Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлерін дайындау технологиясы шәю, шомылдыру, дымқылдандыру, ванна, клизма туралы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлерін дайындау технологиясы /шәю, шомылдыру, дымқылдандыру, ванна, клизма/

Орындаған: Куатбек М. М.

Тобы: ВМ-503

Тексерген: Тойкина Г. Н.

Slide 2

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

Сұйық дәрілік формалар

Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы мен кемшіліктері

шәю, шомылдыру, дымқылдандыру, ванна

Сұйық дәрілік формалар технологиясында қолданылатын ерітікіштер

Дәрілерді сыртқа қолдану тәсілдері

Суппозиторийді (свечаны) тік ішекке енгізу III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

КІРІСПЕ

Көптеген мамандар біздің планетамыздағы өмір бір сулы ерітіндіден пайда болды деп санайды. Су ерітінді ретінде адамдардың назарын бұрыннан аударған. Ежелден философтар, әсіресе Аристотель (384-322 жж. б. з. д), суды табиғаттың басты элементі деп санаған. Алхимиктер әрбір сұйықтыққа және ерітінділерге өте үлкен мән берген. Олар химиялық ауысымдар қатты қалыптағыға қарағанда ерітінділерде жеңіл өтетінің ерте түсінді. Ежелгі химиктер барлық сұйықтықты су деп атаған. Сынап қана бұған жатпады, ол әр түрлі температурада өзінің қалпын өзгерпеген және көптеген металлдарды, алтынды да, еріткен. Ерітінділердің ерекше маңызын түсінген алхимиктер бүкіл қатты денені ерітетін ерітінді іздеумен айналысқан. Осы ізденісте олар көптеген етінділер тапқан, оларды қазір біз органикалық деп атаймыз.

Slide 4

Дәрілік форма - ол көмекші және технологиялық операцияға сәйкес материалды форма. Биофармация дәрілік форманың ғылыми түсіндірмесін берген. Ол дәрі-дәрмектің дұрыс әсерін тигізетін және клиникаларға керекті дәрілік формалар. Қазіргі танда дәрілік заттардың рационалды тағайындауы оның ғылыми дәрілік формасына сәйкес болу керек.

Сұйық дәрілік формалар

Сұйық дәрілік формалар - ол ерітіндідегі еріткіштердің қосылыстары. Олар өсімдік материалынан алынады.

Сұйық дәрілік формалар дәріханаларда жасалатын 60% дәрі-дәрмектерін құрайды.

Slide 5

Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы

Сұйық дәрілік формалар басқа дәрілік формаларға қарағанда кең қолданылады:

1) Белгілі технологиялық әдіс қолдана отырып, агрегаттық күйдегі дәрілік затты ерітіндіде ерітіп оның ағзаға емдік қасиетін арттырады;

2) Сұйық дәрілік формалар өзінің әр түрлі қосылыстарымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді;

3) Сұйық дәрілік формалардың қосылысында кейбір дәрілік заттарда қоздыратын әрекеттін аз болуы (бромидтар, йодидтар және т. б. ) ;

4) Мұндай дәрілік формалар қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл;

5) Сұйық дәрілік формаларды қолдану барысында дәрілік заттардағы ащы немесе жағымсыз дәмдерді білдірмеуге болады, әсіресе балаларға арналған дәрілерге қолданылары;

6) Мұндай дәрілік формалар, қатты дәрілік (порошок, таблетка және т. б. ) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайдың;

7) Жұмсарту және бүркеуіш әрекет осы сұйық жәрілік формаларда көп байқалады.

Slide 6

Сонымен қатар, сұйық дәрілік формалардың кемшіліктері де баршылық:

1) Олар көп сақтауға бейімделмеген, өйткені сұйық күйінде олар реакцияланады;

2) Ерітінділер микробиологиялық бұзылуға тез ұшырайды, олардың сақталу мерзімі - 3 тәуліктен аспайды.

3) Сұйық дәрілік формаларды жасау үшін көп уақыт және арнайы ыдыс талап етеді, тасымалдауға қолайсыз;

4) Сұйық дәрілерде, басқа дәрілерге қарағанда, дәлдік мөлшерін анықтау өте қиын, өйткені қасықпен немесе тамшымен мөлшерленеді.

Slide 7

Сонымен, сұйық дәрілік формалар қазір кең қолданылатын дәрілік форма. Өзінің жоғары сапасына қарай сұйық дәрілер келешекте де жаңа дәрі-дәрмектер шығаруда кең қолданылады деп ойлаймыз.

Сұйық дәрілік формаларды сақтауға қиын болғанмен олардың шығарылуы азайған жоқ, сондықтан дәрілік технологияда сұйық дәрілік формаларды зерттеу өте маңызды болып келеді.

Slide 8

Сұйық дәрі түрлерінің сипаттамасы

Ертінділер - solutio, ( solutionеs, solutio, solutionis) (жекеше, тарау жалғауы - solutio, жекеше ілік жалғауы- solutionis) . Ертінді - мал дәрігерлігінде кең тараған дәрілік форма. Оны қатты немесе сұйық затты су, спирт, эфир хлороформ, тағы басқа сол сияқты еріткіштерде еріту арқылы алады. liquor дегеніміз арнаулы құрамды және айрықша мақсатқа қолданылатын дәрігерлердің сұйық формасы, мысалы, Буров сұйығы, Дакен сұйығы т. б. Көбінесе еріткіш ретінде: кәдімгі (aqua fontana қарапайым (aqua communis), қайнаған (aqua cocta), дестилденген (adua destillata) және екі рет дестилденген (adua destillata немесе adua redestillata) сулар қолданылады. Егер еріткіш көрсетілмесе, оның орнына дестилденген, ал денеге енгізу үшін - екі рет дестилденген су қолданылады деп түсіну керек. Мысалы- Rp. : Solutionis -аланыз ертіндіні.

Стерилденбеген ертінділер төмендегі тәсілмен жазылады:

Официналды тәсілі: Магистралды тәсілі:

Rp. : Solutionis Coffeini natrio- Rp. : Coffeini natrio- benzoici 2. 0

benzoici 10%-20, 0 Aquae destillatae ad 20, 0

D. S. М. f. solutio

D. S.

Slide 9

Ерітінділердің түрлері. Еріту

Нағыз ерітінділер. Мұндай ерітінділер өзінің біртектілігімен ерекшеленеді. Нағыз ерітінділер бір фазалы жүйе. Нағыз ерітінділер еріту сұйықтығы мен ерітінді арасындағы тығыз байланысымен ерекшеленеді. Еріген сұйықтық қайта ерітіндіден бөлінбейді, сол ерітіндіде біртекті болып қалады. Нағыз ерітінділер әрдайым тұнық болып келеді, оларда тұнба немесе бөлшектер болмауы керек. Оның ішіндегі қосылыстарды ешқандай әдіспен бөліп ала алмаймыз. Оларға глюкоза, хлорлы натрий, спирт, магний сульфаты және т. б. жатады.

Коллоидтық ерітінді. Коллоидтық ерітінді гетерогенді жүйе болып келеді. 1 бөлшегі 1-100 нм құралады. Электронды микроскоптар ардайым коллоидты қосылыстарды анықтай бермейді.

Slide 10

Суспензиялар (suspensio) - олар ұсақталған қатты заттар мен сұйық фазалардан құралған жүйе. Бөлшек өлшемдері 0, 1 ден 50 мкм-ға дейін ауытқиды. Суспензиялар гетерогенді болып келеді, коллоидты ерітіндіге қарағанда тұнбалы сұйықтық. Оның бөлшектері кәдімгі микроскоппен көрінеді.

Slide 11

Сұйық дәрілік формалар былай бөлінеді:

1) Тысқы қолданыстағы дәрі-дәрмектер,

2) Ішкі қолданыстағы дәрі-дәрмектер,

3) Инъекциялық қолданыстағы дәрі-дәрмектер.

Slide 12

Еріту

Еріту (сұйықтықтарды және сұйықтықтар мен қатты денелерді араластыру) - ішкі, тысқы және де инъекциялық дәрі жасау операцияларының ең басты сатысы.

Ең маңызды физикалық-химиялық қасиеті - ол суда немесе басқа сұйықтықтарда ерігіштігі.

Сұйықтықтарды араластыру кезінде және еріткіш жасау барысында еріткіш заттың табиғи заңдылығы маңызды роль атқарады. Әр заттың ерігіштігі әр түрлі затпен араласу кезінде әр түрлі болып келеді.

Әрбір ерітінді ерітілген затпен еріткіштен құларады. Бірақ әрқашан қайсысы еріткіш қайсысы ерітінді екенін анықтау жеңіл емес. Әдетте еріткіш деп алынған ерітінде таза қалпында қалған құрауышты атайды. Мысалы, натрий хлоридінде еріткіш су болып табылады. Ал егер екі қоспаның еріту алдында агрегаттық күйі бірдей болса (мысалы, су мен спирт), еріткіш болып мөлшері көп қоспа саналады.

Slide 13

Сұйық дәрілік формалар технологиясында қолданылатын ерітікіштер.

Еріткіштер деп әртүрлі заттарды ерітетін зат.

Еріткіштерге мынадай қасиеттері бар заттар жатады:

1) Белсенді ерігіштігі бар;

2) Еритін затқа агрессияшыл емес;

3) Улылығы және өртке қауіптілігі аз;

4) Қолайлы және арзан.

Slide 14

Әр зат бір затқа еріткіш болып келеді. Алайда, тәжірибе жүзінде еріткіштерге тек белгілі қасиеті бар заттарды жатқызады:

1) Сақтауға қолайлы болуы тиіс;

2) Жоғары еріткіш қасиеті болу керек;

3) Арзан және жалпы қолданысқа ыңғайлы болуы тиіс;

4) Иісі мен дәмі жағымсыз болмауы керек;

5) Өртке қауіпті және ұшпалу болмауы керек;

6) микрооганизмдердің даму ортасы болмауы керек.

Slide 15

Еріткіштерге қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Көптеген еріткіштер физиологиялық белсенді және органикалық өртенгіш, атылғыш болып келеді.

Хош иісті көмірсілар, аминдер, кетондар концентрация кезінде байыпты улануға және неше түрлі тері ауруларын әкеліп соғады (дерматит, ісік) . Сондықтан еріткіштермен жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздіктерді қатаң ұстау керек.

Slide 16

Ерітінділер болады:

А) қанықпаған,

Ә) қаныққан

Б) пересыщенный.

Қанықпаған ерітіндіге еру шегі толмаған ерітінді атаймыз.

Қаныққан ерітінді ол көп заттан құралған ерітінді.

Пересыщенный ерітінді дегеніміз - мұнда еріген зат дұрыс ерігенге қарағада көп болатын ерітінді.

Slide 17

Дәріханаларда көбінесе қанықпаған ерітінділер дайындайды.

Қатты және сұйық дәрілік заттардан басқа газ тәрізді ерітінділерде қолданыста бар, мысалы, аммиак (10-25%), хлорлы сутегі (25%), формальдегил (36, 5-37, 5%) және т. б. Дәріханаларда мұндай ерітінділер сумен араласытырылады.

Slide 18

Органикалық және бейорганикалық ерітінділер.

Бейорганикалық ерітінділерге: суды жатқызамыз, ол табиғатта ең кең тараған еріткіш, сұйық аммиак - метал ерітетін жақсы еріткіш. Органикалық еріткіштерді маңызы өте зор. Олар көмірсулар, спирттер, жай және күрделі эфирлер, кетондар. Табиғатына қарай еріткіштер сулы және сулы емес болып бөлінеді.

Slide 19

Сулы емес еріткіштер

Медициналық тәжірибеде көбінесе сулы емес еріткіштегі ерітінділер қолданылады (сулы емес ерітінділер), олар тану, шаю, сылау сияқты.

Суда ерімейтін немесе баяу еритін заттардан ерітінді алу үшін сулы емес еріткіш қолданылады.

Slide 20

Тәжірибеде жиі кездесетіндер:

а) өсімдік майлары (миндаль және персик) ;

ә) жай және күрделі эфирлер (этилолеат) ;

б) біратомды және көпатомды спирттер (этанол 2-30%-ды, поливинол, сорбит, маннит) ;

в) амидтер (диметиламид, бета-оксиэтиллактамид) ;

г) сульфоксидтер және сульфон (диметилсульфоксид, сульфолан) .

Мұндай ерітінділерді дайындауда сулы емес еріткіштер қолданылады, сондықтан көтеген дәрілер суда ерімейді. Көбінесе сулф емес ерітінділер тысқы қолданылады (мысалы, шырышты қабықты, теріні майлау, шаю, мұрын мен құлақ тамшылары) . Сирек кезде ішкі қолданыста болады.

Slide 21 Slide 22

Сулы емес ерітінділер мынадай қасиеттерге ие:

а) Тұнық,

ә) Қызцға шыдамды (температура 100 °С-тан асады, ал қату +5 °С) ;

б) Биологиялық үйлесімдік;

в) Химиялық тазалық;

г) Тұрақтылық.

Бұл ерітінділер тобына әртүрлі дәрілік заттар кіреді, алайда олар антисептиктер, бактериаға қарсы және ауру басатын дәрілер.

Slide 23

Технологиялық жағынан сулы емес еріткіштер үшке бөлінеді:

1) Ұшпалы еріткіштер (этил спирті, хлорформ, эфир, бензин, скипидар және т. б. )

2) Ұшпайтын еріткіштер (майлар, сұйық парафин, глицерин, димексид, эсилрндар және т. б. )

3) Құрастырылған еріткіштер (этанол глицерині, глицерин димексиді және т. б. ) .

Slide 24

Ұшпалы еріткіштер

Slide 25

Ұшпайтын еріткіштер

Slide 26

Құрастырылған еріткіштер

Slide 27

Ұшпалы еріткіштер.

Медициналық эфир (Aethes medicinalis)

Медициналық эфир - түссіз, тез ұшпалы, өзіне тән иісі мен дәмі бар сұйықтық. Спиртпен, эфир майларымен жақсы араласады. Эфирді еріткіш ретінде қолдануда қауіпсіздік шараларын қатаң ұстау керек, өйткені ол тез өртенгіш және атылғыш болып келеді.

Эфирді тысқы және ішкі қолданыста белгілейді. Эфирді қызғылт шыны ыдыста, салқын күн түспейтін жерде сақтайды.

Slide 28

Хлороформ ( Chloroformium)

Хлороформ - түссіз, тұнық, ауыр ұшпалы сұйықтық. Оның өзіне тән иісі мен тәтті дәмі болады. Сусыз спиртпен, эфирмен, бензинмен араласады. Суда аз ерігіш болып келеді (1:200) . Тығыздығы 1, 474 - 1, 483. Қайнау температурасы +59 - 62 ‘С. Жарықта баяу бөлшектеніп сутегі хлориді мен фосген бөліп шығарады. Хлороформды тығыз жабылған ыдыстарда сақтайды. Тысқы қолданыстағы дәрілік формаларда қолданылады.

Slide 29

Этилспирті (Spiritus aethylicis, Spiritus vini)

Этил спирті крахмалы бар шикізаттардың ашуы кезінде пайда болады, негізінен картоп пен бидай. Әр түрлі технологиялық тазартулардан өткеннен кейін спирттін керекті түрін алады.

Таза этил спирті тұнық, өзіне тән иісі мен күйдіргі дәмі бар сұйықтық. Ол ұшпалы, тез өртенгіш болып келеді. Жтил спирті көптеген дәрілік заттарға жақсы еріткіш болып табылады - эфир майлары, органикалық қышқылдар, смола, йод, және басқа еріткіштермен жақсы араласады - сумен, глицеринмен, флороформмен және т. б.

Спиртті сумен араластырғанда қызу және мөлшері азайғанын байқауға болады. Еріткіш ретінде этил спиртін фармацевтикалық технологияда тысқы және ішкі дәрілер жасауда, кейде инъекциялық дәрілер жасауда қолданылады.

Slide 30

Ұшпайтын еріткіштер

Вазелин майы, сұйық парафин (Oleum vaselini, Paraffinum liquidum)

Вазелин майы, сұйық парафин - түссіз, иіссіз, дәмсіз жабысқақ сұйықтық. Вазелин майы суда және спиртте ерімейді. Хлороформмен, майлы майлармен, касторовый майдан басқасымен жақсы араласады. Медициналық тәжірибеде вазелин майы іш жүргізетін дәрі ретінде және басқа тысқы қолданыстағы дәрілік формалар жасауда (тамшы, мазь) қолданылады. Вазелин майын шыны ыдыста, күн түспейтін жерде сақталады.

Slide 31

Глицерин (Glycerinum)

Медициналық тәжірибеде глицерин 12-16% су қоспасымен қолданылады. Ол түссіз, иіссіз, тәтті дәмі бар, жабысқақ сұйықтық. Глицеринді тығыз жабылатын ыдыста сақтайды.

Диметилсульфоксид, димексид, ДМСО (Dimethyl sulfo-xidum, Dimexidum, DMSO)

Әдетте олар түссіз әлсіз иісі ащы дәмі бар сұйықтық. Оны бөлме температурасында тығыз жабылған ыдыста күн түспейтін жерде сақтау керек.

Майлы майлар (Olea pinguia)

Майлы ерітінділер, майлы майлар жақсы еріткіштер, құлақ дәрілерінде кеің қолданылады. Оларды тығыз жабылған шыны және металл ыдыстарда сақтайды.

Slide 32

Сулы еріткіштер

Су ең арзан еріткіш.

Минералсызданған су (Aqua demineralisata)

Дәріханалық ыдыстарды және басқа да ыдыстарды жууға қолданылады. Кейде көзге тамызатын тамшылар жасауда қолданылады.

Инъекция суы (Aqua pro injectionibus)

Инъекциялық дәрілер жасауда қолданылады. Оны ерекше жағдайда сақтайды, микроағзалардан сақ жерде. Ол дәрі жасауға 24 сағат ішінде қолдану тиіс.

Дистилденген су (Aqua destillata)

Ол ішетін су. Ол дәрі жасауға жарамсыз болып саналады. Ол иіссіз дәмсіз болуы тиіс.

Slide 33

Басқа еріткіштер

Метил спирті немесе ағаш. Иісі этил спиртіне ұқсас. Күшті у: 15-20 мл өлтіреді. Сумен арластырылады.

Изопропилоды спирт. Улы.

Ацетон. Сумен және органикалық ерітінділермен араластырылады.

Сірке қышқылы. Сумен, спиртпен, эфирмен араластырылады.

Бензиндер. Ең басты ерекшелігі - тез ұшпалы және тез жанғыш.

Хлороформ. Спиртпен, эфирмен, бензинмен араласады.

Дихлорэтан. Спирпен, эфирмен араласады. Буымен дем алса улы.

Slide 34

Дәрілерді сыртқа қолдану тәсілдері

І . Дәріні теріге май, эмульсия, ертінді, тұнба және т. б. формада жағады. Қолданылуы көбінесе жергілікті әсерге, айқын дәрежедегі рефлекторлы және аздаған дәрежедегі резорбты әсерге негізделген. Зақымдалмаған терінің сіңіру қабілеті көп емес, тек майға еритін заттар, көбінесе шаш фолликулалары мен май бездерінің шығару жолдары арқылы сіңіріледі.

Қолдану тәсілдері: жағу, компрестер, ұнтақ себулер, сүртулер, жарақатты таңу. Дәріні жағу әрқашан таза теріге, таза құрал-саймандармен және мұқият жуылған қолдармен жүргізіледі.

Теріні зарарсыздау немесе рефлекторлы әсер ету үшін науқастың терісіне йод тұнбасын немесе 70% спирт ерітіндісін жағады. Бұл үшін мақта тампоны бар залалсыздандырылған таяқшаны йодқа малып, теріге жағады (содан кейін таяқшаны лақтырып тастайды) . Мақтаны йодқа малу үшін таяқшаны йоды бар флаконға батырмайды, флаконның ішіндегі йодты мақта үлпіршектерімен ластамау үшін йод тұнбасын жайпақ ыдысқа біраз кұйып алған жөн. Йод тұнбасы тығыны тығыз жабылмайтын ыдыста ұзақ сақталғанда спирттің булануы есебінен оның қоюлануы мүмкін. Қоюланған йод тұнбасын терінің нәзік бөлімдеріне жағу күйдіруі мүмкін.

Slide 35

2. Көз ауруларын емдегенде әртүрлі дәрілік заттардың ерітінділері және майлар қолданылады. Қолдану мақсаты - жергілікті әсер, бірақ конъюктивтің сіңіру кабілетінің жақсылығын есте сақтаған жөн және осы мүмкіндікті ескере отырып мөлшерлеу керек. Көзге дәрі тамызу пипеткамен жасалынады. Бұл үшін төменгі қабақты тартып тұрып шырышты қабатқа тамшыны тамызады. Көз майын арнайы шыны қалақшамен көздің сыртқы бұрышына конъюктивтің шырышты қабаты мен көз алмасы арасындағы сызыққа жағылады

3. Мұрынға дәріні жергілікті, резорбты, рефлекторлы әсер ету мақсатында ұнтақ, бу (амилнитрат, мүсәтір спирті), ерітінді және май түрінде қолданады. Ұнтақтар мұрынға дем алған ауамен кіреді: оң жақ мұрын қуысын жауып тұрып, ұнтақты сол жақ мұрын қуысы арқылы ішке тартады және керісінше. Тамшыларды пипеткамен енгізеді. Майды шыны қалақшамен жағады. Жағуды дәрігер зондқа оралған мақта тампонымен жүргізеді, содан кейін мақта тампонын лақтырып тастайды, ал зонд дезерітіндіде залалсыздандырылады.

Slide 36

Клизма

Клизма дегеніміз -тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу және диагноз қою мақсатымен әр түрлі сұйықтықтар жіберетін процесс. Жалпы емдік клизмалар мына мақсатпен қолданылады: ішекті тазалауға - тазалау, сифон, босату. дәрілік заттарды тоқ ішекке еңгізу. Клизманың түрлері

Босату клизмасы:

Тазалау

Босаңсыту: Майлы, Гипертониялық

Сифондық

Дәрілік

Микроклизма

Тамшылы

Slide 37

Суппозиторийді (свечаны) тік ішекке енгізу

Сұйық дәрілік заттарды тік ішекке клизма түрінде енгізеді, резорбтивтік әсері бар дәрілік заттар енгізілгенде қанға тікелей өтеді. Тік ішекте ферменттердің болмауынан дәрілік заттар ыдырауға ұшырамайды, дәрі құрамындағы ақуыз, май, полисахаридті негіздер ішек қабырғасынан өте алмайды, сондықтан олар тек қана жергілікті әсер ету үшін микроклизма түрінде енгізіледі. Тоқ ішектің төменгі бөлігінде тек су, натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі, глюкоза ерітіндісі, аминоқышқылдардың кейбірі ғана сіңіріледі, сондықтан ағзаға мұндай дәрілік заттарды тамшылы клизма тәсілімен енгізеді.

Slide 38

Дәрілерді тік ішекке енгізудің мынандай артықшылықтары бар:

1. Тез сіңірілуі және мөлшерлеудің туралығының жоғары болуы

2. Дәрі ферменттердің әсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, және, дәрі төменгі геморраидальды көк тамырлар арқылы сіңіріліп, бауырға соқпай бірден төменгі қуыс көк тамырға түседі

3. Бұл тәсіл құсудың болуының, өңештің тарылуының, жұғынудың бұзылуының салдарынан ауыз арқылы қабылдай алмайтын науқастарға, дәріні қабылдаудан бас тартқан, қозу жағдайындағы (сандырақтап жатқан) психикалық сырқаттарға дәріні енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай кезде тыныштандыратын заттарды дәрілік клизмамен енгізу козумен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді.

Тік ішекте ферменттердің болмауы бұл тәсілдің артықшылығы ғана болып қоймай, оның кемшілігі де болып табылады, өйткені белоктық, майлық, полисахаридтік құрамды дәрілер ферменттердің қатысуынсыз ішектің қабырғасы арқылы өте алмайды, және олар жергілікті әсер ету мақсатында қолданылуы мүмкін.

Тік ішекке енгізу үшін балауыздар мен дәрілік клизмалар қолданылады. Дәрінің ерітіндісін 50-200 мл мөлшерінде алдын ала тазалау клизмасымен босатылған тік ішекке 7 - 8 см тереңдікке енгізеді. Балауыздарды майлы негізде дайындайды, ұзартылған конус пішініне келтіреді де балауыз қакама орайды. Оларды тоңазытқышта сақтаған жөн. Кіргізер алдында балауыздың үшкірленген жағын қағаздан шығарады да қабы қолда қалатындай етіп тік ішекке енгізеді.

Slide 39

Тазалау клизмасын диагностикалау және емдеу мақсатымен: іш қату, операция алдында, босанар алдында, уланғанда, дәрілік микроклизма және тамызғыш клизма жасар алдында қояды. Тазалау клизмасын қойған кезде тоқ ішектің төменгі бөлігі босатылады. Бұл нәжіс массасының сұйықталуымен және тоқ ішек перистальтикасының күшеюімен іске асады. Тазалау клизмасын қоюға бөлме температурасындағы су алынады. Атониялық іш қатуда, ішектің қозғалыс қызметі төмендегенде қойылады, судың температурасы 12ºС- тан төмен болу керек, бұл қозғалу жылдамдығын күшейтеді.

Майлы клизма. Іш қуысы мүшелерінің операциясы мен босанғаннан кейін іш қабаты және арасы бұлшықеттерінің қатері болмауы үшін тазалау клизмасының нәтижесіздігінде майлы немесе босату клизмасын қолданады. Майлы клизмадан соң 10-12 сағаттан кейін нәжіс жүреді. Майлы клизма жасалған науқас бірнеше сағатқа жатуға тиісті, әйтпесе ішекке енгізілген май ағып шығады. Осындай процедураны түнде істеген ыңғайлы.

Гипертониялық клизма. Майлы клизмадай босату клизмалары жатады. Бұл клизма тек ішек жиырылуын күшейтіп қоймайды, сонымен бірге ішек қуысына судың жиналуын көбейтіп, ішті өткізеді.

Сифон клизмасы. Оның көмегімен ішек толық тазартылады, себебі ол сумен бірнеше рет жуылады. Сондықтанда сифон клизмасын қолдану түрлері көп: тазалау, босату клизмалары және іш жүргізетін дәрілерді ішуден нәтиже болмағанда; ішекке ауыз арқылы немесе ішекке оның шырышты қабаты арқылы шыққан улы заттарды шығару.

Slide 40

Гидротерапия (гидротерапия)

Гидротерапия (гидротерапия) - емдеу немесе алдын алу мақсатында дене температурасына әртүрлі суды қолдану әдісі.

Slide 41
Ұқсас жұмыстар
Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік формалар
Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлерін дайындау технологиясы, шәю, шомылдыру, дымқылдандыру, ванна, клизма
Бейсу еріткіштер
Көз тамшылары
Ерітінділер дайындау технологиясы
Нәрестенің дене салмағы
Өте ұсақ ұнтақтарды дуст дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Ұнтақтар технологиясының сатылары
ЖҰМСАҚ ДӘРІЛІК ЗАТ ФОРМАЛАРЫ
Капсулалар қатты микрокапсулалар жұмсақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz