Астықтың сызықты (сабақ) таты (Puccinia graminis): сипаттамасы, даму циклі және күресу шаралары


Slide 1

Астықтың сызықты (сабақ) таты

Орындаған: Зейнел Е.

Тобы: ЗР-208

Қабылдаған: Жунусова А.

Slide 2

Жоспар

1. Сабақ таты ауруларына жалы сипаттама

2. Таралуы

3. Қоздырғыштың систематикасы

4. Пайда болуына жағдай жасайтын фактолар

5. Даму циклі

6. Есепке алу әдістемесі

7. Зиян келтіретін фазасы

8. Күресу шаралары

9. Қорытынды

10. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Сабақ таты ауруларына жалы сипаттама

Сабақ таты ауруы негізінен бидай, арпа, тары, сұлы және т. б. дәнді дақылдарға зиян келтіреді. Олардың негізгі белгілері сабақтарының қоңыр сары жолақ даққа айналуы. Вегетацияның соңғы күндерінде сабақтарында және жапырақтың лептесіктерінің түйіндерінің арасында сұйықтықтар пайда болады. Вегетацияның соңғы күндерінде сабақтарда телиоспоралар пайда болады, олар эпидермисті жарып, сабақтан, жапырақтан, жапырақ лептесіктерінен шығады, осылайша сабақ қара түске айналады. Ақмасақтық байқалады.

Slide 4

Қоздырғыштың систематикасы:

Базидиомицет классы - Basidiomycetes;

Телиобазидиомицет класс тармағы - Teliobasidiomycetidae;

Тат қатары - Uredinales;

Пукциния тұқымдасы - Pucciniaceae;

Пукциния туысы- Puccinia.

Қоздырғышы - Puccinia graminis екі үйлі саңырауқұлақ.

Slide 5

Таралуы

Сабақ таты негізінен, Қиыр Шығыста, Солтүстік Қазақстанда, Солтүстік Кавказда, Украинаның батыс аймақтарында, Белоруссияда, Прибалтикада көптеп таралған.

Ауру республиканың барлық аймақтарында кездеседі, бірақ солтүстік бөлігінде - Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау және Ақмола облыстарында оның қаупі зор.

Slide 6 Slide 7

Саңырауқұлағы паразит әр иелі, толық циклді дамиды. Аралық иесі - бөріқарақат. Бөріқарақат жапырағының үстінде қоңыр дақ пайда болып, оның бетінде сары қоңыр түсті спермагонийлер, ал дақтың астыңғы жағында түсі ақшыл-сары диаметрі 2-5 мм цилиндр немесе кесе тәрізді эцийлер түзіледі. Эциоспоралар шар тәрізді, қабығы түссіз, ұсақ сүйелді, жоғарғы бөлігі қалыңдау. Бұл споралар астық дақылдардың сабағын залалдайды.

Slide 8

көктем

пикноспора

эциоспора

қыстауы

Сабақтағы телий

Сабақтағы урединий

телиоспора

жаз

Бөріқарақаттағы эций

Бөріқарақаттағы пукциния

базидиоспора

базидия

урединиоспора

Даму циклы (Puccinia graminis)

Толық емес цикл (жазда)

Slide 9

Залалданған бөлікте жергілікті жіпшұмақ дамып, оның үстінде урединий мен урединоспоралар түзіледі. Урединийлер қоңыр-қызыл түсті, пішіні сопақша (кейде 10 мм) көбінесе буын аралығында қатарласқан сызықшалар түрінде орналасады. Урединиоспоралар сопақтау, түсі сары-қоңыр, көлемі 26-40х11-13 мкм, қабығы қоңырлау, қалың (1-3 мкм), беті тікенекті. Ол су тамшысымен 3-30 С температура аралығында (қолайлы 20 С) өнеді.

Slide 10 Slide 11

Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ урединоспоралардың бірнеше ұрпағын береді. Алғашқы бір урединоспорадан миллиондаған спора түзілуі мүмкін. Вегетация соңында урединийлердің орнында телиоспоралары мен телий бөртпелер пайда болады. Телиоспоралары ұзын сабақты, екі клеткалы, ұзынша шоқпар тәрізді, көлемі 25-78х10-24 мкм. Жоғарғы бөлігі сопақтау, кейде тегіс, жуандау, қабығы жылтыр, түсі сары-қоңыр немесе қоңыр.

Slide 12

Телиоспоралары өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде жетіліп 9-29 С температурада (қолайлы 18-22 С) және 95-100% ылғалдылықта өнеді. Пісіп жетілген телиоспоралар ылғалды ортада 3-4 сағатта базидио мен базидиоспораларға айналады. Базидиоспоралар бөріқарақатты залалдайды. Олардың жапырағында спермагоний мен эцийлер түзіледі. Бұл саңырауқұлақ көпжылдық дәнді арамшөптердің тамырында урединий жіпшесі түрінде қыстап, көктемде урединиоспоралар беруі мүмкін.

Slide 13

Пайда болуына жағдай жасайтын фактолар

1. Күздік бидайдың ерте және жаздық бидайдың кеш егіліуі

2. Азотты тыңайтқыштың шектен тыс көп берілуі

3. Жылы күз, ылғалды, жылы ұзақ көктем.

4. Аурудың өткен жылы көптеп таралуы

5. Егістікте дәнді дақыл арам шөптерінің қаптауы

Slide 14

Даму циклі

Көктемде температура 9-29 °С және ауа ылғалдылығы 95-100 % болғанда телиоспоралар 3-4 сағат ішінде өсіп, базидиямен базидиоспоралар шығады. Олар ұшып, аралық иелері - бөріқарақатқа келіп қонады. Бұл өсімдіктердің жапырақтарында мамыр айында шар тәрізді біріккен, не жалғыздан диаметрі 130 мм болатын, қоңыр сары спермагонилер болады, олардан бір клеткалы споралар - спермаций пайда болады. Осыдан кейін барып, басқа спермогонилердің тозаңдану процесі жүреді, олар кейде жаңа саңырауқұлақ биотоптарының пайда болуына негіз болады.

Slide 15

Өсімдіктің сабағында, жапырағында, оның қынабында, масақша қабыршағында, мұртшаларында сопақтау қоңыр татты бөртпелер пайда болады.

Өсімдіктің өсуі кезінде саңырауқұлақ уредоспоралардың көптеген ұрпақтарын беруі мүмкін, ол аурудың тез қаптауына әсер етеді.

Ауру дамығанда эпидермис көп жерден (1500) жарылып Өсімдіктің су алмасу процесі бұзылып, сабақ мерзімінен ерте қурайды. Сабақ таты қатты дамығанда астық жапырылып, өнім 6-8% - ға кемиді.

Slide 16

Есепке алу әдістемесі:

Сызықты тат ауруын сабақ пен жапырақ қынабын қарау арқылы санайды. 100 га егіс алқаптарынан 20 үлгіден әрқайсысынан 10 өсімдіктен алады, одан үлкен алқаптарда қосымша ретінде 100 өсімдіктен үлгі алады. Өсімдікті түп тамырынан қарайды.

Slide 17

Зиян келтіретін фазасы

Сабақ таты ауруы күздік бидайдың ерте егісінде, жаздық бидайдың кеш егісінде көптеп кездеседі. Дақылдың масақтарының астындағы соңғы түйіндерінің арасы зақымдалған болса, өсімдік тұқымсыз болады. Не болмаса

дәннің түсімі азайып, солуы байқалады, дән жумсарады, нандық сапасы төмендейді. Өнім сапасы 60-80% төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ, сабақ таты ауруы, өсімдіктің су балансын бұзады, фотосинтезді төмендетеді, көмірқышқылының әсерін төмендетеді, өсімдіктің бойы қысқарып, өсуін тежейді. Өсімдіктің сабағында, жапырағында, оның қынабында, масақша қабыршағында, мұртшаларында сопақтау қоңыр татты бөртпелер пайда болады.

Slide 18

Күресу шаралары

1. Фосфор калийлі тыңайтқыштардың жоғарғы нормада берілуі, тұқымдардың микроэлемент-термен өңделуі (бор, магний, медь, марганец) .


Ұқсас жұмыстар
Дәнді дақылдардың сабақ таты ауруы: қоздырғышы, таралуы, зияндылығы және күресу шаралары
Дәнді дақылдардың сары таты: қоздырғышы, даму ерекшелігі және күресу шаралары
Құстардағы эхиностоматидоздар: қоздырғыштары, даму циклі, клиникасы және күресу шаралары
Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis): биологиялық сипаттамасы, таралуы және күресу шаралары
Картоптың сабақ нематодасы: сипаттамасы, биологиясы, ауру белгілері және күресу шаралары
Картоптың алтын түсті нематодасы (Globodera rostochiensis) және картоп ісігі (Synchytrium endobioticum): сипаттамасы, даму циклі және карантиндік-күрес шаралары
Азжылдық және көпжылдық арамшөптер: өкілдері, сипаттамасы және күресу шаралары
Гүлді дақылдардың карантиндік аурулары: бақытгүл аскохитозы, ақ таты және сүмбілшаш сары - қоздырғыштары мен карантиндік шаралары
Цитрус дақылдарының карантиндік зиянкестері мен аурулары: сипаттамасы және күресу шаралары
Қисық сызықты қозғалыс және шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыстың сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz