Эмульсияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама туралы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Эмульсияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама

Орындаған: Куатбек М. М.

Тобы: ВМ-503

Slide 2

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

Эмульсиялардың дәрілік түр ретінде сипаттамасы. Анықтамасы.

Дәнндік эмульсиялар дайындау.

Майлы эмульсияларды дайындау ережелерi.

Эмульсияға дәрiлiк заттарды енгiзу.

Эмульсиялардың сапасын бақылау.

Эмульсиялардың бұзылуы мен айналуы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Эмульсиялардың дәрілік түр ретінде сипаттамасы.

Анықтамасы.

Iшуге арналған эмульсиялар - Emulsa ad usum internum. Дисперстiк фазасы және дисперстiк ортасы бiр бiрiнде ерiмейтiн немесе аз еритiн сұйықтықтардан тұратын микрогетерогендi жүйенi эмульсия деп атайды. ССРО МФ ХI басылымында эмульсияларға келесi анықтама берiледi: Эмульсиялар - бiр бiрiнде ерiмейтiн майда дисперстi жүйеден тұратын iшуге, сырт тәнге және парентералды қолдануға арналған сыртқы түрi бойынша бiртектi дәрiлiк түр.

Slide 4

Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т. б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады.

Slide 5 Slide 6

Дайындау әдiсiне және бастапқы шикiзаттарға байланысты эмульсиялар екi түрге бөлiнедi:

Slide 7

Дәнндік эмульсиялар.

Дәнді эмульсиялар майдаланған тұқымдардан ондағы суда еритiн компоненттердi және майларды сiрiндiлеу арқылы дайындалады. Егер жазылымда тұқымдардың мөлшерi көрсетiлмесе, онда 100, 0 г эмульсия дайындау үшiн 10, 0 г тұқым (1:10) алынады. Эмульсияны дайындаған кезде тазартылған тұқымдарды фарфор келiге салып, алынған шикiзаттың салмағының 1/10 бөлiгiндей сумен бiртектi ботқа тәрiздi масса түзiлгенше ысқылайды, содан соң бiртiндеп судың қалған мөлшерiн косады. Құтыны алдын-ала тарирлеп, эмульсияны екi қабат дәке арқылы сүзедi (эмульсия салмақпен дозаланады) .

Slide 8

Майлы эмульсиялар.

Майлы эмульсияларды дайындау ережелерi: егер жазылымда майдың атауы көрсетiлмесе, онда эмульсия бадам немесе шабдалы майымен дайындалады; рецептте майдың мөлшерi жазылмаса, онда 100, 0 г эмульсия дайындау үшiн 10, 0 г май алынады (1:10) ; эмульсияны келiде эмульгаторды маймен және сумен ысқылай отырып дайындайды; эмульсия технологиясы 2 сатыдан тұрады: бiрiншiлiк эмульсия алу және оны сумен сұйылту; бiрiншiлiк эмульсия алу кезiнде оны құрайтын компоненттердiң: майдың, эмульгатордың және судың мөлшерлiк қатынасын қатаң түрде сақтау қажет. 10, 0 г майға 5, 0 г желатоза алынады. Су май мен эмульгатор салмағының жартысындай мөлшерде алынады; бiрiншiлiк эмульсия дайындаған кезде эмульгатор мөлшерi оның табиғатына сәйкес таңдалады.

Slide 9

Эмульсияға дәрiлiк заттарды енгiзу.

Эмульсия құрамына кiретiн дәрiлiк заттар олардың фазаларда ерiгiштiгiне байланысты енгiзiледi.

полярсыз

полярлы

Slide 10

а) Суда еритiн заттарды бiрiншiлiк эмульсияны сұйылтуға арналған су бөлiгiнде ерiтедi.

б) Майда еритiн дәрiлiк заттарды (камфора, ментол, анестезин, тимол, майда еритiн витаминдер, гормонды препараттар) бiрiншiлiк эмульсия дайындар алдында майда ерiтiп алады. Эмульгаторды және бiрiншiлiк эмульсияға қажет судың мөлшерiн есептеген кезде, майлы фазаның (май + дәрiлiк зат) салмағының өсетiндiгi ескерiледi.

в) Суда да, майда да ерiмейтiн дәрiлiк заттар (танальбин, висмут тұздары, мырыш тотығы, магний тотығы және т. б. ) дайын эмульсия құрамына майда ұнтақ (суспензия) түрiнде енгiзiледi.

г) Майда еритiндiгiне қарамастан фенилсалицилат, бензонафтол дайын эмульсия құрамына суспензия түрiнде енгiзiледi. Егер оларды майда ерiтсе, антисептикалық әсерi төмендейдi. Осы екi дәрiлiк зат гидрофобты болғандықтан оларды тұрақтандыру қажет. Тұрақтандырғыш ретiнде желатоза, шайырлар немесе басқа БАЗ қолданылады.

д) Тұндырмалар, шырындар, сұйық экстрактар, спирттi ерiтiндiлер дайын эмульсияға сұйылтылған күйiнде қосылады.

е) Егер эмульсия құрамына эфир майлары енсе, онда тұрақты эмульсия алу үшiн, оларға бiрдей немесе екi есе мөлшерде эмульгатор алынады.

Slide 11

Эмульсиялардың сапасын бақылау.

Дайындалған эмульсиялардың сапасын басқа iшуге қолдануға арналған сұйық дәрiлiк түрлердiң сапасын анықтау көрсеткiштерi бойынша бағалайды. Сонымен қатар эмульсияға тән көрсеткіштер анықталады.

Эмульсиялардың термиялық тұрақтылығы. Эмульсиялар - тұрақсыз жүйелер. Қыздырған кезде жеңiл қабатқа бөлiнiп кетедi. Егер 50°С-қа дейiн эмульсияны қыздырған кезде ол қабатқа бөлiнбесе, онда эмульсия тұрақты деп есептелiнедi.

Тұтқырлығы. Бұл қасиет сырт тәнге қолдануға арналған эмульсияларға маңызды көрсеткiш болып саналады. Оны анықтау үшiн арнайы құрал (вискозиметр) қолданылады.

15 000 айн. /мин. жылдамдықта центрифугирлеу кезде эмульсиялар қабатқа бөлiнбеуi керек.

Бiртектiлiгi. Эмульсиялардың бiртектiлiгiн микроскоппен қарап анықтайды. Визуалды (қараусыз көзбен) қарағанда бiртектi тұрақты эмульсиялар сүт тәрiздi болуы керек.

Slide 12

Эмульсия алу үшін жазылған күрделі рецепт M. f. emulsum формуласымен аяқталады. Рецепт үлгілері:

Итке:

Rp. : Seminis Lini 40, 0 Rp. : Emulsi ex seminis Lini 400, 0

Aduae destillatae ad 400, 0 D. S.

M. f. emulsum #

D. S. Rp. : Emulsi semminis Lini400, 0

D. S.

Slide 13

Майлық (жалған эмульсия еmulsum oleosum) негізгі 3 компоненттен тұрады:

Slide 14

Майды сумен біркелкі араластыру үшін эмульгатур ретінде гуммиарбик (аравия ағаш шайыры), желатоза немесе жұмыртқа сарысын пайдаланады. Алынған материалдардың қарым-қатынасы мынадай болуға тиіс: эмульгатор 1 белок, май 2 бөлек және су 17 бөлек, яғни 5 процент эмульгатор, 10 процент май және 85 процент су. Демек 200, 0 эмульсия жасағанда аптека 10б0 эмульгатор, 20, 0 май және 170, 0 су алады.

Slide 15

Қандай эмульсия қанша мөлшерде керек екендігі көрсетіліп, майлық эмульсиялар көбінесе қарапайым рецепт ретінде жазылады, мысалы:

Қойға:

Rp. : Emulsi ilei Ricni 200, 0

D. S.

Бұл эмульсияға 20, 0 касторка кіреді. Егер эмульсияның кейбір компоненттерінің қатынасын өзгерту қажет болса, онда оның құрамына кіретін заттар түгелдей тізіліп жазылады. Ең тұрақты эмульсия 2 бөлек май мен 1 бөлек эмульгатордан жасалады:

Сиырға:

Rp. : Olei Ricini 20, 0

Gelatosae 10, 0

Aquae destillatae ad 200, 0

D. S.

Slide 16

Эмульсия құрамына бұдан басқа заттар кіретін жағдайда, фармакологиялық әсеріне қарап, оларды яки рецептінің басына яки аяғына жазу керек.

Қойға:

Rp. : Emulsi olei Ricini 100, 0

Olei Crotonis gut. 1.

M. D. S.

Егер майлық эмульсия жазбасында оны қандай майдан жасау керек екені көрсетілмесе, онда аптека миндаль немесе шапталы майын алады: бұл жағдайда рецепт былай жазады:

Шошқаға:

Rp. : Emulsi oleosi 200, 0

D. S.

Slide 17

Кәзіргі уақытта практикада ультраэмульсия деп аталатын, немесе дыбыстанған, яғни, секундіне 8 000 және одан да көп жылдамдықпен ультрадыбыстық тербеліс беретін установкада арнаулы тәсілмен жасалатын эмульсиялар қолданылады; олардың ішінде май өте ұсақ бөлшектерге ажыраған; мұндай эмульсияларды венаға жіберуге болады. Мысалы, камфора майының судағы ультраэмульсиясының - Emulsum Camphorae oleo-aduosum жазбасы белгілі; оған 2 процент камфора кіреді; оны 2 мл сыйымдылығы бар ампулаларға құйып венаға және тері астына жіберу үшін жасап шығарады. Ультраэмульсияларды қараңғы жерде бөлме температурасындай жылылықта сақтайды.

Slide 18

Жалпы сипаттама

Эмульсия - екі сұйықтың бір-бірінде еріген микрогетерогенді системасы. Эмульсиядағы дисперсті фаза да, дисперстік орта да бірдей агрегаттық күйде, атап айтқанда сұйық коллоидты система екен. Егер мұндай системаларды бірі екінші-сінде ерімейтін сұйықтар қүрайтын болса, онда ұзақ уақыт сақталады. Эмульсиялардағы дисиерсті фазаны құрайтын шар тәрізді бөл-шектердің өлшемі әр түрлі болады: кәдімгі көзге көрінетін бөлшек-тен бастап коллоидтық дәрежедегі дисперстілікке дейін эмульсия-дағы дисперстік фазаның бөлшектері көбінесе 0, 1 -10, 0 мкм ара-лығында болады. Сондықтан да оларды кәдімгі жай опгакалық микроскоп арқылы байқауға болады. Эмульсиялар да суспензия-лар тәрізді табиғат пен өндірісте кең таралған. Мысалы, сүт, жұ-мыртқаның сары уызы, қүрамында дисперстелген суы бар мұнай, каучук өсімдіктерінің шырыны, салқын күйдегі металды өңдеуге қолданатын техникалық эмульсиялар және басқалар. Полимер өндірісінде эмульсиялық полимерлеу әдісі қолданылады. Егер полимерлеу тек мономер басқа сұйықта еритін катализатормен тікелей түйіскенде ғана жүретін болса, онда осы шартқа сәйкес жағдай жасалады. Мұндайда өзінде катализаторы бар сұйықпен түйісетін мономердің беткі қабаты біраз артады да, оған орай болатын полимерлеу реакциясының жылдамдығы сонша есе артады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Эмульсияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Эмульсияларды дайындау технологиясы
Эмульсия. Эмульсияларды тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ
Дипломалды тәжірибе есебі
Арақ өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы
Мөлшерге бөлінген ұнтақтар
Суспензияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Шөптен сүрлем дайындау және дайындау технологиясы
Сүрлем дайындау технологиясы
Суспензияларға жалпы сипаттама және дайындау технологиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz