Операция жасайтын орын ( операция бөлмесі ) және оны дайындау


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Операция жасайтын орын (операция бөлмесі) және оны дайындау

Орындаған: Куатбек М. М.

Тобы: ВМ-503

Тексерген: Жакиянова М. С.

Семей 2018

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Операция жасалатын бөлменің жұмысын ұйымдастыру.

2. Операция жасайтын бөлме.

3. Құралдары:

4. Жабдықтау.

5. Наркоз бөлмесі

6. Құрал - сайман бөлмесі.

ІІІ Қорытныды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Операциялық бөлме құрылысы Хирургиялық кабинеті 2 кабинеттен тұрады: дөрігер қарайтын болмеде 2 жазу столы 2 отырғыш 2 табурет, кушетка, аяқ қоятын отырғыш, киім ілгіш, айна, қол орамал, қол жуатын кран, медициналық құжаттар болады. Таңу кабинетіне дәрігер кабинеті арқылы кіреді. Онда стерильді стол, бикстер, таңу столы, кушетка, инструменттер, таңу материалдары, медиц шкаф, леген, шелектер, т. б. болады.

Slide 4

Операция алдында дәрігер медбикені жасалтын операциялардың тізімімен таныстырып, оған керекті құралдар мен материалдарды дайындауға тапсырма береді.

Хирургке операция жасауға көмекші қажет. Оның қызметін, тәжірибелі мейіркеш, дәрігер немесе жоғарғы курс студенттері атқарады. Операциядан кейін ауруды 30 мин-тен 1 сағатқа дейін уақытша демалатын бөлмеге жатқызған жөн.

Әрине, хирургия бөлімдері жұмысының ішінде дерттің алдын алу қызметі жоғары орында болуы қажет.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында «Дәрігер-стоматологтың бақылауында болатын науқастардың диспансерлік үлгісінің жобасы» берілген.

Slide 5 Slide 6

Хирургиялық операцияға керек инструменттер:

Операциялық бөлме кең жарық бөлме, жары мен төбесі сырланған, едені -кафельденген, бөлме температурасы -20-22° С болуы керек.

Slide 7

Операция жасайтын бөлме.

Операция бөлме мен қосымша бөлмелерді операциялық блок деп атайды. Ол бөлек тұруы тиіс. Онда таза және іріңді операция бөлмелері болу керек. Егер операциялық бөлме біреу ғана болса, онда бірінші таза операциялар жасалады, содан соң іріңді. Бұлардан соң ең соңғы жинастыру әдісін естен шығармаған жөн. Іріңді операциялық бөлмені тазалау таза операциялық бөлмеге қарағанда мұқият тазалану керек. Операциялық блоктың қабырғасында және төбесінде ешбір шығыңқы орындар болмай, олар майлы сырмен боялады, еденге керамикалық плиткалар төселеді. Қазіргі операциялық бөлмелердің қабырғасы арнаулы плиткалармен қапталған, оның ақ емес, ашық жасыл не көкшіл болғаны дұрыс, себебі ақ түсті хирургтардың көздерін тез талдырады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Құралдары:

Slide 11 Slide 12

Жарық түсіру жеткілікті және түсті өзгертпеу тиіс. Терезелер құбылаға қарамау керек. Тікелей түскен қиғаш сәулелер хирургтың жұмысын қиындатады және хирургтың басынан, қолынан көлеңке түспей тұғын, арнаулы көлеңкесіз шамдар қолданылады. Жарық көбірек керек жағдайда қосымша шамдар, хирургтың басында шахлердің лампашасы сияқты арнаулы лампашалар қолданылады. Оларды әсіресе нейрохирургиялық операцияларда пайдаланылады.

Ауаны жаңарту, алмастыру. Операция бөлмесінің ауасы жақсы тазалануы қажет. Сол үшін ауаны көбірек тартатын суырып-сорушы аспаптарды қолдану керек. Ауаны тек салқындатып, қыздырып, ылғалдандырып қана қоймай, оның ауасын микробтардан арылту үшін арнаулы кондиционерлер қолданып жүр.

Slide 13

Жабдықтау.

Операциялық бөлмедегі аспаптар және жиһаздар тек жұмыс үшін керекті заттар: операциялық стол, құрал-саймандар және таңба, байлау заттарын қоятын операциялық мейіркештің столдары, хирургтың құрал-сайман столы, қан ағуын тоқтату үшін термокоагулятор, электроотсос және анестезиологиялық аппарат болуы тиіс. Оттегі баллондардың операциялық бөлмеде болмағаны жөн. Газды беру трубалар арқылы беріледі.

Slide 14

Наркоз бөлмесі - бұл наркоз аспаптары, анестезиолог пайдаланылатын дәрі-дәрмектер, құжаттар сақталатын жер. Кейде бұл бөлмеде наркоздың бастапқы кезеңдері жүргізіліп, соңынан науқас операция жасалатын бөлмеге апарылады.

Зарарсыздандыратын немесе автоклавтық бөлме - бұл операциялық киімдерді және құрал-саймандарды зарарсыздандыруға автоклавтарды, стерилизаторларды және қайнатқыштарды пайдаланылатын жер.

Slide 15

Құрал - сайман бөлмесі.

Хирургиялық құрал-саймандарды, аспаптарды және аппаратураны сақтауға арналған жер. Олар арнаулы шыны шкафтарда сақталады.

Операциялық бөлімнің материалдық бөлмесі операциялық киімдерді, тану және тігу материалдарын даярлау үшін пайдаланылады. Онда спирт, эфир және басқа дәрі-дәрмек қоры сақталады.

Slide 16 Slide 17

Байлау - таңу бөлімдерінде операциялық бөлмеге қандай талап қойылса, бұнда да сондай талап қойылады. Байлау таңу бөлмесінің температурасы 18°С-дан төмен болмау керек. Бұл бөлмеде науқастарды таңу үшін стол, құрал-сайман және дәрілер үшін шкаф болады. Құрал-саймандар байлау-таңу бөлмесінің өзінде немесе жанындағы бөлмеде залалсыздандырылады.


Ұқсас жұмыстар
Косметикалық операция жасайтын орын (операция бөлмесі) және оны дайындау
Операция жасайтын бөлменің құралдары
Операциялық блок
Хирургиялық инфекцияның алдын алу
Балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары
Хирургиялық аурулар кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Ұрғашы малдың жыныс мүшелері
Эндовидиохирургия
Акушерлік - гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
АЙҒЫРДЫ ПІШУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz