Қарым-қатынаc қызметтері


Slide 1

ОБСӨЖ

Тақырыбы:Қарым-қатынаc қызметтері

Орындаған:

Қабылдаған:

Тобы:

Түркістан-2018 ж.

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті

“Қоғамдық ғылымдар’’ кафедрасы

Slide 2

Адам дүниеге келісімен қоғамдық ортаға тап болады. Ол өседі, дамиды, қоғамдық-тарихи, мәдени өмір тәжірибелерін сіңіреді және өмірінің соңғы сәттеріне дейін сол ортада өткізеді. Қоғамдық ортада өмір сүру барысында адамда бірқатар қажеттіліктер, қиындықтар туындайды. Эволюция дамуында адамдар қиындықтарды жеңу үшін қарым-қатынас жасау арқылы бірлесіп әрекет етудің мәселені әлдеқайда жеңілдететінін түсінді. Қарым-қатынастың қажеттілігі, өзара әрекеттестік, өзара көмек көрсету кездейсоқ пайда болған жоқ.

Қарым-қатынас сипаты және қызметтері

Slide 3 Slide 4

Қарым-қатынас - күрделі үдеріс, яғни адамдар арасындағы өзара әрекеттесу, ақпарат алмасу, сонымен қатар серіктестердің бір-бірін қабылдауы мен түсінуі. Қарым-қатынастың негізгі субъектілері - адамдар. Сонымен қатар, қарым-қатынастың субъектілері ретінде басқа да тірі ағзаларды алуға болады, бірақ тек адамдар арасындағы қарым-қатынас саналы түрде жүзеге асып, вербалды және вербалсіз актілермен байланыстырылады.

Slide 5

Қарым-қатынас үдерісінде ақпаратты беруші - коммуникатор, ал ақпаратты қабылдаушы - рецепиент деп аталады.

Slide 6

Қарым-қатынасты бірнеше аспектілерге бөліп қарастыруға болады: мазмұны, мақсаты және құралдары.

Қарым-қатынас мазмұны - бір тірі ағзадан екіншісіне өзара түйісу (контакт) жағдайында берілетін ақпарат. Бұл ақпараттар субъектінің ішкі (эмоционалдық) жағдайы немесе сыртқы ортадағы қалыптасқан жағдайлар туралы болуы мүмкін. Дегенмен, қарым-қатынас субъектілері адамдар болып табылғанда ғана, ақпарат мазмұны алуан түрлі, мағыналы болып келеді.

Slide 7

Қарым-қатынас мақсаты - «қарым-қатынас актісіне не үшін қатысады?» Деген сұраққа жауап береді. Алғашқы аспектідегі қағида мұнда да сақталынады. Жануарлар әлемінде қарым-қатынас мақсаты олар үшін өзекті биологиялық қажеттіліктер шеңберінен шықпайды. Ал адамдар үшін сан алуан және жан-жақты бола отырып, әлеуметтік, мәдени, шығармашылық, танымдық, эстетикалық және тағы да басқа қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Slide 8

Қарым-қатынас құралдары - бір жанды ағзадан екіншісіне қарым-қатынас үдерісінде берілетін ақпараттардың түрлі шифрлермен қайта өңдеулер, хабарлау, кодтау тәсілдері болып табылады. Ақпаратты кодтау - хабарлаудың бір тәсілі. Адамдар арасындағы ақпарат алмасу сезім мүшелері, сөйлеу және т. Б. Белгі жүйелері, жазу, техникалық және сақтау құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Slide 9

Қарым-қатынастың үш негізгі сипаты бар, олар: коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік.

Коммуникативтік сипаты - адамдарды өзара белсенді ақпарат алмасуының алғышарттарына байланысты, дәлірек айтсақ, шарты, мақсаты және ниеті.

Интерактивтік сипаты - өзара әрекеттесудің жалпы стратегиясының құрылымына байланысты, яғни қарым-қатынастың серіктестік және бәсекелестік типтерінің болуы.

Перцептивтік сипатына басқа адам образының қалыптасу үдерісі кіреді, мұндағы басты ескеретін жайт адамның психологиялық ерекшеліктері мен қасиеттері.

Slide 10

Қарым-қатынас үдерісін зерттеуде қарым-қатынас қызметтеріне басты назар аударған жөн. Себебі бұл аумақта сан алуан пікірлер мен ойлар айтылады. Атап айтар болсақ, ресей ғалымы Б. В. Ломов қарым-қатынас қызметтерін көпқырлы дей отырып, оларды үш топқа бөліп қарастырады:

1. Ақпаратты-коммуникативтік;

2. Реттеуші-коммуникативтік;

3. Аффекті-коммуникативтік.

Slide 11

Алғашқы топқа ақпаратты беру-алу үдерістерін толық жатқызуға болады, себебі кез-келген берілген ақпарат міндетті түрде басқа да қарым-қатынас субъектілеріне жететіні анық.

Келесі топ мінез-құлықты реттеуші қызметті сипаттайды, яғни адам өз мінез-құлқымен қатар өз әрекетін реттеуге тырысады.

Ал үшінші, яғни аффекті-коммуникативтік қызмет тобы адамның эмоциялық аумағына байланысты, мысалы адам көңілі жабырқау бола қалса не беймаза күйге тап болса, ішкі сырымен, өз көңіл-күйімен, жағдайымен бөлісуге дайын тұрады.

Slide 12

Қарым-қатынас қызметтері ұғымын өз кезегінде А. А. Брудный тереңірек аша түсіп, негізгі қарым-қатынас қызметіне құралдық қызметті жатқызады. Оның көзқарасы бойынша, аталмыш қызмет түрі басқару үдерісі мен бірлескен еңбекте үлкен әсер етеді. Ал ғалым Л. А. Карпенко «қарым-қатынас мақсаты» критерийіне сай 8 қызмет түрін ұсынады:

1) түйісу - ақпаратты тасымалдауға дайындық жүргізу және өзара байланысуға жағдай туғызу;

2) ақпараттық - хабар, сонымен қатар ой-пікір және шешімдермен алмасу;

3) түрткілік - қатынас серігінің белсенділігін арттыру;

4) үйлестірушілік - бірлескен әрекетті ұйымдастырудағы өзара келісімге негізделу және бағытталу;

Slide 13

5) түсіністік - серіктестердің бір-бірін толық түсінуі;

6) эмотивтік - серіктестер қажетті көңіл-күй жағдайын туғызу және өз көңіл-күйін қажетті жағдайда өзгерте алуы;

7) қатынас орнату - индивидтің өзінің орнын, мәртебесін және ролін анықтауы мен сезінуі;

8) әсер ету - әріптестің мінез-құлқын, жағдайын, жеке-мағыналық білімдерін, соның ішінде ниетін, ұстанымдарын, пікірін, шешімдерін, қажеттіліктерін, әрекеттерін, белсенділіктерін өзгерте алу.

Slide 14

Сонымен қатар, кейбір әдебиеттерде қарым-қатынастың төмендегідей қызметтерін де көрсетеді. Олар: әлеуметтік және психологиялық қызметтері.

Әлеуметтік қызметі: бірлескен әрекетті ұйымдастыру, әрекетті және мінез-құлықты басқару, бақылаудан тұрады.

Ал психологиялық қызметі: тұлғаның психологиялық жағдайын қамтамасыз ету, қатынасқа түсуде қажеттілікті қанағаттандыру және өзін-өзі бекіту қызметтерін жүзеге асырады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психологиядағы тұлғааралық қатынастар мен қарым - қатынас мәселелері
Тұлғааралық қарым қатынас
Өмір жолы және болашақ маман имиджі
Педагогикалық қолдаудың жалпы түсінігі мен шеберлігі
Қарым - қатынас психологиясының жалпы сипаты
Өмірдің мәні мен кәсіби өзін - өзі анықтау психологиясы
Қарым -қатынас
Мәдениет тілі
Қазақ тіліндегі саяси метафоралар
Қылмыскер тұлға мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz