Саясат дегеніміз не Саясат не үшін керек Саясаттың қоғамға тигізетін ықпалы қандай


Slide 1 Slide 2

Барлық билік халықтан шығады. Бірақ оған ешқашан қайтып оралмайды

Габриэль Лауб

Егер сіз саясатқа араласпасаңыз, саясат сізбен араласады.

Шарль Монталамбер

Slide 3

Саясат дегеніміз не?

Саясат не үшін керек?

Саясаттың қоғамға тигізетін ықпалы қандай?

Slide 4

қоғамды дамытудың мақсаттарын, міндеттерін, бағыттарын анықтайды;

мақсатқа қол жеткізу үшін қоғамның әрекетін ұйымдастырады;

материалды және рухани игіліктерді бөліп таратады;

тәртіп ережелерін жасау және қоғамға ендіреді;

Slide 5

Қазақстан саясаты

Сабақтың тақырыбы:

Саясаттың функциясы, құрылымы мен түрлері.

Slide 6

Оқу мақсаттары:

Саясаттың рөлі мен қажеттілігін түсіну

Slide 7

11. 2. 2. 1 Қазақстан саясатының функциясын, құрылымын, түрлерін анықтау;

11. 2. 2. 2 Қазақстанның мемлекеттік билігін басқа елдермен салыстыру;

11. 2. 2. 3 Қазақстанның мемлекеттік аппараты мен органдарының құрылымын, қызметін, принциптерін талдау;

11. 2. 2. 4 Қазақстанның ішкі мемлекеттік саясатын зерттеу

Slide 8

Сайлау - азаматтардың ерік білдіру формасы, ол мемлекеттік және жергілікті билік органың құру мақсатында, заңдар аясында іске асырылады.

Таңдау - ерікті іске асыруда әртүрлі нұсқалардың болуы. Әр адам өз болашығын өзі құру үшін, мақсаттарға жету және қалауларын іске асыру үшін таңдаудың барынша көп болғаның қалайды.

Таңдау құқығы - адамның өмірінің ажырамас атрибуты. Ол адамға әр түрлі жағдайларда қандай шешім қабылдауды өзі шешуін анықтайды. Мемлекет әр азаматқа билік органдарына үміткерлерді таңдау құқығын, саяси партиялар мен олардың мемелекетті дамыту бағдарламаларын таңдау құқығын кепілдік береді.

Slide 9

Тура демократия - халық тікелей өзі негізгі шешімдерді ұсынады және қабылдайды; тікелей халықтың өз заң шығармашылығы.

Өкілдік демократия - халық биліктің негізгі көзі болып табылатыны мойындалады, бірақта мемлекетті басқару халық өзі сайлайтын өкілдік органдардың қолына шоғырланатын саяси режим.

Slide 10

Жалпыға бірдей сайлау құқығы - республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, сайлануға құқылы дегенді білдіреді.

Тең сайлау құқығы - Президент, Парламент, мәслихаттар депутаттары сайлануына тепе-теңдік негізде және әр сайлаушының бір дауысты ғана иеленіп қатысу құқығын білдіреді

Еркін түрде сайлауға қатысу дегеніміз - бұл азаматтың сайлауға қатысуына немесе қатыспауына және өзінің еркін білдіруіне ықпал етуге тиым салу деген мағынаны білдіреді

Жанама сайлау құқығы-Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы қатысады дегенді білдіреді. Аталған сайлауда халықтың еркіндігі жанама жолмен тікелей сайлау құқығы арқылы сайланған мәслихат депутаттарының, яғни таңдаушылардың дауыс беруі арқылы көрініс табады.

Төте сайлау құқығы дегеніміз - Рeспублика Прeзидeнтін, Парламeнті Мәжілісінің жәнe мәслихаттарының дeпутаттарын, жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлeрін азаматтар тікeлeй сайлайды

Жасырын дауыс беру - сайлауда сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.

Slide 11

Референдум(лат. referendum - хабарлануға тиісті нәрсе) - мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1990-1995 жж түрлі саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың туындап, саяси жүйе қалып­тасты

1

1989 ж. «Невада-Семей» - Қазақстан Халық Конгресі партиясы 1991 ж 5 қа­зан­да өткізілген партияның І съезінде бекітілді;

2

1991 ж 4 қыркүйекте Қа­зақ­станның Республикалық партиясы құрылып, 1999 жылғы 29 мамырда Аста­на­да өткізілген съезде оның атауы «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы болып өзгертілтілді.

3

1991 ж 7 қыркүйекте Қазақстан Коммунистік Партиясының атауына байланысты шешімге келмеді, 1991 ж қазанда Қазақстанның коммунистік және социалистік партиялары құрылды.

4

1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Әділет партиясы болып кейіннен құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды.

5

Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

6

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1991 жылы қазанда «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.

7

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.

8

1990 жылы «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.

9

1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды.

Slide 15

1990 ж. Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды

Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді.

САЯСИ ПАРТИЯ

Социалистік партия

Қазақстанның халық Конгресі

Қазақстанның республикалық партиясы

Коммунистік партия

ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР

Қазақстанның халық бірлігі одағы

Азат

Невада-Семей

11 республикалық ұлттық мәдени топтар;

300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар;

68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды.

1993 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА

Slide 16

1994 жылғы желтоқсанда

"Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”,

1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”,

1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”,

1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы”,


Ұқсас жұмыстар
Саясат дегеніміз не
САЯСАТ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР ЖҮЙЕСІНДЕ
Саясат және дін
Саясат философиясы
Социеталды бірлестік және мемлекет. Құқықтық жүйе
Билік түрлері
Салықтық саясаттың міндеттері
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
Саясаттану тарихы
Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz