Алабота тұқымдастары ( ( Chenopodium Chenopodium )




Презентация қосу
Алабота тұқымдастары
(Chenopodium)
Орындаған: Марденова Гауһар
Тексерген: Кауымбаева Эльмира
Алабота тұқымдастары.
Басым көпшілігі арамшөп түрінде белгілі
біржылдық және көпжылдық шөптекті өсімдіктер.
Шала бұталы кейде бұта кішкене ағаш түрінде
кездеседі. 1500-ге жуық түрлері бар. Алабота
тұқымдастар – кіндік тамырлы,көпшілігі көріксіз,
өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы
мен бұтағы бунақты болып келеді. Гүлдері ұсақ,
көзге бірден байқалмайды. Олардың түсі жасыл
жасыл немесе сары болып келеді. Тұқымын жел
немесе жануарлар таратады.
Алабота тұқымдасының формуласы: Т4А4Ж1
Алабота тұқымдастары
Ақ алабота - Chenopodium album
Сексеуіл - Haloxylon
Қызылша - Beta
Шпинат - Spinacia
Бұйырғын - Anabasis
Көкпек - Atriplex
сораң - Salsola
теріскен - Krascheninnikovia
Ақ алабота - Chenopodium
album
Өте кең таралған алабота тұқымдас
біржылдық арамшөп. Топырақтағы
қоректік заттарды, әсіресе азот, калий,
фосфорды кіндік тамырымен бойына
сіңіреді. Гүлі – ірі гүлшоғырлы, күлтесі
болмайды. Гүл формуласы – Т4А4Ж1
Ақ алаботаның пайдалы жақтары да
бар. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен
сақар алған және оны сабын жасауға
пайдалана білді.
Ақ алабота – Chenopodium
album
Сексеуіл - Haloxylon
Бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота
тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12
метрге дейін жетеді. Қазақстанда 3 түрі өседі.
Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және бұта
сексеуіл деп аталады. Сексеуілдің
гүлі ұсақ, қосжынысты – бірүйлі, қабыршақ
тәріздігүл жапырақтың қолтығында 4-тен
орналасады. Көктемде гүлдейді. Жемісі –
қанатты жаңғақша, қыркүйек-қазан
айларында пісіп жетіліп, қараша–желтоқсан
айларында жерге төгіледі.
Зайсандық сексеуіл -
Haloxylon ammodendron
Шпинат - Spinacia
Бір және екіжылдық шөптекті алабота
тұқымдастардың бір туысы. Бұлардың 3
түрі бар. Витаминдерге де бай:
А1,В1,В2,С және
РР болғандықтан,
асты дәмдеуге
өте пайдалы.
Бақша шпинаты – екі үйлі. Аталық
гүлінің формуласы: К4А4Ж0, аналық
гүлінікі:К0А0Ж (1)
Шпинат - Spinacia
Шпинаттың түрлері
Бұйырғын - Anabasis
Алабота тұқымдастардың
туыстастылар да қосжарнақты өсімдіктерге
жатады. Қазақстанда бұйырғын туысты
өсімдіктердің 17 түрі бар. Кәдімгі бұйырғынды
түйе, қой-ешкі, жылқы жейді. Алайда
жапырақсыз бұйырғын немесе итсигек
деген түрі өте улы.
Бұйырғын - Anabasis
Қызылша – Beta
Алабота тұқымдастарға жататын бір, екі,
көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы.
Қызылша туыстастың 6 түрі бар. Кәдімгі
қызылша–қызылшаның мәдени түрі. Оған
Асқаналық қызылша, малазықтық
қызылша, қант қызылшасы қамтылады.
Қант қызылшасы республикамызда
Талдықорған, Жамбыл облыстарында
өсіріледі. Етті, жуан тамыры жемтамыр
деп аталады.
Қант қызылшасы - Beta
vulgaris
Назарларыңызға
рахмет!!!
Орындаған: Марденова Гауһар
Тексерген: Кауымбаева Эльмира

Ұқсас жұмыстар
Ақ алабота (лат. Chenopodium album)
Көкнәр,алабота тұқымдастары
Көкнәр, алабота тұқымдастары. 6-сынып
Қосжарнақтылардың тамыры
АЛКАЛОИДТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
АЛКАЛОИДТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Алкалоидтардың бастауы ретінде
ҚАРА САБЫНДЫ ҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН АЛУ
АЛАБОТА туралы
Даражарнақты класы
Пәндер