Пішуден кейінгі асқынулар және оларды емдеу


Slide 1

СӨЖ Тақырыбы:Пішуден кейінгі асқынулар және оларды емдеу

Орындаған:Куатбек М. М.

Тобы: ВМ-503.

Тексерген: Ахметжанов о. н

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Пішу

2. Пішуден кейінгі қан ағу

3. Жануарларды пішуден кейінгі асқынулар

Пайдаланылған әдебиеттер тізім

Slide 3

Пішу -жыныс бездерінің қызметін жасанды түрде тоқтатуы.

Қансыз (перкутарлық) - әдіс ен бауын механикалық әсерімен жүзеге асады.

Қан ағу біріншілік -пішіп жатқанда, екіншілік пішкенен соң кішкене уақыттан соң, кешірек пішкенен соң бірнеше күн өткеннен кейін қанағу болады.

Орхидектомия- еркек малдың жыныс бездері толық алынуы.

Овариэктомия - ұрғашы малдың жыныс бездерің толық алынуы.

Slide 4

Пішу жыныс бездерінің қызметін жасанды түрде тоқтатуы. Оны әртүрлі әдістермен жүзеге асыруы мүмкін. Көбінде пішу арқылы жыныс бездерін кесіп алып тастайды. Еркектерде жыныс бездердің қан мен қамтамасыздығын және инервациясын бұзу, операциялық тәсілдерді қолдаумен оның

құрамын толық немесе жарым жарты қиратылады. Жыныс бездердің функциясы және басқа әсерлермен тоқтату мүмкін, мысалы радиоактивтілік сәулеленудің, химиялық және гармондық дәрілердің қолдануымен қазіргі заманда иммунологиялық пішу тәсілдеріде бар. Хирургиялық операциялық пішудің үлкен шаруашылық мағынасы бар.

Slide 5

Пішуге көрсетулер және қарсы дәлелдері

Пішуді мал шаруашылығында бордақыланатын малдан қосымша май

ет және жүн алуда қолданады, өсіруге жрамдысыз еркектерді кездейсоқ ұрықтандыру қақпайлауына, сонымен қатар малды топтап ұстауын жеңілтуіне және малды жұмысқа пайдалануын жеңілдету үшін. Көбінде асылтұқымды емес және жұмысқа пайдаланатын жануарларды пішуге жібереді .

Еркектерді емдеу көрсеткіштерімен интравагинальдық жарықтарда, ұмалардың механикалық қирауында, көп уақытқа созылған қабынуда, жалпы қынап қабықтың шемен пайда болған түрлерде, ең бауының күретамырларының варикозды кеңейуінде, ісіктерде пішеді. Сиырларды бордақтануын жақсарту үшін және емдеуге келмейтін бедеулікке апаратын аналық бездердің ауруларында пішеді. Шошқаларды бордақтаудың алдында пішіп жібереді.

Пішуді шаруашылықта жұқпалы ауруларға қарсы (топалаң, эмкар, тілімежәне шошқалардың обасы және т. б. ) профилактикалық шаралардың басталуынан немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін пішуді кешіктірмей жоспарлайды. Дәл

осылай жоспармен жұмысшы малдарды пішеді.

Slide 6

Бекіту.

Операцияны жатқан немесе тұрған малға орындайды.

Жатқан оқиғада жығу тәсілдерінің бірін қолданып малды сол жағына жатқызып, оң жамбас аяғын операция орынытолық жақсы ашылғанша тарта түсе бекітіп байлайды. Қалған аяқтарын бос қалдырады. Тек кәрі және күшті бұқалардың кеуде аяқарын тұсамыс буындардан жоғарырақ бірге қосып байланыстырады. Тұрғызып пішкенде (жас өгізшілерді пішуде) малды бағанаға қысқа байлап, мұрын қысқышымен басын бекітеді. Жақсы бекіту үшін жамбас аяқтарына тілерсек тұсына бұрау салуға болады.

Slide 7

Жансыздандыру.

Бір жастан жоғары бұқаларға пішуді жансыздандырумен орындау қажет. Анестезияны тұқымдық тікелей ен бауына ұманың мойындарына немесе интратестикулярды еннің қабатына жансыздандыратын ерітінділерді иньекциялайды. Ұманы қосымша кесу сызығын новокайнмен жансыздандырады.

Slide 8

Негізінде бұқаларды 2 әдіспен пішеді: қансыз (перкутарлық) және қанды.

Қансыз (перкутарлық) әдіс ен бауын механикалық әсерімен жүзеге асады.

Ен бауын перкутарлық мыжуының мақсаты енді қанмен және жүйкеленуін қамтамасыз етуін тоқтату. Перкуталық пішуді жасау үшін Бурдиццо, И. А. Телятников, М. А. Ханин - Тыныбековтың және т. б. қысқыштарын қолданады.

Сол қолмен ұманың мойнынан алып оны сипалап ішіндегі бір ен бауын табады. Оны латероалды тартып оның нұсқасына Бурдиццо қысқышының браншын орналастырып тері арқылы ен бауын қысып, 0, 5 - 1 минут қысқышты жібермей ұстайды, содан соң қысқышты1, 5 2см төмен жылжытып орналастырып ен бауын екінші қайтара жаншиды. Осы істерді екінші енге қайталап жасайды.

Slide 9

Қанды әдіс. Техникалық атқарумен және сонымен қатар алатын нәтижесінің ерекшелігімен оның бірнеше түрлері болады.

Лигатура қолданумен пішу. Ұманы сандарды арасынан ішіндегі мазмұнымен қоса ұстап, артқа қарай керіп тартып алып оның каудальдық немесе латеральдық жағынан ен сыртқа шығатындай көлемде тік тіледі. Тілгенде ұманың барлық қабаттарын және жалпы қынап қабықты толық ашады. Жараның төменгі бөлімде қынаптың буданы және проксимально онан әрі жыртып ен бауының жіңішкертілген учаске деңгейін жетіліп оны ашып алады. Ен бауына № 8 - 10 жібек немесе синтетикалық лайықты жуандықты жіптен лигатура салып, оны пішулік тәрізді түйінмен байлайды.

Ен бауын лигатурадан 2 - 2, 5 см төмен қайшымен кесіп алады. Ен бауының тұтқылына 5 % йод ерітіндісін жағып, жара жақтарын дезинфекциялайтын маймен жабады немесе асептикалық күрделі ұнтақ (йодоформ, ақ стрептоцид және бор қышқылы) салады

Slide 10

Пішуден кейінгі қан ағу

Қан ағу біріншілік -пішіп жатқанда, екіншілік пішкенен соң кішкене уақыттан соң, кешірек пішкенен соң бірнеше күн өткеннен кейін қанағу болады.

Қан ағудың себептері: Пішудің техникасы бұзылғанда, инструмент дұрыс қайралмаса немесе дайындалмағанда; ен бауының қан тамырларында патологиялық өзгерістер болғанда; қан тез ұйымағанда, аш диета 12 сағатта көп болғанда; малды жығып байлағанда жедел қимылдар жасалып зақымдануда және генетикалық саңылаулар кең болса (шап, кіндік, т. б) құрсақ қуысындағы мүшелер сыртқа шығып жараланудан соң қан ағу басталады.

Slide 11

Клиникалық белгілері:

Жай дұрыс пішуде қан кескен жерден сел ағып тез тоқтайды. Ал патологиялық қан ағуда ол тамшылап көп мөлшерде ұзақ ағады. Осы қан ағу патологиясының ішіндегі, мал өміріне қауіптісі, ен бауынан қан ағу, бұның себебі оны қатты жұлқып (ішкі, сыртқы тұқымдық жыныстыру артериясы, шәует тұқым түтікшесін) үзуден. Бұдан қан зуылдап ағады. Аққан қан жалпы сірлі қабық қуысына жиналады.

Пішкен малдан қан кеп кеткенде конъюнктиваның, басқа кілегей қабықтардың түсі өзгеріп, пульс, демалыс бұзылып, қанда гемоглобин мен эритроцит азайып, мал қалшылдап жүріс тұрысы бұзылады. Бір сөзбен айтқанда, жануардың жалпы жағдайы төмендейді.

Ен бауынан қанның зуылдап көп мөлшерде ағуы - сыртқы және жыныстың артерияның және шәует түтікшесі артерияларының қабырғасының бұзылуынан болады

Slide 12

Емі

Егерде ен қабынан қан ақса, оны гемостатикалық пинцеттермен қысып қан аққан жерге лигатура салып не болмаса тампон жасап тоқтатуға болады; 2. Егерде ен бауынан қан ақса төмендегідей істейміз: а) малды қайтадан жығу; б) ен қабығының ішін ұйыған заттардан тазалау; в) жалпы қынап қабықшасын Пьяна қысқышымен қысып жазады; г) ен бауының ұшын, қолмен болмаса Корнцанг қысқышымен тауып өзімізге тартып лигатура саламыз.

Қанағу біріншілік -пішіп жатқанда, екіншілік пішкенен соң кішкене уақыттан соң, кешірек пішкенен соң бірнеше күн өткеннен кейін қанағу болады.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық аурулар кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Эндовидиохирургия
Септикалық шок
Инъекциядан кейінгі асқынулар
Асқынудың себептері
Операциядан кейінгі кезең
Сүлікпен емдеу
Простата аденомасы
Егуден кейінгі асқынулар
Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz