Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері



Қазақстан Республикасы азаматтық
құқығының негіздері
Орындаған: Карабаева Т.

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Азаматтық құқық туралы жалпы түсінік
2. 2 ҚР азаматтық құқық негіздері
2. 3 ҚР азаматтық құқық ғылымы
III. Қорытынды

Азаматтық құқық
Азаматтық құқық - ол тауар, ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
«Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы - цивильді құқық деп атаған.

Азаматтық құқықтың пәні болып мүліктік және мүліктік емес қатынастар табылады. Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі.
Мүліктік қатынастар деп әдетте, турлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер және басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.

Азаматтық құқық жүйесі бойынша 2 бөлімге бөлінеді.
Жалпы
Ерекше
Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік және өзге де заттық құқықтарды, міндеттемелік құқықтарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді қарастырады.
Ал, ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интеллектуалдық меншік құқығын, моральдық құқық және халықаралық жеке құқық қатынастарын зерттейді.

Азаматтық құқықтың салалары:
Заттық құқық
Материалдық құндылықтарды иелену процесіндегі қатынастар
Міндеттемелік құқық
Материалдық құндылықтардың ауысу процесіндегі қатынастар
Жеке мүліктік емес қатынастар
Жеке адамнан бөлек қаралмайтын материалдық емес құндылықтар туралы қатынастар
Интеллектуалдық меншік
Шығармашылық интеллектуалдық қызмет нәтижелері бойынша қатынастар
Мұрагерлік құқық
Мүліктің мұрагерлерге ауысуы туралы қатынастар

ҚР азаматтық құқық негіздері
ҚР 1994 жылы 27 желтоқсанында азаматтық кодексінің Жалпы бөлімі қабылданды.
1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енді.
Бұл өз мәнінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың ірі біріктіруі немеме жүйеленуі болып табылады.

Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып табылады.
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де
Мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге;
Мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға;
Республика аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты жер таңдауға;
Республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға;
Заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;
Дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп, заңды тұлғалар құру;
Заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу;
Материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады.

Қазіргі азаматтық құқықтың негізі - еркін бәсекелестік, соның арқасында жеке адамды заң тұрғысынан қорғау шаралары күшейді:

Азамат тегі мен есімін, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен міндеттер алады және оларды жүзеге асырады.
Заң бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайларды немесе бүркеншік ат(ойдан шығарылған есімді) пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін.
Азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған келтірілген зиян өтелуге тиіс.

Азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылады.
Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесінің бөлімдері:
Жалпы бөлім

Ерекше бөлім


Қазақстанда тұңғыш рет заңгер кадрлар дайындау курсы 1926 жылы Қызылорда қаласында ашылып, кейіннен ол 2 жылдық заң мектебіне айналды.
Кейбір үзілістеріне қарамастан бұл оқу ошағы 1954 жылға дейін заңгерлер дайындады.

Қазақстанның қазіргі азаматтық құқығына қатысты ағымдардың сипаты
Қазақ азаматтық ілімінің мақсатына мән беріп қарасақ, оның орыс азаматтық құқығының жолын таңдағанын көреміз. Сонымен қатар, англо-саксон мен континентальдық құқық жүйесінің нормаларына сүйену байқалады.
ҚР -ның саяси құқықтық ағымының азаматтық құқықты нарықты экономикаға бейімдеуге бағытталғаны белгілі. Бұл орайда азаматтық құқықтың қандай болуы керектігіне жауап беру және қандай талаптар дәрежесінен көрінуі керектігі күн тәртібінде тұр.
Еліміздің қазіргі азаматтық құқығы әлеуметтік әділеттілік, азаматтық құқықты әлемдік деңгейге көтеру және нарықты қатынастарды дұрыс ретту тәрізді ағымдармен сипатталалы деп ойлаймыз.

Әлеуметтік әділеттілік орта буындағы тапты қорғауды талап етеді. Алдыңғы қатарлы азаматтық заңдар экономикалық жағынан әлсіздерді қорғауға бағытталған. Әлсіздерді қорғау арқылы ауқаттылар мен кедейлер арасындағы күресті жұмсартуды мақсат етеді.
Әлеуметтік әділеттілік азаматтық құқықтың социалистік жүйесінде де өзіндік орын алады.
Әлеуметтік әділеттілік

Біздің қазіргі азаматтық құқығымыз күннен күнге тұлғаның дербестігінің өсуін қамтамасыз етуде, ал осы өсудің нәтижесінде жеке тұлғаның жалпы мүддеден шектеулі қатар жүріп келеді.

Азаматтық құқық обьектілерінің түрлері
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық обьектілері бола алады.
Мүліктік игіліктер құқықтарға:
Заттар
Ақша
Шетел валютасы
Құнды қағаздар
Жұмыс
Қызмет
Фирмалық атаулар
Тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады.

Азаматтық құқық обьектілері, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бір адамнан екінші адамға әмбебап құқықты мирасқорлық тәртібімен не өзге де әдіспен еркін беріледі немесе ауысады.

Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға:
Жеке адамның өмірі
денсулығы
қадір-қасиеті
Абырой
игі
атақ
іскерлік бедел
жеке өмірге қол сұқпаушылық
жеке құпия мен отбасы құпиясы
есім алу құығы
автор болу құығы
шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Жылжымайтын мүлікке жататындар:

Мемлекеттік тіркеу тәртібі және тіркеуден бас тарту негіздері қозғалмайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілені тіркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
Қозғалмайтын мүлікпен жасалатын мәміле мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Қозғалмайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмілені мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырушы орган құқық иеленушінің өтініші бойынша тіркелген құқық немесе мәміле туралы құжатқа жазба жасау арқылы тіркеуден өткендігін растауға міндетті.

ҚР АК 125 бабында интеллектуалдық меншік ұғымы берілген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz