Электрокардиография және фонокардиография туралы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы:Электрокардиография және фонокардиография.
Орындаған: Куатбек М.М.
Тобы: ВМ-503
Жоспары
• Кіріспе
1. Электрокардиограа фия
• Негізгі бөлім
• 2.1. Электрокардиограмма (ЭКГ)
• 2.2. Қалыпты ЭКГ
• 2.2. Реполяризация үрдісі (Repolarization)
• 2.3. Фонокардиограмма (ФКГ)
Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер
Электрокардиогра
фия
Электрокардиограа фия — бұл
жүрек жұмысы кезінде
туындайтын электр өрістерін
зерттеу және тіркеу әдісі.
Электрокардиография
кардиологияда
қолданылатын
электрофизиологиялық
аспаптық диагностика әдісі
болып табылады.
Электрокардиографияның
нәтижесінде электрокардиог
рамма алынады.
Электрокардиограмма (ЭКГ)
— жүрек жұмысы
нәтижесінде туындайтын
және дененің бетінде
жүргізілетін потенциалдар
айырмасының графикалық
көрінісі.
Электрокардиограмма (ЭКГ):
• Электрокардиографияның
нәтижесінде электрокардиограмма алынады.
Электрокардиограмма (ЭКГ) — жүрек жұмысы нәтижесінде
туындайтын және дененің бетінде жүргізілетін
потенциалдар айырмасының графикалық көрінісі .
ЭКГ-дағы тізшелер:
Қалыпты ЭКГ:
• ЭКГ-да негізінен 5 тізшені ажыратуға болады: P, Q, R, S, T.
Кейде U толқынын да байқауға болады. P тізшесі
жүрекшелер миокардының қозу үрдісін көрсетсе, QRS
кешені — қарыншалар систоласын, ST сегменті және T
тізшесі қарыншалар миокардының реполяризация үрдісін
көрсетеді. U тізшесінің түзілу табиғаты жайлы
зерттеушілердің көрқарастары ажырайды. Бірқатары осы
тізшенің түзілуі папиллярлы бұлшық еттердің немесе
Пуркинье талшықтарының реполяризациясымен
сипатталады деп есептесе, басқалары – диастола кезінде
миокард жасушаларына калий иондарының кіруіменен
байланысты деп есептейді.
Реполяризация үрдісі
(Repolarization):
• Реполяризация үрдісі (Repolarization) —
жасуша мембранасынан әрекет
потенциалы өткеннен кейінгі осы
мембрананың тыныштығының
бастапқы потенциалы қалпына келу
фазасы.
Фонокардиограмма (ФКГ):
• Фонокардиограмма (ФКГ) диаграмма
ретінде жүрек дыбыстарын
(дыбыстарды) көрсететін
диагностикалық әдіс. ФКГ арқасында
құлаққа жазылмаған дыбыстарды
өзгерту кезінде осы нюанстарды ұстауға
болады.
• Бұл диагноз арқылы анықтауға болады:
• аортаның стенозын (тарылуы);
• атриогенерикулярлық тесіктердің атрии
және қарыншаны біріктіретін стенозын ;
• жүрек клапандарының патологиясын ;
ЭКГ әдісі бойынша зерттеудің диагностикалық
және теориялық негізі
• Қозудың жұмысын миокарданың аса көп клеткаларының
қамтуы осы клеткалардың бетінде теріс зарядтардың пайда
болуын тудырады. Жүрек қуатты электр генераторына айналады.
Жоғары электрлік ӛткізгіштігі бар дене ұлпалары жүректің
электрлік потенциалын дене бетінен тіркеуге мүмкіндік береді .
Электрокардиография әдісін 1901-1913жж. Виллем Эйнтховен
алғаш аса сезімтал қылды гальванометрді қолдана отырып ,
жүректің биопотенциалдарына тіркеу жасап, ЭКГ тісшелеріне
сипаттама жасады. Әрі қарай жүректің электрлік белсенділігін
зерттеуде бірқатар ғалымдар А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф.
Зеленин және т.б. Ұсынған әдістемелері бойынша ол
электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның көмегімен
тіркелетін қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады.
Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын
бағалауға және ЭКГ-ң ӛзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын
жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған
диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы
құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар
электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар
қозғалмалы қағаз жолағына жазылады.
• Егер электрокардиографиялық анықтамаларға нақты
талдау жасасақ, келесі бірқатар әдістерді мысалға
келтіруге болады:
• Графикалық емес тіркеу әдісі – ЭВМ анализі және тәуліктік
бақылау кезінде қолданылатын, сандық магниттік жазу түріндегі
биопотенциалдардың кӛлемін сақтау. Экрандағы қағазға
тіркелмеген мониторлық бақылау – электрокардиографиялық
зерттеу динамикасында олардың формасының ӛзгерістерін , және
элементтерін нақты өлшеуге мүмкіндік бермейді.
• Векторкардиоскопиялық әдісі - бойынша жүректің кеңістіктегі
электрлік векторының бағытын және кӛлемінің ӛзгерістерін
зерттейді. Бірақ, бұл әдісті қолдануда изоэлектрлік сызықтан
горизонтальді сегменттерін анықтау мүмкіндігі шектеулі .
Сондықтан, бұл әдіс ЭКГ- де тек қосымша анализ болып қала
береді.
• Жүрек биопотенциалы тікелей миокарда да
импульстің жүруімен және қозу процессімен , сондай -ақ
жанама түрде жүрек бұлшық етінің басқа да өзгеру
жағдайларымен сипатталады. Сондықтан оны тіркеу
аритмия диагностикасы үшін және жүрек жүйесінің
ӛткізгіштік қабілетінің бұзылуында бұл әдісті қолдану
маңызды орын алады. Сонымен қатар, жүректе
дистрофикалық процесстерді, қабыну, қан тамырларда
қан айналымның бұзылуы, гипертрофияда, ЭКГ
зерттеулерді жүргізе отырып, қажетт ақпараттарды
алуға болады, бірақ потологиялық жағдайлардың сол
немесе басқа формасын нақты анықтайтын басқа да
әдістердің көмегіне жүгіну керек.
• Жүрек – бұлшық еттік қуыс мүше, қуыстар (камералар)
мен клапандар жүйесі арқылы қанды қан айналым
жүйесіне айдайды. Адамда жүрек кеуде қуысы
орталығына жақын орналасқан. Өмір сүрудің барлық
уақытында жүрек артериялар мен капиллярлар
арқылы ағза ұлпаларына қан жүргізіп отырады. Жүрек
әрбір жиырылу барысында 60-75 мл қан айдап отырады,
бір минутта( минутына орта есеппен 70 рет жиырылады
деп алғанда ) - 4-5 л қан жүргізеді. 70 жыл ішінде жүрек
артық рет жиырылып,шамамен 156 млн. Литр қан
айдайтын көрінеді. Жүрек бұлшық еті екі түрлі
клеткадан тұрады- өткізгіш жүйелер мен жиырылу
миокарда клеткаларынан. Жүрек өзіне ғана тән
болатын бірталай қызметтерді атқарады:
• Автоматизм – жүректің қозу туғызатын импульстерді ӛндіре алатын
қабілеті. Жүректе сыртқы тітіркену болмаса да спонтанды белсенділікте
болып, электр импульстерін ӛндіруге қабілетті. Мұндай функцияға
жүректің ӛткізгіш жүйесінің клеткалары ғана ие. Олар ритм жүргізуші
клеткалар - пейсмейкерлер деп аталады (ағылшынша pacemaker -
жүргізуші). Жиырылғыш миокарданың автоматизм функциясы болмайды ,
ол электр импульстерінің әрекетімен жиырылады, бұл импульстер
пейсмейкерлерден келеді. Қалыпты кезде ең үлкен автоматизмге
синустық түйін жасушалары ие болады, ол оң жақ жүрекше алдында
орналасқан.
• Өткізгіштік - жүректің импульстерді олар пайда болған жерден бастап
жиырылушы миокардаға дейін ӛткізе алатын қабілеті бар. Қалыпты кезде
импульстер синустік түйіннен жүрекше алды бұлшық етпен жүрек
қарыншасына дейін өткізіледі.
• Қозушылық – жүректің импульстер ықпалымен қозуға қабілеттлігі.
Қозушылық қызметтерге ӛткізгштік жүйемен жиырлушы миокарда
жасушалары ие болған. Жүрек қозу кезінде электр тогы құралады, ол ток
электрокардиограммалар түрінде гальванометрмен тіркеледі (ЭКГ ).
• Жиырылғыштық - жүректің импульстер
ықпалымен жиырылу қабілеті. Жүрек өзінің
табиғатында насос болып табылады, қанды үлкен
және кіші қан айналым жүйесіне қарай жүргізеді
(насостық қызметті қамтамассыз етеді ).
• Рефрактерлік – жүрек циклының белгілі-бір
бӛлігін қоздырмауға алып келу қабілеті .
• Лабильдік – жиырылу күшімен жиіліктің ӛзгеруі.
• Гормондық белсенділік – жүрек алды қанға
толған кездегі натрий пептидтің бӛлінуі.
• Бұлардың ішінді ЭКГ әдісі бойынша жиырылу емес ,
электрлік құбылыстары тіркеледі .
• Жүрек циклі (кардиоцикл) екі фазадан - систола
мен диастоладан тұрады. Систола – жүрекше және
қарыншалардың миокарда жиырылуы тізбегінен
өтетін жүрек циклінің фазасы. Диастола – жүрек
қуыстарының кеңеюінің, мускулатурлалар мен
олардың қабырғаларының босаңсуына
байланысты жүрек циклінің фазасы. Бұл уақытта
жүрек қуыстары қанға толады. Систола және
диастоланың электрлік және механикалық екі
құраушысы бар. Электрлік құраушысы жүректің
өткізуші жүйесінде өтетін процесстерді білдіреді ,
ал механикалық құраушысы- жиырылушы жүйеде
өтетін процесстерді білдіреді.
Фонокардиография
Фонокардиография
Фонокардиография (жүрек үнін жазу ) — жүрек қызметінің
дыбысты көрінісін жазу тәсілі. Бұл жүрек аускультациясының
толықтырушысы болып табылады және құлақпен төмен немесе
мүлде естілмейтін дыбыстарды тіркеуге болады . Мысалы , lll-
ІУдыбыстар, I және II дыбыстардың бәсең компоненттерін ,
төмен жиілікті шуылдарды. Фонокардиография кезіңде
жүректің дыбыстық тербелістері фонокардиограф
аппаратының көмегімен қисық фонокардиограмма түрінде
тіркеледі (ФКГ). Ол микрофон , күшейткіш , жиілік фильтры
жүйесі және тіркеуші құрылымнан тұрады . Микрофон жиілік
фильтріне берілетін дыбыс тербелістерін қабылдап , мұны
электрлік белгіге айналдырып, күшейтіп отырады . Олар
дыбыстардың әр түрлі тербелуін жеке тіркейді : төмен , орташа
және жоғары жиілікте . Ал қалған тербелістер тіркегіш
құрылымға беріліп, оны қисық түрде жазып отырады . Жазу
сиямен қағазға түсіріледі немесе фотоқағазға жарық сәулемен
жазылады. ФКГ тыныштық күйде адамды жатқызып , тыныс
шығару фазасында, демді шығармай кідіру кезінде тіркеледі .
Микрофонды кеуде клеткасына аускультация кезінде жүрек
қақпақшаларының естілетін жеріне және дыбыс анық естілетін
қосымша нүктелерге қояды .
ФКГ-нің анализін және қорытыңды диагаозын тек аускультацияны ескере
отырып қояды. ФКГ-мен қатар ЭКГ-да жазылып отырады. Қалыпты ФКГ
тербелістерден тұрады, жүректің I және II дыбысын бейнелейтін систолалық
және диастолалық шуылға сәйкес келетін арасында түзу сызық орналасады.
Диастола кезінде бірнеше толқындар пайда болады, ол III жөне IV жүрек
дыбыстарын бейнелейді. I дыбыс жиілігі 70—150 Гц, Q синхронды жазылған ЭКГ-
дағы сермеден кейін пайда болатын бірнеше тербелістерден тұрады. I дыбыстың
басталу тербелістері - төменгі амплитудалы, жүрекшенің систоласымен
байланысты, негізгі орталық бөлігі жоғары амплитудалы 2—3 тербелістерін
көрсетеді. Олар S- тісшелеріне сәйкес келіп атриовентрикулярлық
қақпақшалардың жабылуынан пайда болады. I дыбыстың негізгі бөлігінің ізімен
миокард вибрациясы мен қан тамырлар компонентімен берілетін неғұрлым төмен
амплитудалы қосымша тербелістер тіркеледі. ФКГ-да тербелістер амплитудасы
тек жүрек жұмысына байланысты емес, сонымен қатар дыбысты өткізу
жағдайына да байланысты (мысалға семіздікте, эмфиземада дыбыс
амплитудасы кішірейеді). Бірінші дыбыстың амплитудасы жүректің ұшында ең
биіктікте болады, ол 1,5-2 есе екінші дыбыстан биік; жүректің түбінде бірінші
дыбыс аса биік емес. Жүрек ұшында I дыбысты сипаттағанда, мынаған назар
аударады: оның орталық бөлігі ЭКГ-да синхронды жазылған Q-сермелерден
қаншалықты қалып, қояды. Қалыпты жағдайда бұл аралығы (Q-Iдыбыс) 0,04-0,06
сек.-тан аспайды. Ол қарыншалардың қозуының басталуы жәнс қос жармалы
қақпақшаның жабылу уақытына сәйкес келеді. Сол жақ жүрекшеде қысым
жоғарылағанда (қос жармалы қақпақшаның тесігінің тарылуы) қос жармалы
ФКГ
ФКГ-да I және II дыбыстан басқа 2-3 төменгі жиілікті, төмен амплитудалы III
дыбыс тіркеледі, ол II дыбыстан 0,12-0,18 сек. кейін . синхронды ЭКГ-да Р -
сермесінің алдында орналасады . Өте сирек IV дыбыс Р -сермесінен кейін , 1-2
төмен жиілікті, аз амплитудалы тербелістер түріңде тіркеледі .
Жүрек-қан тамырлар жүйесінде , көбінесе жүрек ақауларында осы
ауруларды диагностикалау үшін ФКГ -нің маңызы зор . Ол аускультация
арқылы алынған мәліметтерді толықтыруға және дәл анықтауға
көмектеседі. Көбінесе тахикардияда , аритмияда жүрек циклының қай
фазасында пайда болатындығын анықтауға болады .
ФКГ жүрек дыбыстарының өзгеруін де тіркейді , олардың қосарланып
шығуын, жарықшақтануын дәл береді, қосымша дыбыстарды ,
физиологиялық lll және IV дыбыстарды қос жармалы қақпақшаның ашылуы
және шоқырақ ырғағында тындау кезінде естілген , өзгерген дыбыстарды
көрсетеді. Мысалға, I дыбыс амплитудасы сол жақ көк тамырдың
тарылуында жүрек ұшында жоғарылайды , ал қос жармалы қақпақша
қызметінің жетіспеушілігінде ол төмеңдейді . Қан қысымының көтерілуі
кезінде II дыбыс амплитудасы қолқа үстінде өкпе бағанасына қарағанда ,
жоғары болып тіркеледі.
Қос жармалы қақпақшасының тесігінің тарылуының диагностикасында Q S -
әріптермен жиі белгіленетін қос жармалы қақпақшаның ашылу
дыбысының маңызы зор. III дыбыстан айырмашылығы , ол II дыбыстан кейін
0,04—0,12 сек. өткен соң жоғары жиілікті каналдарда тіркеледі . II дыбыс -QS
аралығы, Q-l дыбыс аралығы сияқты сол жүрекшедегі қан қысымының
жоғарылауына байланысты болады . Қан қысымы қаншалықты жоғарыласа ,
соншалықты диастола фазасында қос жармалы қақпақша ертерек
ашылады, осыған сәйкес II дыбыс - QS аралығы қысқарады .
ФКГ жүрек шуларының сипаттамасын ажырата білуге
де көп көмегін тигізеді. ФКГ арқылы шулардын пайда
болу уақытын, айқын шығатын орнын, ұзақтылығын,
жиілігін, оның қасиетін айқындайды. Олар
шуылдарды жоғары және төменгі жиілікті
каналдарда, шуылдың басымды қарқындылығы
кезінде тіркеледі. Систолалық шуыл тербелісінің
жиілігі 50-600 Гц, диастолалық 120-800 Гц. ФКГ-да шуыл
систолалық және диастолалық үзіліс уақытында
пайда болатын әр түрлі амплитудалы тербелу
топтарымен көрсетіледі. Систолалық шуыл систола
фазасын түгел немесе бір бөлігін алып, I жөне II
дыбыстың ортасында немесе бірге тіркелуі мүмкін.
Систолалық шуылдың осцилляциясының пішіні —
ұршық, ромб және лента тәріздес болады. Осындай
түрлері жүрек ақауларын анықтауда үлкен көмегін
тигізеді. Мысалы, систолалық шуылдың ромб немесе
ұршық тәрізді түрі II дыбыспен қосылмаса, бұл қолқа
сағасының тарылуы болғаны.
Қорытынды
• Бұнда мынаған көңіл аудару керек!
Механикалық кардиоцикл, электлік
кардиоциклден кешігіп отырады, себебі
жүректің өткізуші жүйесінен электр импульсін
алып отыратын кардиомиоциттерге жиырылу
үшін уақыт керек. Сондықтан, ЭКГ электрлік
кардиоциклді ғана жазып көрсетеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Google.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz