Күздік көбелек (Agrotis segetum): систематика, таралуы, биологиясы, зияны, есептеу әдістемелері мен күрес шаралары


Slide 1

Күздік көбелек -кеміргіш көбелектер тобының өкілі. Оның биологиясының ерекшелігі, зиянкестердің систематикасы, таралуы, биологиясы

Орындаған: Зейнел Е. Е.

Топ: ЗР-308

Тексерген: Искендирова Р. А.

Slide 2

Жоспар

•Күздік көбелек

•Күздік көбелекті даму фазалары

•Күздік көбелекті таралуы аймақтары

•Күздік көбелекті зияны

•Күздік көбелекті есептеу әдістемесі

•Қорытынды

•Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Күздік көбелек - Agrotis segetum.

• Дүниесі: Animalia

• Типі: Arthropoda

• Табы: Insecta

• Туыс: Lepidoptera

• Тұқымдасы: Noctuidae

• Тегі: Agrotis

• Түрі: A. segetum

Slide 4

Көп қоректі қабыршақ қанаттыларға қоңыр көбелектер немесе түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасының бірқатар түрлері мен қан көбелектері (Pyralidae) тұқымдасының біраз өкілдері жатады. Көп қоректі қоңыр көбелектер кеміргіш қоңыр көбелектер және жер үстілік немесе жапырақ кеміргіш қоңыр көбелектер болып 2 топқа бөлінеді.

Slide 5

Жұмыртқасы жарты шар тәрізді, диаметрі 0, 5 мм, үстіңгі жағындағы қырларының саны 16-20. Жаңа салынған жұмыртқаның түсі сүттей ақ, 2-3 күн өткен соң оның сыртқы қабығында қызғылт шеңбер пайда болады. Жұлдызқұрт шығар кезінде жұмыртқа қараяды. Күздік көбелектің денесінің ұзындығы 18 - 22 мм. VI жасар жұлдызқұрттың ұзындығы 52 мм-ге жетеді. Қазақстанда күздік көбелектер оңтүстікте жылына 3 рет, оңтүстік шығыста 2 рет, ал шығыста 1 рет жұмыртқалап көбейеді. Қуыршақтың ұзындығы 20 мм шамасында, түсі қызыл-қоңыр.

Slide 6 Slide 7

Ұрғашыларының мұртшалары жіңішке қылшық тәрізді, ал еркектерінікі жуанырақ келеді және тарақ тәрізді. Көктемде көбелектердің ұшуы, яғни қуыршақтан шығуы, орташа тәулік температурасы 15-17 С болғанда байқала бастайды. Олардың ұшуы ымырт жабылған кезде басталып, түн ортасында тоқталады. Ең қарқынды ұшу түнгі сағат 10-12 арасында. Әр ұрғашы көбелек өмірінде 200-ден 2000-ға дейін жұмыртқа салады.

Slide 8

Күздік көбелек жұмыртқасын бір-бірлеп немесе 3-5 топтап, жапырақ бетіне, қурап қалған сабаққа, немесе топырақ кесектерінің үстіне орналастырады. Жұлдызқұрттар алғашында сол жұмыртқадан шыққан жерде жапырақтың астыңғы бетінің жұмсақ тканін кеулеп жеп қоректенуін бастайды. Күздік көбелектің дамуы арам шөптермен тығыз байланысты. Көпшілік жағдайда көбелектер жұмыртқаларын арам шөптерге салады және жұлдызқұрттар алғашында солармен қоректеніп, соңынан дақылдарға көшеді.

Slide 9 Slide 10

Күздік көбелектің алдыңғы қанаттарының жалпы түсі ақшыл қоңырдан қара қоңырға дейін өзгеріп тұрады: бүйрек тәрізді, сына тәрізді және дөгелек таңбалар жіңішке қара сызықпен жиектелген. Артқы қанаттар ақшыл. Қанаттарының өрісі 40-50 мм. Көктемде олар қуыршақтанады. Жылына 3-4 ұрпақ береді. Ересек жұлдызқұрттар топырақ-тың жоғарғы қабатында қыстап шығады.

Slide 11 Slide 12

Көбелектің таралу аймақтары

Ресейдің европалық бөлігінің Қиыр солтүстігінен басқа аймақтарының барлығында, Күнгей Кавказ бен Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында таралған.

Slide 13 Slide 14

Қыстауы. Күздік көбелек. Дамуы аяқталған жұлдызқұрт фазасында топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығына қарай 5-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде орташа температура 10 С-тан жоғары көтерілгенде жұлдызқұрттар 5-6 см тереңдікте жер бесік жасап, сонда қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы ауа-райы жағдайына байланысты 2-4 жетіге дейін созылады.

Slide 15

Күздік көбелектің зияны

Көбелек ұрғашылары арамшөптердің түбіне 400 - 500 жұмыртқа салады. Ересек жұлдызқұрттар тереңдігі 10 - 25см топырақта қыстайды. Көктемде өсімдіктер көктей бастағанда, отамалы дақылдар көшеттеріне қауіп төндіреді. Жас жұлдызқұрттардың даму кезеңі мақта, қант қызылшасы, жүгері, бұршақ, темекі, бау-бақша, т. б. өсімдіктердің көктеген және көшеттер отырғызылған кездеріне сәйкес келеді. Жұлдызқұрттардың екінші, үшінші ұрпақтары жүгеріні, жоңышқаны, картопты, жазғы егістіктерді, түйнек және тамыр жемістілерді зияндайды.

Slide 16

Картопқа тигізер зияны өте көп.

Slide 17

Күздік көбелекті есептеу әдістемесі

Күздік көбелектерге есептеу жүргізу мақсатында оларды бақылау үш кезеңге бөлінеді: көктемдік, жаздық және күздік бақылау.

• Көктемдік бақылау күз кезінде көбелектің саны ең көп балған егістіктерге жүргізіледі. Топырақ зерттеу әдістемесінің қарапайым түрі қолданылады: 50x50см, сынама тереңдігі 15-20см. Нақты нәтижелерге жету үшін 50-ден кем болмайтындай жұлдызқұрттар жинайды. Жұлдызқұрттарды арнайы ылғалдандырылған топырағы бар ыдысқа салып, олардың даму динамикасына бақылау жүргізеді.

Slide 18

• Жаздық бақылау жүргізу барысында дақылдар мен көкөніс алқаптарының кем дегенде 10% қамтылу қажет. Топырақ сынамасының тереңдігі 5см. 1м² жерде 0, 2 жұлдыз құрт табылған жағдайда зақымдану мөлшері әлсіз, 0, 4-0, 6-орташа, 0, 8- болған жағдайда жоғары болып саналады.

• Күздік есептеу қыстап қалған жұлдызқұрттар санын білуге бағытталған. Олардың санын, жас мөлшерін және физиологиялық жағдайы анықталады. . Топырақ зерттеу әдістемесінің қарапайым түрі қолданылады: 50x50см, сынама тереңдігі 15-20см.

Slide 19

Күрес шаралары


Ұқсас жұмыстар
Күздік көбелек (Agrotis segetum): биологиясы, таралуы, зиянды фазалары және есептеу әдістемесі
Жұпсыз көбелек (Lymantria dispar L.): сипаттамасы, таралуы, зияны және күресу шаралары
Айқышгүлді дақылдардың бүргелері: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы және есептеу әдістемелері
Қазақстандағы азиялық және азиялық ұшпа шегірткелер: биологиясы, таралуы, есептеу әдістемелері және күресу шаралары
Күздік бидайдың қортық қаракүйе ауруының биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Карадрина (Spodoptera exigua): биологиясы, таралуы, өсімдіктерге зияны және күресу шаралары
Ас бұршақ дән қоңызының биологиясы, таралуы және санына есептеу әдістемелері (Қазақстан жағдайы)
Бидай трипсі (Haplothrips tritici): биологиясы, таралуы, зияны және күресу шаралары
Қырыққабат бітесі (Brevicoryne brassicae) және айқышгүлділер кандалалары (Eurydema spp.): таралуы, биологиясы және күрес шаралары
Американдық ақ көбелек, Комсток сымыры және картоп күйесі: карантиндік сипаттамасы мен күрес шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz