Фосфорорганикалық қосылыстармен улану


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Фосфорорганикалық қосылыстармен улану.

Орындаған: Куатбек М. М.

Тобы: ВМ-503

Семей 2018

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Фосфорорганикалық қосылыстар

Патогенезі.

Симптомдары.

Патоморфологиясы.

Диагностикасы.

Емдеу шаралары.

Алдын алу шаралары.

ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары

Жүйелі түрде әсер ететін препараттары

ІІІ Қорытныды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Фосфорорганикалық қосылыстар - фосфор қышқылының күкірттік немесе азоттық туындылары. Олар инсектицидті, акарицидті және фумигантты әсер етеді.

Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында ФОҚ-дың жанаса және жүйелі түрде әсер ететін 25-тен аса күрделі түрлері бар.

Slide 4

Патогенезі.

Уланудың патогенетикалық механизмі эстеразаларға жататын ферменттерді, атап айтқанда маңызды физиологиялық рөлге ие (ацетилхолинді ыдыратады) холинэстеразалардың тежелуімен сипатталады. Сонымен бірге, ацетилхолин әсер ететін, холинреактивті жүйелердің тікелей әсері де жоққа шығарылмайды. Бұл топтың қосылыстары политропты әсер етіп, көбінесе орталық жүйке жүйесі мен паренхиматозды ағзаларды (бауыр, бүйрек, көкбауыр, жүрек, өкпе) зақымдайды. ФОҚ холинэстеразалар ферментін тежеп, жүйке жүйесінің медиаторы ацетилхолинді жинайды, бұл жүйке жасушалары мен ганглионарлы синапс арқылы жүйке қозуының берілуін, тіндік тыныс алуын бұзады, осының нәтижесінде улану көріністері байқалады. ФОҚ-мен уланудың негізгі симптомдары ацетилхолиннің орталыққа әсері мен мускарин тәрізді парасимпатикалық әсеріне (құсу, лоқсу, іштің өтуі, кеуденің қысылуы, тершеңдік, брадикардия, көз қарашығының тарылуы, ішек, қуық, бронхтар бұлшықеттерінің жиырылуы, көз, сілекей, бронх бездері секрециясының белсенділігі) байланысты. Осымен қатар ФОҚ-ға никотин тәрізді әсерінің болуы тән: постганглионарлы талшықта импульстің берілуі бұзылады, осыдан көз, тіл, мойын, бет бұлшықеттерінің тартылуы - дірілдеуі және жалпы дененің гиперкинезиялары байқалады.

Ацетилхолиннің орталыққа әсері ми қыртысына, сопақша миға токсикалық әсерімен (бастың ауыруы, ұйқысының бұзылуы, қозу, психикасының бұзылуы, есін білмей тоникалы-клоникалық құрысулар, салданулар, сопақша мидағы өмірге қажетті орталықтардың тежелуі) сипатталады.

Slide 5

Клиникалық көрінісі.

Жіті улану бірнеше сағат жасырын өтеді. Жіті уланудың түрлері:

жеңіл дәрежелі;

орташа дәрежелі;

ауыр дәрежелі.

Slide 6

ФОҚ-мен жіті уланудың жеңіл дәрежесінде науқастың клиникасы мынандай болады:

бас ауруы, бас айналу, аяқ - қолдың әлсіздігі, көрудің төмендеуі, жүрек айнуы, сілекейдің бөлінуі, көзден жас ағу, іш тұсының ауыруы, кейде іш өту. Көздің қарашағы кішірейген, көруі нашарлаған, нистагм, беттің ісінуі, көп тершеңдік пайда болады. Пестицидтер әсері әрі қарай жалғасса тыныс қиындайды, кеуде қуысы қысылып, ауа жетіспей, ұстама тәрізді жөтел қосылады. Өкпеде қатаң тыныс алу, құрғақ сырылдар; жиі жүрек соғуы, артериалдық қан қысымының жоғарылауы, кейде ауыр жағдайда төмендейді. Орта дәрежесінде қозу күшейіп қорқыныш сезімі, өте қатты бас ауруы, бұлшықет әлсіздігі пайда болады. Тыныс алу мен тыныс шығару қиындайды, тыныс алуы ысқырық тәрізді, өкпеде құрғақ және ылғалды сырылдар, сықырлаулар естіледі. Объективтік жағдайы орташа, көгеру, ентігу, демікпе, дене қызуы көтеріліп, дірілдеу байқалады. Миоз, көз ауырып, аккомодация спазмы, бұлшықет тонусының төмендеуі, бет бұлшықеттерінің мимикасы мен қозғалысы бұзылып дизартрия, бет-мойын, аяқ-қол бұлшықеттерінің тартылуы, іштің тұсы ұстама тәрізді ауырғаны және үлкен дәреті сұйық болып, кейде галлюцинациямен депрессия пайда болады. Қанда холинэстераза 50%-ға дейін төмендейді. Ацетилхолин мөлшері жоғарылайды.

Slide 7

Жіті уланудың ауыр дәрежесі сирек кездеседі. Мұнда үш кезеңді ажыратады:

қозу,

құрысу-тырысу

паралитикалық немесе салдану

Slide 8

Науқастың жағдайы ауыр, алдында қозу, тынышсыздық, кейін тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы нәтижесінде диафрагманың жиырылуы әсерінен ықылық пайда болады. Тыныс алу мен тыныс шығаруы едәуір қиындайды, ол шуылмен аз қашықтықта естіледі, көбік тәрізді қақырық (өкпе ісінуінің клиникасын еске түсіреді) және демікпе пайда болады. Есі тұманданып, көздің қарашығы соншалықты кішірейгендіктен жарыққа сезімталдығы төмендейді немесе жойылады, оқтын-оқтын жайылмалы құрысу, бас және аяқ-қолдың треморы, парезі, салдануы, диэнцефальдік криздер дамиды. Брадикардия тахикардиямен ауысып, кейде жүрек қызметі бірден төмендеп коллапске, комаға әкеледі. Көбінесе асфиксия мен жүрек қантамыр қызметінің жетіспеушілігінен науқас қайтыс болады. Қанда холинэстераза толық инактивацияланады, гипохромды анемия, ретикулоцитоз, базафильді түйіршікті эритроциттер көбейеді. Қан сарысуында Гейнц денешіктері пайда болып, метгемоглобин көбейіп, лейкопения, ЭТЖ баяулап, диспротеинемия байқалады. Зәрде ақуыз, эритроциттер және цилиндрлер көрінеді.

Slide 9

Жеке жағдайда ФОҚ-дан хлорофос шеткі жүйке жүйесіне әсер беріп, полиневропатияларды шақырады: полиневрит, жиі ауру синдромы аяқ-қолда, жүйке жолымен, бұлшықетте, буындарда және әлсіздік, парестезиялар, гипо-, гиперестезиялар тершеңдікпен көрінеді. Қалпына келу бірнеше жылға созылады.

Созылмалы уланудың клиникасы жайлап басталып, бас ауруы, бас айналуы, дезориентация, есте сақтау қабылеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендеп жүрек айну, әлсіздік әсіресе екі аяғында, кейде миоз, нашар көру, конъюнктивит, риниттермен көрінеді. Айқын білінетін түрлерінде интелект төмендеп, қысқа уақыт есін білмейді. Сонымен қатар, токсикалық гепатит, қанда лейкопения немесе лейкоцитоз, кейде МеtHb аздап көбейеді, гипохромды анемия байқалады, холинэстераза алдында қалыпты кейін ол төмендейді, ЭТЖ баяулайды. Хлорофос, карбофос, бромофос жиі дерматиттер, конъюктивиттер тудырады. Осы айтылған әсерлерден кейбір фосфор органикалық қосылыстар әскери дала жағдайында армияны қатардан шығару үшін қолданады.

ФОҚ-мен улануда көрсетілетін көмек және емдеуі. Уланған адамға противогаз кигізіп қауіпті аймақтан тез алып шығару керек. ФОҚ теріге түскен жағдайда - 5-10% мүсәтір спиртімен, 2-5% хлорамин ерітіндісімен немесе 2% сода ерітіндісімен өңдеп, сүртіп, былғанған киімді шешеді. Көзге түссе сумен көзді жуып 0, 1% атропинді немесе 30% сульфацил натрийді тамшылатады. Асқазанға түссе, асқазанды Жіті түрде жуып, бірнеше стакан су ішкізіп, жасанды құсық шақырады. Белсендірілген көмір, іш айдатқыш дәрілер беріледі.

Slide 10

Улану белгілері болса холинолитикалық препараттар: ішке 0, 001г амизил немесе 0, 02г тропацин; холинэстераза антидоттары бұлшықетке 15% 1 мл дипироксимді әр 50-60 минут сайын жағдай жақсарғанға дейін қайталанады (жинақты доза 5-15 мл барады), 0, 1% 1 мл атропинмен бірге қайталанып тұрады; аналептиктер тамыр дәрілерімен (кордиамин, лобелин, мезатон) салынады. Тыныс жолдарын шырыштан механикалық тазалау жүргізіледі. Құрысуға қарсы препараттар - магний сульфаты, хлоралгидрат; пневмонияның алдын алу үшін антибиотиктер, дезинтоксикациялық дәрілерін берген жөн. Жүрек- қантамыр дәрілері де көрсеткіштерге қарай беріледі.

Slide 11

ФОҚ-мен істеген жұмысшыларды сараптау.

Фосфорорганикалық қосылыстармен созылмалы уланудың алғашқы белгілерінде жұмысшыларды уақытша жұмыстан босатып, кәсіптік дәрігерлік қағаз беріп емдеуін белгілеу қажет. Улану айқын ауыр жағдайда және созылмалы түрі жиі рецидив беретін болса, ФОҚ-мен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Slide 12

Алдын алуы.

Жұмысшылар улануының алдын алу үшін кезекті медициналық қаралудан уақытында өтіп, күніне 2-3 рет 0, 5г панкреатин немесе фестал, емдік-алдын аллатын тамақтану, күнде сүт ішу, жұмыстың алдында ыстық тамақ ішу, т. б. шаралар жүргізіледі. Жұмыс уақыты 6 сағаттан, кей жағдайда 4 сағаттан артық болмауы керек.

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Көптеген фосфорорганикалық пестициттер ағзаға терілік- резорбтивті әсер етеді. Мұндай препараттар: метилмеркаптофас, бутифос, циодрин, тиодан.

Slide 16

Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне қарай фосфорорганикалық қосылыстарды 3 топқа бөледі:

Slide 17

ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары

Дифос- ақ түсті кристалды зат. Суда нашар, толуолда жақсы ериді. Жылы қанды жануарларға уытты әсері әлсіз. ЛД12 тышқандар үшін 2000-3000 мг/кг, қояндарға 970-1930 мг/кг .

Slide 18

Хлорофос -ақ түсті, суда және көптеген органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды ұнтақ. Мал щаруашылығы мен өсімдік препарат. Мақтаның, күнбағыстың, жүгерінің, картоптың, қызылшаның және т. б. Дәнді-дақылдардың зиянкестеріне, онымен қатар жануарлардың эктопаразиттеріне, оқыраға қарсы пестициттер ретінде қолданылады.

Slide 19

Карбафос- сұрғылт түсті, органикалық ерітіндерде жақсы еритін, иісі шіріген тұрып иісі секілді, жағымсыз, қоюлау сұйықтық. Сумен нашар әрекеттеседі. Жануарлар үшін уыттылығы орташа.

Slide 20

Тиофос- күңгірт-қоңыр түсті. Иісі сарымсақтікі секілді, қою майлы сұйықтық. Сумен жақсы араласып, сарғыш жасал түстіэмульсия түзеді. Қайнатқан кезде уыттылығ жоғарылайды. Малдар үшін уытты. Өлтіре әсер ететін мөлшері 13-25 мг/кг.

Slide 21

Циодрин- керсинде, ацетонда және т. б. Органикалық ерітінділерде жақсы, суда нашар еритін, ашық-сары түсті сұйық. Өте уытты препарат.

Slide 22

ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін препараттары.

Гардона-ақ түсті, суда нашар, органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды зат. Тышқандарға уытты әсері төмен, араларға орташа уытты әсер етеді. Мақтаның және көкөністердің кеміргіш жәндіктеріне қарсы қолданылады.

Slide 23

Селекрон- органикалық ерітінділерде жақсы еритін, сумен әрекеттесуі нашар, ашық-сары түсті сұйық.

Slide 24

Токутион-толуол және циклогексанмен жақсы әркеттесетін, ал сумен әрекеттесу дәрежесі 1, 7 мг/л, ашық түсті, майлы сұйықтық. Тышқандарғаорташа уытты, араларға және жәндіктерге ууытты әсер етеді.

Slide 25

Неоцидол / базудин, диазол, гром/- диазинон эмульсиясының 60 пайыз -ды қоспасы. Өте улы пестицид. Құрамындағы әсер етуші заты- ацетонда, бензолда, этанолда және хлороформда жақсы еритін, түссіз майлы зат. Мал шаруашылығында тек қойларды тоғыту үшін, яғни псороптоз ауруын алдын алу және емдеу иақсатында 0, 05-ды сулы эмульсия түрінде қолданылады.

Slide 26
Ұқсас жұмыстар
Рефлексті әсерлі қақырық түсіретін дәрілері
Фосфоорганикалық қосылыстардың тарихын, жіктелуі мен номенклатурасын игеру
Фосфорорганикалық қосылыстар. Препараттары- әсер ету механизмі, қолдану Хлорорганикалық қосылыстар
Улануды емдеудің жалпы принциптері
Пестициттер әсерінен туындайтын уланулар
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялықсанитариялық-токсикологиялық бағалау
Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар
Пестицидтер әсерінен туындайтын аурулар
Алма жасыл биті (Aphіspomі)
Уланудың патологиялық морфологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz