоғалып қана қоймайды, сонымен қатар олардың мал
организміне сіңімділігі нашарлайды (шөппен салыстырғанда, пішеннің қорытылу
деңгейі 15-20 %-ға төмен болып келеді). Көк шөптің құрамында мал организмінің
қажеттілігін қанағаттандыратын әртүрлі витаминдер бар. Көк шөптің құрамында
пішенмен салыстырғанда, каротин мөлшері 10 есе жоғары болатыны белгілі.
Жайылымдық кезеңді малды толық құнды азықтандыру, оның резистенттілігін,
сонымен қатар өнімділігін жоғарылатады.
Ж. Мырзабеков (2005) дерегіне сүйенсек, малдың жаздық бағым-күтімі, әсіресе
өрісте (жайылымда) ұстаған кезде арзан жем-шөптің есебінен ең мол өнім (мал
сүт өнімдерін) алуға қолайлы маусым болып саналады. Жаз маусымын түліктің
сақайып, сауығатын, толығып, денсаулығы қалыпқа келетін кезең деуге тұрады.
В. Ф. Костюнина (1983) мәліметтерінде көрсетілгендей Малдарды жазғы
жайылымдарда бағу үшін арнайы жоба бойынша жабдықтайды.
Орналастырылған қалқалардың (навес-лапас) саны мен сапасы малдың басына
және өндірістік процестің ерекшелігіне сай болады. Сондықтан жайылым мал
жайлауға келерден бұрын алдын ала дайындалуы тиіс
Қорытынды
Малды лагерьде ұстаудың гигиеналық маңызы тек құрамында қоректік заттары бойынша мол көк
балауса шөптермен қамтамасыз етілумен қатар, жаңа түлікті әсіресе бағудың шынықтырушы,
сақайтып-сауықтыратын шара деп те түсінуге болады. Сондықтан жайылымды, күннің жылы
шуақ кезеңін барлық малдар үшін қолайлы пайдалану гигиеналық жағынан да әрі шаруашылық
жағынан да тиімді.
Жаз мезгілінде ауылдық жерлерде мал шаруашылығының барлық түрлерінің күтімі мен
өнімділігін арттыруға жағдай мол. Себебі олар күн сәулесі астында, таза ауада, белоктар мен
витаминдерге бай және де тез қорытылатын қоректік шөптермен қоректенеді. Жайылым кезінде
жануарлардың бұлшық еттері мен сүйектері қатаяды, шынығады. Бұл әсіресе жас малдар мен
бұқаларға аса қажет. Жайылым буаз малдарға, жатырда өсіп келе жатқан төлдерге, сауын
сиырлардың өнімділігіне және өсіп келе жатқан төлдерге жақсы әсерін тигізеді.
Мал жаюдың екі түрі болады: еркін немесе жүйесіз және загонды немесе жүйелі
Шаруашылықтарда жайылымда бағылатын малдарды дайындау және жоспарлау қатаң сақталады.
Жаздық жайылымның тиімділігі – жайылымды дайындауға, көшіруге, айдауға және әртүрлі топ
пен түлікке сәйкес өрісті үйлесімді пайдалануға байланысты болады. Жаздық жайылымда түлікті
бағудың шынықтырушы, сақайтып-сауықтыратын маңыздылығының мәні организмге сыртқы
ортаның қолайлы да, оңтайлы да құрамдағы факторларының әсер етуінің нәтижесі деп саналады.
Әрі жазғы жайылымдарда мал организмінің табиғи төзімділігін төмендету мен қатар, зат алмасу
процесінің бұзылуына, жем-шөпке зауқы соқпау және де қан-тамыр, тыныс алу жүйелерінің
қызметін бұзатын факторлар мал қораларда баққанда кездесетін ортаның жағымсыз, кері әсерлері
(дымқылдық, улы газдар, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың шектелуі,яғни гиподинамия,
құнарсыз азықтандыру және т.б. ) жойылуына пайдалы әсерін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Гершун В. И. Ветеринарная гигиена./ Тулякова Р.К-Костанай.: Колос, 2005. -
32-36 б.
2) Кузнецов А. Гигиена животных./ Найденский М.С.-Москва.: Колос, 2001.-
Б.125-128
3) Кәдіров Н.Т. Жас мал дәрігеріне кеңес./ Гниломедов Д.С. Алматы.: Қайнар,
1973. - 48-53 б.
4) Бәшірова Ж, Мал шаруашылығы негіздері курсын оқыту негіздері./ Жүнісова
И. Алматы.: Рауан, 1994.
5) Ставровский А.Е. Мал шаруашылығы практикумы./ Чичков В.А.
Алматы.:Мектеп, 1974.
6) Наурызбаев И. Фермадағы мал дәрігерлік дезинфекция. Алматы.: Қайнар,
1975.
7) Мырзабеков Ж. Ветеринарлық гигиена./ Ибрагимов П. Алматы.: Білім, 2005.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz