Ерік және оның сапалары: ырықты және ырықсыз әрекеттердің психологиясы


Slide 1

Тақырыбы: Ерік сапалары

Slide 2

Ерiк - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезiккен сыртқы жəне iшкi кедергiлердi жеңуiмен байланысты өз қылық əрекеттерiн қолдап, реттей бiлу қасиетi. Ерiк өмiрдiң ауыртпалық түскен жағдайларында белсендiлiк көтерiп, өзiн-өзi реттеудiң көзi болумен түгелдей сана басқарымында болады.

ЕРІК

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6

Ерiк күшiнiң қарқындылығы төмендегi жағдайларға тəуелдi:

1. Жеке адамның көзқарасы

2. Моральдық тұрақтылық

3. Қоғамдық мəндi мақсаттар.

4. Iс-əрекетке деген көрсетпе-талап

5. Жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы.

Slide 7

Ерiк əрекеттерiн орындауда адамның саналы əрi мақсатты қимыл-қозғалыстарын реттеушi екiншi сигналдық жүйенiң маңызы орасан. Екiншi сигналдық жүйе адамның қозғалыс қуатын арттырумен бiрге, барша психикалық процестерiнiң: ойлау, қиял, ес, зейiн, сезiм - бастау көзi. Осыдан, ырықты əрекет бас миы қабығының барша бөлiктерiнiң бiркелкi қызметiнiң нəтижесi ретiнде көрiнедi

Slide 8

Ерік сапалары

ЫНТАЛЫҚ

ДЕРБЕСТІК

Сенгіштік

Енжарлық

БАТЫЛДЫҚ

ТАбАНДЫЛЫҚ

ӨЖЕТТІЛІК

БАҚЫЛАУ

Slide 9

Ерік түрлері

Ырықты

Ырықсыз

Slide 10

Ырықты əрекеттер - ырықсыз қимыл - қозғалыстар негiзiнде пайда болады. Қарапайым ырықсыз қимылдар қатарына жататындар, мысалы, көзқарашығының тарылуы мен жайылуы, жыпылықтау, жұтыну, түшкiру ұқсаған рефлекстi əрекеттер. Ыстықтан қолды тартып алу, шу шыққан тарапқа бас бұру т. б. сияқты қозғалыстар да осы топтан. Бiздiң сезiмдiк, көңiл-күй таныту əрекеттерiмiз де ырықсыз сипатқа ие, мысалы, таңдана, қасымызды керемiз не ауызымыз ашылып қалады; қуана, күле шырай бiлдiрiп, ашуда қабағымызды түкситiп, тiсiмiздi қайраймыз т. с. с. Сонымен бiрге, əрекетiмiздiң жалпы мақсатынан тыс, ниеттенбеген импульстiк қозғалыстар да осы ырықсыз қимылдар тобына кiредi, мысалы, сырттағы шуға мойын бұру, қандай да затқа бiр көргеннен əуестену.

Slide 11 Slide 12

Ерiктiк қылықтың ерекшелiгi оның ''мен қалаймын'' емес, ''мен мiндеттiмiн'' толғанысының жетегiнде болуы. Дегенмен, кейде адам өзiнiң ерiктiк бағдары мен тума қылықтарын бiрiктiре алады, мысалы, "мен өз борышымды орындауды қалаймын" - "борыш" - ерiктiк, "қалаймын" - импульстiк. Осыдан, бiздiң барша өмiрiмiз ұдайы ерiктiк əрекеттер мен əдеттегi қылықтарымыздың өзара байланысты қатынасынан тұрады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы əрекеттер адамға тəн бола келiп, ниеттелген мақсатқа жетуге бағдарланады. Ерiктiк қылықтың басты көрсеткiшi де осы нақ мақсатқа бағытталған саналы əрекет.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Ерік: жалпы тұжырымдамасы, сапалары және тәрбиелеу әдістері
Жеке тұлғаның ерік жүйесі: түсінігі, физиологиялық негіздері және сапалары
Ерік-жігер және өзін-өзі реттеу психологиясы: теориялар мен шынықтыру әдістері
Ерік және өзін-өзі реттеу психологиясы: шешім қабылдау және стресс-менеджмент
Сезім мен эмоция: анықтамалар, функциялары және ерік-психологиясы
Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы: ерік актісінің құрылымы, шешім қабылдау және стресс-менеджмент
Ерік: теориясы, қасиеттері және дамыту жолдары
Ерік теориялары: философиялық және психологиялық көзқарастардың салыстырмалы талдауы
Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы: стрестің табиғаты, түрлері және төзімділік
Кәсіби маманның ерік-жігер қасиеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz