Патогенез
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы:
«Патогенез»
Орындаған :Куатбек М.М.
Тобы : ВМ-503
Тексерген :Нуркенова М.К.
2017 жыл
Патогенез туралы ілім жәке патогенездің себеп-
салдар байланысы. Мал дәрігерлері үшін ауру
этнологиясын ғана білу жеткіліксіз. Сондықтан
аурудың пайда болу және даму механизмдерін, яғни
ауру патогенезін де зерттеу қажет. Патогекез гректің
раіһоз—зардап шегу, ауру, депезіз — шығу тегі
сөздерінен тұрады. Патогенез — мал ауруының пайда
болу механизмі дамуы, барысы және ақыры туралы
ілім. Этиология және патогенез бір-бірімен тығыз
байланысты. Патогенезді айқындау аурудың мәнін
және оның ақырғы нәтижесін толық танып-білуге
байланысты.
Ауруды зерттеуде ең күрделісі — патогенез мәселесі. Табиғаты инфекциялық көптеген аурулардың
себептері белгілі болғанымен, алайда жекелеген патогенді агенттердің организмге әсер ету механизмі
жеткілікті анықталмаған немесе мүлде белгісіз. Сондықтан ауру патогенезін қарастырған кезде
мынадай мәселелер туындайды:
аурудың дамуында этиологиялық фактордың ролі;
аурудың пайда болуында және барысында организм реактивтілігінің маңызы;
аурудың пайда болуында және барысында организм реактивтілігінің маңызы;
патогенездің негізгі буыкдары және себеп-салдар байланыстары;
функционалдық және морфологиялык өзгерістердің мәні және ауру кезінде олардың өзара
байланысы;
аурудың дамуы үшін нерв жүйесі фуккциясының мәні;
Патогенездің барлық буындарын өрістетуге өте қажетті
құбылысты немесе процесті негізгі буын деп атайды.
Мысалы, қан кетудің негізгі буыны қан айналу көлемінің
азаюы және соған байланысты қанда оттегінің
жетіспеушілігі (гипоксемия) болып саналады. Патогенездің
негізгі буынымен қоса жетекші буынын да ажырату кажет.
Егер әр түрлі процестің негізгі буыны біркелкі болмаса, онда
патогенездің кейбір жетекші факторлары көптеген ауруларға
(оттегінен ашығу, зат алмасудың бұзылуы т. с. с.) ортақ
болады.
Пайда болған ауру, себеп-салдар қатынастарына байланысты
әр түрлі кұбылыстардың нәтижесінде, өзінің ішкі
заңдылығымен дамиды.
Соңғы жылдары патологиялық өзгерістердің молекулалық деңгейде пайда болуы
мүмкін екендігі дәлелденді, әрине мұны арнайы зерттеу тәсілдерімен ғана
байқауға болады. Осыған орай С. С. Вайль (1954) пікірінше, патология
жағдайында орган функциясы бұзылатын, ал морфологиялық өзгерістер мүлде
болмайтын жағдай да кездесуі мүмкін. Осы аталғандармен қатар, тіпті бір
органдағы әр турлі құрылымдардың оның функциясы үшін әр келкі мәні болады.
Сонымен, Вирхов ойлағандай, морфологиялық және функционалдық өзгерістер
тура пропорционал бола бермейді. Мұндайда Ф. Энгельстің форма мен мазмұн
морфологиялық және функционалдық бірлестік туралы қағидасын еске түсірген
жөн. Бүкіл органикалық табиғат форма мен мазмұнның бара - барлығының
немесе ажырағысыздығының кілең бір дәлелі болып табылады. Морфологиялық
және физиологиялық кұбылыстар, формалар мен функциялар біріне-бірі өзара
себепші болып отырады. Табиғат диалектикасы, «Қазақстан», 1982, ауру
патогенезінде организмнін орталық нерв жүйесі мен ішкі ортасының қарым-
қатынасының бұзылуы үлкен орын алады. Патологиялық процестердің дамуында
парабиоз күйі (Н. Е. Введенский), доминанттар механизмі (А. А. Ухтомский),
қалдық реакциясы (В. Д. Сперанский) және нерв жүйесінің басқа да қасиеттері
зор роль атқарады.
Оргакизмде ауру тудыратын агенттер былайша әре-кет
жасауы мүмкін:
жалғасу және жанаса отырып жа.йылу;
тамыр (қан, лимфа) жүйелері арқылы етуі;
нерв жүйелері арқылы етуі.
Таралудың гуморалдық жолы инфекция қоздыр-ғыштары тамыр арнасына түсіп,
гематогендік жолмен, яғни кан аркылы таралғанда пайда болады.
Нерв тармағы арқылы таралу құтыру вирусына және сіреспе токсикозына тән.
Алайда атап көрсететін жайт, ауру тудыратын агенттердің организмге таралуы тек
тамырлар мен нервтердің бағытына ғана байлаяысты деп үстірт корытынды жасауға
болмайды. Организмнің ішкі орган
дарына түскен тітіркендіргіштер тамыр рецепторларымен және басқа да нерв
орталықтарымен, сондай-ақ қанмен және лимфамен күрделі қарым-қатынасқа
түседі. Осының барлығы оның организмге таралуына және ықпал етуіне едәуір
себепші болады.
Аурудың жалпы патогенетикалық механизмі. Ауру қаншалықты алуан түрлі
болғанымен, олардың патогенезін талдаған кезде дамуы мен барысының ортак
механизмін аңғаруға болады. Шындығында, кез келген аурудың негізі типтік
патологиялық процестерден тұрады.
Әрбір ауру үшін өзгерудің екі типі тән, атап айтқанда, бейімделу реакциясы және
патологиялық өзгеріс. Патогеиді агенттер органдарды тікелей зақымдап, соның
әсерінен патологиялық езгерістер тудыра алады.
Көптеген патогендік факторлар әуелі функционалдық өзгерістер
тудырып, соның әсерінен организм функциясының нейрогуморалды
регуляциясын бұзады. Осындай патогендік факторлардан мыналар пайда
болуы мүмкін:
органдар мен жүйелердің арнайы функциялары бұзылады;
қан айналысы бұзылады;
нерв трофиктері бұзылады;
эндокринді бездердің функциясы бұзылады. Демек, аурудың
жалпы патогенетикалық мехакизмдерін талдаған кезде ең әуелі
дәл осы жағдайда патологиялық өзгеріске не жататыңдығын және
қорғаныш шаралары не екекдігі туралы мәселелерді шешкен жөн.
Содан кейін нақты қорғаныш механизмін, бейімделу мен қалпына
келтіруді, сондай-ақ патологиялық өзгерістің даму механизмін
зерттеудің маңызы зор.
Қазіргі кезде кейбір аурулар патогенезінің кортико-
висцералды теориясы қолданылып жүр. Ол Сеченовтың,
Павловтың, Введенскийдің, Быковтың және басқа да
ғалымдардың рефлекторлық теориясына негізделген
Пайдаланған әдебиеттер
Х.С.Жұмабеков. Жануарлар патологиясы Алматы,2011
К.Ю.Дербышев.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz